Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет55/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

8.5 Тӛзімділіктен айрылу себептері 
Жоғарыда 
айтылған 
селекциялық 
жолмен 
алынған 
ауыл 
шаруашылық дақыл сорттары әр заманда да тӛзімді болып қалмайды. 
Нақты бір аймақта дақыл сорттарын ӛсіріп, біраз уақыт ӛткен соң тӛзімді 
сорттардың ӛздері де ауруға шалдығуы мүмкін. Дақылдың тӛзімді 
сорттарының біраздан соң ауру қоздырғышының патогендік қасиетінің 
ӛзгеруінің немесе ӛсімдіктердің иммунологиялық қасиетінің бұзылуының 
нәтижесінде ауруға тӛзімділігі біртіндеп тӛмендейді, немесе мүлдем 
жоғалады. Сезімталдығы ӛте жоғары сорттардың ауруға тӛзімділік 
қасиетінен айрылуы патогеннің вируленттігі басымырақ жаңа нәсілдерінің 
немесе комплементарлы гендердің пайда болуына байланысты болады. 
Тӛзімділігі моногенді сорттар патогеннің жаңа нәсілдерінің кӛбеюіне 
байланысты залалдануы біртіндеп артады. Сондықтан да селекцияда тек 
қана сезімталдығы ӛте жоғары сорттарды қолданудың болашағы жоқ. 
Патогендердің жаңа нәсілдерінің пайда болуының бірнеше себептері 
бар: 
1. Мутация. Патоген ағзасының вируленттік қасиетінің ӛзгеруіне 
себепші болатын басты фактор – мутация. Бұл ең жиі кездесетін себебі. 
Мутациялар әр түрлі мутагендік факторлардың әсерінен болады. Олар 
фитопатогендік саңырауқұлақтарға және бактерияларға тән. Ал вирустар 
үшін мутация – ӛзгергіштіктің жалғыз ғана себебі. 


69 
2. Генетикалық тегі бойынша әр түрлі микроағзалар особтерінің 
жыныстық үрдіс нәтижесінде будандасуы (гибридизация). Бұл негізінен 
саңырауқұлақтарға тән; 
3. Гетерокариоз 
немесе гаплоидты клеткалардың ядролық 
әркелкілігі. Саңырауқұлақтардың ядролық әркелкілігінің пайда болу 
себептері – жеке ядролар мутациясы, ядролардың сапасы әркелкі 
гифтерден анастозалардың (гифтердің тұтасып ӛскен бӛліктері) бойымен 
кӛшуі және ядролардың қосылып, одан соң бӛлінуі кезінде гендер 
комбинациясы пайда болуы (парасексуалды үрдіс). Жыныстық үрдісі 
болмайтын жетілмеген саңырауқұлақтар класы үшін ядролардың 
әркелкілігі мен парасексуалды үрдістің маңызы ерекше. 
Бактерияларда мутациядан басқа трансформация құбылысын да 
байқауға болады. Трансформация кезінде бактериялардың бір штаммының 
бӛліп шығарған ДНК молекуласы басқа штамм клеткаларымен сіңіріледі 
де, олардың геніне кіреді. Ал трансдукция кезінде хромосоманың жеке 
сегменттері бактериофаг кӛмегімен бір бактериядан екіншісіне кӛшеді. 
Микроорганизмдердің жаңа нәслідерінің пайда болу үрдісі ұдайы 
жүріп тұрады. Алайда түзілетін нәсілдердің басым кӛпшілігі даму 
пәрменділігінің тӛмендігінен немесе маңызды белгілерінің болмауынан 
бәсекелестікке шыдамай бірден ӛліп қалады. Патогендер популяциясында 
дақылдардың сорттары мен түрлері тӛзімділігінен басым болатын 
вируленттігі жоғары патогендер сақталады. 
Сонымен қатар, дақыл сорттарының иммунологиялық қасиеттерінің 
ӛзгеруі ӛсу жағдайларына да байланысты болады. Сондықтан дақыл 
сорттарын белгілі бір аймақта аудандастыру үшін, алдымен сол болашақта 
аудандастырылмақ аймақта міндетті түрде иммунологиялық сынау 
жүргізілуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет