Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет65/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

Бидайдың тозаңды қара кҥйесі. Ауру бидай ӛсірілетін барлық 
аймақтарға таралған, әсіресе республиканың негізгі астық ӛндіретін 
аймақтары – солтүстік, шығыс және батыс аймақтарында бидайға қатты 
залал келтіреді. 
Кесел белгісі дақылдың масақтану кезеңінде байқалады. Гүл 
бӛліктерінің және масақшалар қауызының ыдырап, телиоспоралардан 
тұратын қара масса түзілуінің нәтижесінде залалданған ӛсімдіктердің 
масақтары күйген сияқты күйге енеді. Қылтанақты бидай сорттарының 
қылтанақтарының пішіні ӛзгеріп, бұратылып қалады. Тек масақ ӛзегі ғана 
сау қалады. 
16-сурет. Бидайдың тозаңды қара кҥйе ауруының даму сызбасы: 
1 – залалданған масақ; 2 – сау масақтың гүлі; 3 – гүл ішіндегі 
саңырауқұлақ споралары4 – споралардың ӛнуі; 5 – заладалған дәнек және 
оның ұлпасындағы саңырауқұлақ мицелийі (жіпшумағы); – залалдалған 
тұқымның ӛнуі; – тұқым ӛскінінде саңырауқұлақ мицелийінің (М) ӛнуі 
Залалданған жапырақ қынабынан шығарда масақ телиоспоралар 
массасы жұқа мӛлдір қабықшамен қапталған. Жарыққа шыққан бойда бұл 


83 
қабықша тез арада ыдырап телиоспоралар жан-жаққа шашылады. (16-
сурет). 
Ауру қоздырғышы – Ustilago tritici Jens. саңырауқұлағы. 
телиоспоралары ұсақ, кӛбіне шар тәрізді, кейде сопақша немесе бұрышты 
да болуы мүмкін, зәйтүн-қоңыр түсті (диаметрі 5-9 мкм), сыртқы қауызын 
ұсақ тікен басқан (15-сурет).
Бидайдың тозаңды қара күйе ауруының қоздырғышымен залалдануы 
гүлдеу кезеңінде жүреді. Телиоспоралар ӛсімдіктің гүл аналығына түсіп, 
ӛніп, тозаң түтікшесімен, немесе ӛз бетінше гүл жатынына дейін жететін 
диплоидты жіпшелер түзеді. Саңырауқұлақ жіпшелері жатынға оның 
қабығы арқылы да ене алады. Осылайша енген қоздырғыш дән түзілгенде 
тұқым ұрығына еніп, тұқым қабығы – перикарпийде, немесе эндоспермде 
сақталады. Қоздырғышпен залалдалған тұқымның сырт кӛзге сау 
тұқымнан ӛзгешелігі жоқ. Осы күйде тозаңды қара күйе саңырауқұлағы 
тіршілікке қабілетін 3 жылдан астам уақыт сақтай алады.
Кӛктемде себілген тұқым ӛнгенде, оның бойындағы саңырауқұлақ 
жіпшумағы да ӛсе бастайды. ӛсімдік бойымен диффузды түрде таралып, 
саңырауқұлақ жіпшесі кейде жас жапырақтарға дейін жетеді. Бидай 
масағының жетілуі кезінде саңырауқұлақ жіпшелері қарқынды дамып, 
жуандап пішінсіз масса түзеді. Кейін олардан телиоспоралар түзіледі. 
Осылайша тозаңды қара күйе ауруының қоздырғышының ӛсіп-ӛнуі 
екі вегетация бойына жүреді: бірінші жылы гүл жатынының залалдануы 
(гүлдеу кезеңінде), екінші жылы – кеселдің дамып-жетілуі (масақтану 
кезеңі). 
Дақылдың гүлдеу кезеңінде ауа ылғалдылығы жоғары (60-80%) және 
температураның 
жоғары 
деңгейде 
(20-25°С) 
болуы 
залалдану 
қарқындылығын арттырады. Ауа температурасы 7-8°С-қа дейін тӛмендесе 
санырауқұлақтың дамуы тежеледі, сондықтан қар түсер алдында егілген 
күздік пен жаздық бидай ауруға аз шалдығады. 
Тозаңды қара күйе аса зиянды кесел. Бұл дертке шалдыққан 
ӛсімдіктің ӛсу қарқыны баяулап, түптенуі нашарлайды. Ал масағы түгел 
жойылады. Сонымен қатар аурудың жанама шығыны да болады: кей 
ӛсімдікгер ауру жойылмайды, алайда олардан түскен ӛнімнің сапасы 
тӛмендеп, мӛлшері азаяды, басқа ауруларға тӛзімсіз келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет