Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


Тамыржемістердің орта сынамасын алу



Pdf көрінісі
бет50/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   79
Зоогигиена каз китап

5.2.2 Тамыржемістердің орта сынамасын алу
Тамыржемістердің құрамы және сапасы тамырдың мөлшеріне
тәуелді болады. Сондықтан талдауға арналған орта сынамаға
партиядан ірі, орташа және ұсақ тамырларды пропорционалды алады,
мұнда алдымен тамыр жемістердің әрбір партиясынан бастапқы үлгі
алады.
Қызылшаны үйінді асытнда сақтағанда үлгі ретінде әртүрлі
қабаттардан (жоғарғы, ортаңғы, төменгі) тамырлардың шамамен
келесі өлшемін: 200 кг – 10 кг, 201 ден 500 кг – 20 кг, 501 ден 1000 кг –
30 кг және партиядан 1001 ден 5000 кг – 60 кг алу керек. Орта
80


сынаманың салмағы бастапқы үлгі салмағынан 10% кем болмауы
тиіс.
Көлемі әртүрлі тамырлардың сапасын зерттеу үшін ашылған
бурттардың әр түрлі жерлерінен қатарынан 100–150 тамыр алады.
Оларды топырақтан тазалайды және ірі, орта және ұсақтарға
сорттайды. Әрбір топтың тамырларын өлшеп, олардың арақатынасын
анықтайды. Бастапқы үлгіні 10–12 есеге, бірақ орта сынамадағы ірі,
ұсақ және орта тамырлардың арақатынасы бұрынғыдай қалатындай
етіп азайту қажет. Зерттеуге 6 – 8 кг тамыр алады.
Зерттеуге дейін тамыр жемістердің дымқылдығын төмендетпеу
үшін, оларды полиэтилен пакеттерге салады, немесе жәшікке орау
кезінде олардың айналасын дымқыл мүкпен немесе ағаш үгіндісімен
қымтайды.
Картоптың орта сынамасын алу кезінде суырмалар саны оның
жалпы санына тәуелді болады. Картоп партиясының кез келген
көлікпен түсуі кезінде орта сынаманы әрбір транспорттық бірліктен
алады. Бөлек суырмаларды үйіндінің ені, ұзындығы және биіктігі
бойына әр түрлі жерінен және қабатынан (жоғарғы, ортаңғы, төменгі)
әр түрлі аралықта алады.
Картоп ақтара тиеп сақтау кезінде, сонымен қатар қамбаларда,
бурттарда, траншеяларда жеке суырманы ағаш немесе дөңгелекті
күректермен алады. Әрбір суырма – 3 кг кем емес, ал салмағы 60 кг
және жоғарырақ картоп партиясынан –10 кг кем емес.
Партияның әр түрлі жерінен алынған картоптың жеке
суырмаларын арластырады да, орта сынаманы алады. Егер соңғысы
өте үлкен болса, онда мұқият араластырудан кейін зерттеу үшін 4–5 кг
салмақты үлгі алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет