74
бойында аэробты термофилді микроорганизмдердің
қарқынды жетілуі
(бактериялар мен актиномицеттер) органикалық заттардың тез ыдырауына
және компосттың 60...65
о
С дейін қызуына ықпал етеді. Бұндай жағдайда
фитопатогенді ағзалар ӛледі. Тұқымдарды тұз ерітіндісінде қастауыштың
(
Claviceps purpurea Tul.) қоздырғышының склероцияларынан тазартуда
физикалық тәсілдер қатарына жатады.
Жеміс ағаштарының бұтақтарын кесіп, шырпу,
егінді ауру
ӛсімдіктерден арылту, астық дақылдарының тат ауруының аралық
қожайын ӛсімдіктері болып табылатын барбарис,
итшомырт сияқты
ӛсімдіктерді жою механикалық тәсіл болып табылады.
Ӛсімдіктер
карантині.
Басқа
елдердің
территориясынан
ӛсімдіктердің карантин ауру қоздырғыштарының енуінің алдын алуға
(сыртқы карантин) және аурудың белгілі бір аймақтың ішінде таралуын
шектеуге (ішкі карантин) бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі –
ӛсімдіктер карантині деп аталады. Ел ішінде
таралмаған немесе таралуы
шектеулі, алайда айтарлықтай зиян келтіретін ауру қоздырғыштары
карантин нысандары болып табылады. Карантиндік нысандар тізімі мезгіл-
мезгіл қайта қаралып, жаңғыртылып, бекітіліп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: