17
Сондай-ақ тӛменгі оң температуралардың да ӛсімдіктер үшін
қолайсыз жақтары болады. Температураның күрт 0...1
о
С-қа
дейін
тӛмендеуі тамыржемістер мен түйнектердің құрамындағы фитонцид
типтес табиғи қорғаныш заттарының белсенділігін тӛмендетеді.
Нәтижесінде олар патогендердің әсеріне тӛтеп
бере алмай шірік
ауруларына шалдығуы мүмкін.
Ӛсімдіктер үшін тек суық не аяз емес,
сондай-ақ жоғарғы
температураның да қолайсыз әсері болады. Мысалы, ыстықтан қызанақтың
жапырағының ширатылуы, жеміс ағаштары діңінің күн күйігіне
шалдығуы. Жеміс-жидек дақылдарына әсіресе күзгі,
қысқы және ерте
кӛктемгі мезгілде температураның күрт құбылуының әсері күшті болады.
Нәтижесінде ағаштар мен бұталардың қабықтары қатты зақымданады
(«күн және аяз күйіктері»).
Ылғалдың жетіспеуі және шамадан тыс кӛп болуы. Дәнді
дақылдарға ауа райының және топырақтың қолайсыз жағдайлары кешенді
әсер етеді: топырақ ылғалдылығының тӛмендігінің ауа температурасының
тым
жоғары болуымен қатар келуі; жаздың жаңбырсыз аптап ыстық
күндерінің аңызақ желдермен қабат келуі.
Егер дәнді дақылдардың сүттеніп пісу кезеңінің соңында –
балауызданып пісу кезеңінің басында ауа райы тым ылғалды және ыстық
болса крахмал гидролизденуі мүмкін, нәтижесінде «дәннің ағуы» деп
аталатын құбылысты байқауға болады.
Кӛктемгі кезде егістікті су басуы салдарынан ӛсімдік
тамырының
тыныс алуы бӛгеледі, нәтижесінде ӛсімдік тамырының «сулануы» деп
аталатын құбылысты байқауға болады. Топырақта ылғалдың жетіспеуі
қызанақ жемісінің «тӛбе шірігі» ауруының негізгі себебі болуы мүмкін.
Сонымен қатар ұзақ уақыт қуаңшылықтан
соң жауын-шашын мол болса,
қызанақ жемісінің жарылуы жиі кездестіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: