19
ұзақтығы ең алдымен патоген түріне, сол сияқты орта температурасының
ең тӛменгі шегіне байланысты. Мысалы,
картоптың фитофтора ауруы
қоздырғышының инкубациялық кезеңінің қолайлы жағдайдағы ұзақтығы
4-5 күн. Сонымен қатар инкубациялық кезеңнің ұзақтығына ӛсімдіктің
ауруға сезімталдық дәрежесінің де маңызы зор.
Инкубациялық кезеңнің ұзақтығын
білу аурудың таралуын қысқа
мерзімді болжау және оны есептеп шығару үшін ӛте маңызды. Бұл
қорғаныш шараларын уақытымен ӛткізіп, аурудың таралуының алдын
алуға мүмкіндік береді.
Аурудың айқындалуы. Ауру белгілері патоген, ие-ӛсімдік және
сыртқы орта жағдайларының ӛзара әрекеттесу нәтижесінде белгілі бір
ауруға тән патологиялық ӛзгерістердің туындайтынын кӛрсетеді. Ауру
белгілері сырт кӛзге әр қилы болуы мүмкін
және ол ең алдымен ауру
қоздырғыш түріне байланысты. Мысалы, нағыз ұнтақ ауруына шалдыққан
ӛсімдік жапырақтарының бетінде ақ ұнтақ тәрізді ӛңез түзіледі, сол сияқты
тат
ауруларын
да
бӛртпелерден
бірден
ажыратуға
болады.
Саңырауқұлақтар қоздыратын жұқпалы аурулардың инкубациялық
кезеңінің соңында саңырауқұлақтың спора шашуы жиі байқалады.
Түзілген бұл споралардың кӛмегімен
аурудың жаңадан жұғуы, яғни
патогеннің жаңа ұрпағына бастау болады.
Ӛсімдіктердің адамдар мен жануарларға қарағанда аурудан жазылып
кетуі ӛте сирек кездеседі. Алайда кейбір аурулардан кейін ӛсімдік емдеуге
келеді.
Достарыңызбен бөлісу: