Законы 10-е издание москва бином. Лаборатория знаний 2010 3



Pdf көрінісі
бет114/197
Дата05.10.2023
өлшемі2.75 Mb.
#479900
түріЗакон
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   197
f6176e30d73c3b0

1-мысал. Күннің ауырлық өрісінде қозғалып жүретін Жер-Ай жүйесі тұйықталмаған 
болып табылады. Оның импульсі ауырлық күшінің əсерінен үнемі өзгеріп 
отырады. Бірақ өзіне қатысты берілген жүйеге əсер ететін ауырлық күшінің 
5.11-сурет 


152 
моментін үнемі нөлге айналдырып отыратын бір нүкте бар, ол – Күннің центрі. 
Сондықтан Жер-Ай жүйесінің Күннің центріне қатысты импульс моменті 
тұрақты болып қалады деп бірден айтуға болады. 
2-мысал. Тегіс горизонталь жазықтықта қозғалмайтын вертикаль өстен еркін айнала 
алатын АВ шыбық жатыр (5.12-сурет). Осы 
вертикаль өс оның О шеті арқылы өтеді. 
Жазықтықпен сырғанап келе жатқан А шайба 
шыбықтың В ұшына тиіп, сонда қалып қояды да, 
одан əрі тұтас жүйе болып, О нүктеге қатысты 
біртұтас түрде айнала бастайды. 
Шайба-шыбық жүйесінің тұйықталмағандығы 
анық. Вектикаль бағытта бір-бірін теңестірілетін 
күштермен қатар горизонталь күш те əсер ете 
бастайды. Ал шыбық айнала бастаған кезде өс тарапынан тағы бір күш пайда 
болады. Осының арқасында жүйенің инерция центрі шеңбер бойымен қозғала 
бастайды, бірақ бұл екі күш те О нүктесі арқылы өтеді, демек, бұл сыртқы 
күштердің О нүктесіне қатысты анықталған импульс моменті тұрақты болып 
қалады.
Шектелген жағдайларда тұйықталмаған жүйелерде 
импульс 
моментінің өзі емес, оның қандай да бір қозғалмайтын өске проекциясы 
сақтала алады. Бұл барлық сыртқы күштердің қорытынды моментінің осы
өске проекциясы нөлге тең болатын кезде орындалады. Шындығында да 
(5.12) теңдеуді өсіне проекциялап, келесі өрнекті аламыз: 
/

(5.15) 
мұндағы, 
жəне 
– − өсіне қатысты импульс моменті жəне сыртқы 
күштердің қорытынды моменті: 

,


(5.16) 
мұндағы, 
жəне 
– жүйенің і-ші бөлшегі үшін өсіне қатысты импульс 
моменті жəне сыртқы күштердің моменті. (5.15) теңдеуден, егер берілген 
санақ жүйесінде тыныштықта болатын қандай да бір өсіне қатысты 
проекция 
0 болса, онда жүйенің осы өске қатысты импульс моменті 
сақталады: 

,
.
(5.17) 
Кез келген нүктеге қатысты анықталған вектордың өзінің де өзгеруі 
мүмкін. Мысалы, егер жүйе біртекті ауырлық өрісінде қозғалатын болса, 
онда барлық ауырлық күшінің кез келген О нүктесіне қатысты қосынды 
моменті вертикалға перпендикуляр болады, демек, кез келген вектор өске 
5.12-сурет. 


153 
қатысты 
0 жəне 
, бірақ осындай заңдылықты векторы 
жайлы айта аламыз. 
Импульс моментінің сақталуына əкелетін пікірлер түгелдей Ньютон 
заңдарының орындалатындығына сүйенеді. Ал осы заңдарға бағынбайтын 
жүйелерде, мысалы, электромагниттік сəулелену болатын жүйелерде, 
атомдарда, ядроларда қандай жағдай орын алады? 
Импульс моментінің сақталу заңының механикадағы орасан зор рөлін 
ескере отырып, физиктер импульс моменті түсінігін механикалық емес 
жүйелерге де (Ньютон заңдарына бағынбайтын жүйелерге) таратты, сөйтіп, 
импульс моментінің сақталынуын барлық физикалық процестерге 
постулаттады. 
Мұндай кеңейтілген импульс моментінің сақталу заңы енді Ньютон 
заңдарының салдары болып табылады, жəне ол өз алдына тəуелсіз, 
тəжірибе деректеріне сүйенетін жалпылама принцип болып табылады
Энергия мен импульстің сақталу заңымен қатар импульс моментінің 
сақталу заңы да табиғаттың аса маңызды іргелі заңдарының бірі болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   197




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет