117
Ауру қоздырғышы –
Deuteromycetes класының
Hyphomycetales
қатарына
жататын Piricularia oryzae Br.et Gav
. саңырауқұлағы (39-сурет).
Жіпшумақтары перделі, түcciз, ұлпада жасуша аралықтарында орналасады.
Қоңыр түсті конидиятасушылар леп тесіктерінен шығып,
жапырақтың астыңғы бетіне ӛңез түзеді. Пішіні цилиндр тәрізді 2-4
данадан топтасқан конидиятасушылардың тӛменгі бӛлігі жуандайды да,
ұшында тicтi ӛскіндері болады. Конидиялары түссіз,
алмұрт тәрізді, 1-3
перделі, кӛлемі 20-22 10-12 мкм. Саңырауқұлақ конидияларымен
тарайды.
39-сурет. Күріштің пирикуляриоз ауруы:
а – залалдалған жапырақ;
б – кеселге шалдыққан сабақ;
в – дертке шалынған күріш гүл шоғыры;
г – саңырауқұлақ спораларының
түзілуі
Азот тыңайтқышының кӛп мӛлшері, топырақ ылғалының жетіспеуі,
ыссы және суық ауа райының күрт алмасуы
кеселдің қарқынды дамып
таралуына ыкпалын тигізеді. Қоздырғыш 15-35°С температура мен
80%
ауа ылғалдығы жағдайында жақсы дамиды.
Саңырауқұлақ жіпшумағы ӛсімдік қалдықтарында, тұқымда қыстап,
келесі жылы ауру таратады. Бұл кеселге күріштен басқа тары, бидай,
118
арпабас, атқонақ және т.б. астық тұқымдас ӛсімдіктер шалдығады.
Сондықтан осы аталған ӛсімдіктер аурудың қоры болып табылады.
Кесел әсерінен тұқымның ӛнгіштігі тӛмендеп, ӛскіндер
мен жеке
ӛсімдіктер жойылып, түізілген дәндер әлсіреп, дамымай қалады.
Достарыңызбен бөлісу: