72
мүшелерінде де әсер етеді. Саңырауқұлақ ауру қоздырғыштарына қарсы
қолданылатын контактты әсерлі фунгицидтер қатарына бордос сұйығы,
мыстың
хлорлы тотығы, каптан, купрозан және т.б. жатады; ал жүйелі
әсерлілер қатарына – бенлат (фундазол), байтан-универсал, беномил, тилт,
ридомил және т.б. жатады. Фунгицидтер ылғалды ұнтақ (ЫҰ), эмульсия
концентраттары (ЭК), пасталар, гранулды препараттар,
ұнтақтар, су
ерітінділері (СЕ), концетрлі суспензиялар (КС), аэрозолдар, ультра аз
кӛлемді бүркуге (УАБ) арналған ерітінділер.
Қолдану сипатына қарай фунгицидтер 4 бӛлінеді:
тұқым дәрілеуге
қолданылатын;
ӛсіп тұрған ӛсімдіктерді ӛңдеуге қолданылатын;
түгел жоятын;
топырақты зарарсыздандыру үшін қолданылатын.
Тұқымдарды дәрілеу олардың бетіндегі немесе бойындағы ауру
қоздырғыштармен ӛсімдік кӛгінің және ересек ӛсімдіктердің залалдануын
болдырмайды. Тұқымдарды дәрілеудің үш түрлі тәсілі бар: жартылай
құрғақ, дымқыл тәсіл және арнайы тұқым бетіне ӛңез қабатын түзетін
заттарды пайдалану арқылы. Қай тәсілін қолданғанда да препарат тұқым
бетін тұтас жабуы қажет. Ӛсіп тұрған ӛсімдіктерді ӛңдегенде
ерітінді
немесе суспензия күйіндегі препарат ӛсімдік бетіне біркелкі тарауы қажет.
Фунгицидтерді, оларды қолдану мерзімін және тәсілін таңдау ауру
қоздырғыштарының биологиялық ерекшеліктерімен – залалдауға қажетті
жағдайлармен, алғашқы залалдау мерзімімен, қожайын ӛсімдікпен қарым-
қатынасы ерекшеліктерімен (эндо- немесе эктопаразит, залалдау тәсілі)
және т.б. анықталады.
Химиялық препараттар қоршаған ортаны және ӛсімдік ӛнімдерін
залалдайтын болғандықтан қатаң санитарлық эпидемиялық бақылау қажет.
Әр препараттың қолдану мерзімі соңғы ӛңдеу уақыты мен ӛнім
жинауға
дейінгі уақыт бойынша белгіленуі тиіс. Қолданыста тек рұқсат етілген
препараттар ғана болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: