Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


Дәнді дақылдардың қара-қоңыр дағы



Pdf көрінісі
бет82/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

Дәнді дақылдардың қара-қоңыр дағы. Дәнді дақылдардың қара 
қоңыр дағы ауруы негізінен ылғалы жеткіліксіз, жауын-шашыны аз 
аймақтарда кездеседі. 
Дертке ӛсімдіктің барлық мүшелері бүкіл вегетация бойына 
шалдығады. Залалданған ӛсімдік колеоптилінің жас ұлпаларында сары, 
ашық-қоңыр түсті сызықшалар немесе дақтар пайда болады. Залалданған 
ӛскін үш тамырдың орнына бipeyiн ғана түзеді. Сабақ айнала залалданып 
ұлпалары шipiп, қисаяды. Бipiншi пайда болған тамырлармен қатар 
eкiнiшілepi және жер асты буынаралықтары да залалданады. Екінші 
тамырларда ауру бeлгici тамыр ұшынан басталып, кейде тамыр 
бұтақталған бӛлігінен немесе тамыр негізінен білінеді. Ӛсімдік түптене 
бастағанда топырақ асты буынаралығы залалданып, оны бойлаған қоңыр 
жолақтар байқалады. 
Кеселдің зиянды формасы – сабақ негізінің залалдануы, яғни 
ӛсімдіктің түтіктенуінен дәннің пiciп жетілу кезеңдеріндегі дамуы. 
Залалданған тамыр мойны мен сабақтың етегінде қара-қоңыр дақтар пайда 
болып, кейін олар сабақты орайды. Сабақтың етегіндегі буындары кейде 
шіріп, қара-сұр ӛңезбен кӛмкеріліп, ӛсімдік жапырылады. 
Жапырақ бетінде алғаш қоныр, кейін қоңыр-сұр немесе ашық-қоңыр 
дақтар түзіледі, олардың ортасы ақшыл, қоңыр жиекті, сәл созылыңқы 
болып келеді. Дақ үстінде зәйтүн-қоңыр немесе қара-сұр ӛңез түзіледі (35-
сурет). 
35-сурет. Дәнді дақылдардың қара-қоңыр дағы (гельминтоспориоз) 
Масақ залалданғанда тұқым қауызы ашық-қоңыр түске боялып, оның 
бетінде қоңыр жиекті сопақша дақ пайда болады. Залалданған бӛліктер 
кейін мол қара түсті мақпал ӛңезбен кӛмкеріледі. Пісіп жетілген дәннің 
ұрығы қараяды (қара ұрық).
Ауру қоздырғышы –Deuteromycetes класының Hyphomycetales 
қатарына жататын Вipolaris sorokiniana Subram.,(син. – Helminthosporium 
sativum P).,K.et В. саңырауқұлағы. Қоздырғыштың жіпшумақтары ӛсімдік 
ұлпасында клетка аралығымен таралып, леп тесігі және эпидермис арқылы 
жеке немесе топталған конидиятасушылар мен конидиялар сыртқа 
шығады. Конидиятасушылардың жақсы дамыған, бунақты, ісінген түрлі 


112 
бұлтықтары болады, олардың әрқайсысынан бip конидия түзіледі. 
Конидиялар сопақша, ұшы доғалданып, сәл иілген, 3-15 кӛлденең перделі, 
жас конидиялар ашық-зәйтүн, ал жетілгендері қара-зәйтүн, кейде қара 
түcтi. Конидиялар шеткі клеткалардан дамиды. Ӛсімдік қалдықтарында 
саңырауқұлақтың қалталы кезеңі болуы мүмкін. Қалта мен қалтаспоралар 
псевдотеций ішінде түзіледі. Қалталы кезеңінде саңырауқұлақ Cochliobolus 
sativus Drechsl. деп аталады.
Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ конидиялармен таралып ӛсімдік 
қалдықтары мен дән бойында жіпшумақ және конидия түрінде қыстайды. 
Ӛсімдік қалдықтарында қоздырғыш бip жылдан артық сақталмайды. 
Сондықтан ауыспалы eгicтiктi енгізгенде аурудың дамуы тӛмендейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет