116
ӛңез түзіледі. Залалданған жапырақтар қурап, кейде ӛсімдіктің түптену
буыны жансызданып, кӛпшілік жағдайда ӛсімдік түгел жойылады. Ауруға
шалдыққан ӛсімдіктер
тобы жойылып, егістікте дақылсыз алаңқайлар
пайда болады (38-сурет).
Ауру қоздырғышы –
Deuteromycetes класының
Hyphomycetales
қатарына жататын
Fusarium туысының саңырауқұлақтары, олардың ішінде
жиі кездесетіні –
Fusarium nivale Ces. саңырауқұлағы.
Қоздырғыштың
жіпшумағы ұзын, талшықты немесе топталған, түсі қызғылт, торлы ӛңез
түзеді. Микроконидиялар ұнтақталған ӛңез түрінде, кейде топталып
түйіршектенген қызғылт, шырышты қабат құрады. Кепкенде ол
қоңырланып,
қызыл кірпіш реңді, кейін қызғылт түске айналады.
Макроконидиялары орақ тәрізді, ұшы жіңішкеріп доғалданған, сабақсыз,
1-3 кейде 4-7 перделі, массада түci қызғылт, кӛлемі 23-30 3-4 мкм.
Қоздырғыш жіпшумағы ұшында телиоспоралар түзіледі.
Жіпшумақта
кейін шар тәрізді, түci сарғыш-қызыл, ішінде кӛптеген
шоқпар тәрізді қалталары бар перитецийлер түзіледі. Қалтаспоралары
ұршық тәрізді, сәл иілген,
екі перделі, кӛлемі 10-20
2-4 мкм.
Саңырауқұлақтың қалталы кезеңі
Calonectria graminicola Wr. деп аталады.
Қалтаспоралар дән және дән қауыздарын залалдайды. Инфекция коры
ӛсімдік қалдықтарында, топырақта перитеций мен телиоспора түрінде
сақталады.
Кӛктемгі жоғары ылғалдылық пен тӛмен
температура аурудың
дамуына қолайлы жағдай туғызады. Қоздырғыштың дамуына қолайлы
температура – 2-6°С.
Бұл кесел кӛбіне қолайсыз жағдайдан әлсіреген ӛсімдіктерде
дамиды. Кӛктемде ауа райы жылы болса саңырауқұлақ басқа
патогендермен бірге қосылып, ӛсімдіктерді залалдайды. Қарлы зең ауруын
Fusarium туысына жататын
басқа саңырауқұлақтар да (F.avenaceum Sacc,
F. culmorum Sacc. және т.б.) қоздыруы мүмкін. Ауруға шалдыққан
ӛсімдіктер ӛліп, eгicтік сирейді.
Достарыңызбен бөлісу: