68
Сортаралық және түраралық будандастыру кӛмегімен
дәнді
дақылдардың, бұршақ дақылдарының,
картоптың, күнбағыстың, тағы
басқа да дақылдардың ең қауіпті деген ауруларға тӛзімді кӛптеген
сорттары шығарылды.
Кейбір түрлер ӛзара шағылыспайтын болса «аралық» түрлерді
пайдаланады: ӛзара шағылыспайтын түрлердің әр қайсысы үшінші бір
түрмен шағылыстырылып, одан алынған буданды ӛзара
немесе қайтадан
бастапқы бір түрмен шағылыстырады.
Қандай жолмен алынса да будан ӛсімдіктерді ауру қоздырғыш мол
және олардың дамуына қолайлы болған жағдайда сынайды.
Кейін
кӛбейтуге ауруға тӛзімді, шаруашылық тұрғыдан құнды ӛсімдік
формалары сұрыпталып алынады.
Сұрыптау. Бұл кез келген будандастыру кезінде қолданылатын
тәсіл. Алайда оны ӛз бетінше де тӛзімді сорттар алу үшін
пайдалануға
болады. Ауыл шаруашылық дақылдарының кӛптеген сорттары біртіндеп
сұрыптау арқылы алынған. Ол әсіресе айқас тозаңданатын ӛсімдіктер үшін
тиімді, себебі олардың ұрпағы гетерозиготалы популяцияға жатады.
Аталған тәсілдермен қатар ауруға тӛзімді сорттар шығару үшін
мутагенез, гендік инженерия және т.б. тәсілдері де
селекциялық мақсатта
кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: