113
36-сурет. Арпаның жолақты дағы (гельминтоспориоз)
Ауруға тӛзімді сорттардың ӛткізгіш түтіктеріне саңырауқұлақ ене
алмайды, сондықтан
ауру жергілікті болып, диффузды таралмайды.
Арпаның ауруға тӛзімді сорттарында саңырауқұлақ ұрыққа енбей,
тұқымның қабығында қалады.
Саңырауқұлақ ӛсімдік қалдықтарында жіпшумақ,
немесе кейде
конидия түрінде сақталады. Қыстап шыққан жіпшумақта қалталар мен
қалтаспоралары псевдотецийде түзіледі. Қалталы кезеңде бұл
саңырауқұлақ
Pyrenophora graminea Ito et Kur. деп аталады. Kӛп жылдық
шӛптермен аралас егілген арпа егістістіктерінде саңырауқұлақтың қалталы
кезеңі жиі дамиды.
Марганец пен мыстың фосфор
және калий тыңайтқыштарымен
қоспасы ӛсімдіктің ауруға тӛзімділігін арттырады.