Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


Агротехникалық тәсіл. Ауыспалы егістік



Pdf көрінісі
бет57/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

Агротехникалық тәсіл. Ауыспалы егістік – егістікте патогендердің 
жинақталмауының 
алдын 
алатын, 
ӛсімдік 
қорғаудың 
маңызды 
агротехникалық тәсілдерінің бірі. Нақты ауыспалы егістікті құрарда ең 
алдымен ауру қоздырғыштарының биологиясы мен олардың топырақта 
сақталу ұзақтығын есепке алады. Дақыл бір танапқа қайта себілу мерзімі 
топырақтағы патогендік бастамалардың тіршілігін тоқтатпастан ерте 


71 
болмауы қажет және бір патогенмен зақымданатын дақылдар ауыспалы 
егістікте бір кезекте болмауы тиіс. Мысалы, киламен зақымданған 
қырыққабаттан соң шалқанды, мал азықтық шалқанды,
тарнаны және 
басқа да крест гүлділерді отырғызуға болмайды. Ауыспалы егістікте 
картоптан соң қызанақ немесе керісінше орналастыруға болмайды, себебі 
бұл екі дақыл да фитофтороз ауруына шалдығады (P.infestans). Сонымен 
қатар бір дақылдың тауарлық және тұқымдық мақсатта ӛсірілетін 
танаптары арасында кеңістік изоляциясын сақтаудың маңызы зор.
Топырақ өңдеу. Аңызды қопсыту (лущение), ерте терең сүдігер 
жырту сияқты топырақ ӛңдеу тәсілдері, сапрофитті және патогенді 
ағзалардың антагонистік микрофлорасының дамуы нәтижесінде ӛсімдік 
қалдықтарында сақталатын ауру қоздырғыштардың жетілуіне кедергі 
келтіреді. Отамалы дақылдар танабының күтіп-баптау (тырмалау, қатар 
аралығын қопсыту, түптеу) кезінде арам шӛптер жойылып, топырақтың 
физикалық қасиеттері жақсарып, ӛсімдіктердің ӛсіп жетілуіне қолайлы 
жағдай туады. Бұл олардың патогендерге тӛзімділігін арттырады.
Тыңайту. Тыңайтқыштарды дұрыс қолданбау (ӛлшемсіз немесе 
мезгілсіз) ӛсімдіктердің ауруға тӛзімділігінің тӛмендеуіне себепкер 
болады. Мысалы, азотты бір жақты немесе шамадан тыс мӛлшерде 
қолданған жағдайда бидай тат ауруына кӛбірек шалдығады, ал фосфор 
және калий тыңайтқыштары және микроэлементтер аурудан қорғаныш 
ролін атқарады. Мыстың азғана мӛлшері картоптың фитофтороз ауруына 
шалдығуын тӛмендетеді, құрамында бор бар тыңайтқыштар қызылшаның 
ӛзегінің шіруін болдырмайды. Астық дақылдарының тұқымын молибден 
тұздарымен мен ӛңдеу олардың тат, қара күйе және т.б. аурулары 
тӛзімділігін арттырады. Қышқыл топырақтарды ізбестеу қырыққабаттың 
кила және қара сирақ ауруларымен залалдануын тӛмендетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет