Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет11/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

Мырыштың 
жетіспеуі 
(Zn). 
Ұсақ, 
жіңішке 
сопақша 
жапырақтардың түзілуі (негізінен ерте кӛктемде). Әсіресе рН дәрежесі 7 
және одан жоғары болғанда карбонатты топырақтарда жиі кездеседі. Азот 
тыңайтқыштар, шамадан тыс кӛң және фосфордың қолданылуыда 
мырыштың жеткіліксіздігін туындатады. 
Бордың жетіспеуі (В). Ӛсу нүктесінің ӛлуі. Әсіресе генеративтік 
мүшелері кӛбірек зақымданады, ал вегетативтік мүшелері тек мырыш кӛп 
мӛлшерде жетіспегенде ғана ауруға шалдығады. Карбонатты және 
батпақты топырақтарда жиірек кездеседі. 
Мыстың жетіспеуі (Cu). Жас жапырақтарының ағаруы, тургоры 
тӛмендеуі, солуы, сол сияқты сабақтары мен тұқымының түзілуі 
тӛмендейді. Дәнді дақылдардың ішінде мыстың жетіспеуіне ең сезімтал 
келетіндері – бидай, сұлы, арпа. Мыстың жетіспеуі торфты және құмдақ 
топырақтарда кӛбірек кездеседі. 
Жекелеген қоректік элементтердің шамадан тыс кӛп болуының 
зиянды әсері. Ӛсімдіктер қоректік элементтердің жетіспеуінен ғана емес, 
сондай-ақ шамадан тыс кӛп болса да ауырады. Мысалы, калий тым кӛп 
болса ӛсімдіктің ӛсуі баяулап, жемістері ұсақталып, мерзімінен бұрын 
піседі. Қышқылды топырақтардағы алюминий тотығының кӛп болуы 
ӛсімдік тамырларында еруі қиын фосфор қосылыстарының – алюминий 
фосфатының – жинақталу себепті ӛсімдік фосфор жеткіліксіздігінен зардап 
шегеді. Сол сияқты қышқылды топырақтарда марганецтің шамадан тыс 
кӛп болуы салдарынан картоптың сабағы мен жапырақ сағақтарына қоңыр 
дақ түседі. Нәтижесінде ӛсімдік сабақтары мен жапырақ сағақтары 
сынғыш келеді. Картоп кӛгі уақытынан бұрын кеуіп қалады. Кӛпшілік 
ӛсімдіктер – картоп, таңқурай, бүлдірген т.б. – топырақта хлордың кӛп 
болуына ӛте сезімтал келеді: картоптың сабағы жуандап, жапырақтары 
ширатылып, ӛліп қалады. Сол сияқты картоп топырақта бордың шамадан 
тыс кӛп болуын қаламайды: жапырақтары бүрісіп, жиектері қоңырланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет