Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет52/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

Физиологиялық факторлар. Патогендердің ӛсімдік ағзасының 
бойына енуіне клетканың жоғары осмостық қысымы, патогендердің негізгі 
ӛсімдік бойына енетін негізгі жолы – жара ауызының – бітуін қамтамасыз 
ететін (жара перидермасының түзілуі) физиологиялық үрдістер 
жылдамдығы әсер етеді. Сонымен қатар, онтогенездің жеке кезеңдерінің 
ӛту жылдамдығының да ӛсімдіктің ауруға шалдығу дәрежесіне маңызы 
бар. Мысалы, бидайдың қатты қара күйе ауруының қоздырғышы тек жас 
ӛркенге ғана ене алады, сондықтан тез және біркелкі кӛктейтін бидай 
сорттары бұл ауруға аз шалдығады.
Механикалық 
тосқауылдар 
қатарына 
ӛсімдіктің 
клетка 
қабықшасының қалың болуы немесе ӛсімдік клетка қабықшасында 
паразиттердің ферменттері ыдырата алмайтын лигниннің болуы жатады.
Ӛсімдік ұлпаларында патогендердің дамуына қажетті заттардың 
болмауы (немесе жеткіліксіз болуы). Кез келген ӛсімдік ұлпасы патоген 
үшін паразиттік тіршілігіне қажетті субстрат болып табылады. Әдетте суы 
мол, кӛмірсулар мен амин қышқылдарына бай ӛсімдік ұлпасы кӛбіне 
ауруға жиі шалдығады. Онтогенездің белгілі бір даму сатыларында 
патогеннің дамуына қажетті кейбір заттардың әлі түзілмеуі, немесе 
метаболизм нәтижесінде ӛзгеріске енуі ӛсімдік ағзасының ауруға 
тӛзімділігін арттырады. Мысалы, Fusarium graminearium Schw. 
саңырауқұлағы астық тұқымдас дақылдар ұлпасында холин және бетаин 
тектес заттар болса ғана паразиттік тіршілік етеді. Ал бұл заттардың кӛбі 
тозаң қапшығында болады, сондықтан дақыл масағы фузариозға гүлдеу 
кезеңінен кейін шалдығады.
Ингибиторлар. 
Ингибиторлар 
– 
ӛсімдік 
ұлпаларының 
клеткаларының құрамында болатын немесе залалдануына қарсы реакция 
ретінде синтезделетін, патогендерді ағзалардың дамуына тосқауыл 
болатын қосылыстар. Бұндай қосылыстар қатарына кейбір ӛсімдіктердің 
бойында түзілетін ӛсімдік уы – фитонцидтер жатады. Бұл қосылыстар 
химиялық табиғаты әр түрлі, ӛсімдік ағзасының туа біткен ауруға 
қабілеттілік қасиеті. Ол ӛсімдіктің пассивті иммунитет факторы болып 
табылатын заттар. Фитонцидтер кӛп мӛлшерде пияз, сарымсақ, кәдімгі 
қара мойыл, эвкалипт, лимон т.б. дақылдар ұлпаларында ӛндіріледі. 
Алкалоидтар – ӛсімдіктер бойында түзілетін, құрамында азот бар 
органикалық заттар. Бұл заттарға әсіресе бұршақ, кӛкнәр, кейбір алқалылар 
мен астра тұқымдас ӛсімдіктері бай келеді. Мысалы, картоптың құрамында 
болатын соланин және қызанақта болатын томатин кӛптеген патогендерге 
уытты болып келеді. Ӛсімдік ағзасының бойында ауру қоздырғыштардың 
дамуын сондай-ақ фенолдар, эфир майлар және бірқатар қосылыстар 


65 
баяулата, немесе тоқтата алады. Бұл аталған барлық ингибиторлар тобы 
интактты күйде (сау ұлпаларда) әрдайым ӛсімдік ағзасының бойында 
болады. 
Ӛсімдік ағзасына патоген еніп, даму кезінде ӛсімдік бойында 
синтезделетін индукциялық заттар фитоалексиндер деп аталады. 
Химиялық құрамы бойынша фитоалексиндер тӛменгі молекулалық заттар, 
олардың кӛбіне фенолдық табиғат тән. Ӛсімдіктің залалдануға сезімталдық 
дәрежесі олардың фитоалексиндерді ӛндіру қарқындылығына байланысты 
болатыны анықталды. Бүгінгі күні ӛсімдіктердің бойында синтезделетін 
фитоалексиндердің кӛбі анықталды. Мысалы, фитофтороз ауру 
қоздырғышымен залалданған картоптан – ришитин, любимин, фитуберин 
бӛлініп алынса, ас бұршақтан – пизатин, сәбізден – изокумарин бӛлініп 
алынды. Ӛсімдіктердің фитоалексиндерді түзу қабілеті – пәрменді 
иммунитет қасиетіне жатады. 
Пәрменді иммунитет қатарына ӛсімдік ағзасыны ферменттік 
жүйесінің, 
мысалы 
тотығу 
ферменттерінің 
(пероксидаза, 
полифенолоксидаза) түзілу қарқындылығының артуы жатқызуға болады. 
Осылайша түзілетін тотығу ферменттері ауру қоздырғыш ағзаларының 
гидролиздік ферменттерін инактивциялауға және патогендер уының уытын 
жоюға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет