115
Бидай мен қара бидайдың ӛскіндерінде
S.tritici Rob. et Desm,
саңырауқұлағы кездеседі. Ӛсімдік сабағында ұзынша, сары түсті кӛптеген
пикнидалы дақтар пайда болады. Ауру қатты дамығанда ӛсімдік сабағы
қисайып, сынады.
Бидай егістігінде
S. nodorum Berk, саңырауқұлағы да кездеседі. Бұл
қоздырғыш бидайда қабыршақ немесе жолақ септориоз түрлерін туғызады.
Ӛскін топырақ бетіне шыққаннан кейін 2-4
апта аралығында аурудың
алғашқы белгілері колеоптильді түгел қамтыған қоңыр сызықшалар
түрінде білінеді. Кӛктемде залалданған жапырақ қынабының
бӛліктерінде қара-қоңыр және ашық түстер кезектесіп орналасады.
Жапырақта пайда болған қоңыр дақтар жансызданып, қурайды. Сабақтағы
дақтар ұлғайып буынаралығының кӛпшілік бӛлігін алады., ал
жоғарғы
буынаралықтары жасыл түсін сақтайды. Масақ ӛзегі негізінің
қабыршақпен кӛмкерілмеген бӛлігi бурылданады. Дәндер бүрісіп,
қарайып, шыны тәрізденіп, жырашығы тереңдейді.
Саңырауқұлақ
пикнидалары ӛсімдік қалдықтарында және дән бойында қыстайды.
Дертке шалынған ӛсімдік жапырақтары аурудың салдарынан ерте
қурап, масақтары жетілмей,
дәндері семіп, әлжуазданады. Кеселдің
зияндылығы залалдану мерзіміне байланысты. Егер дакыл ерте залалданса,
онда
ӛнім 30-40%-ға, ал кеш шалдықса – 6-7 %-ға кемиді.
Достарыңызбен бөлісу: