29
5. Карбюраторлы қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі
Қоректендіру жүйесі
отынды уақытша сақтауға, отынды және ауаны
тазалауға, жағар қоспа дайындауға, жұмыс орындап біткен газдарды сыртқа
шығаруға арналған құрылым.
Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесінің құрылысы 18-ші
суретте кӛрсетілген.
Ауа ауатазалағыш 6, карбюратор 7 арқылы ӛтеді.
Аталған ауа
қозғалысында шу пайда болады.
Отын (бензин) отын сыйымдылығынан 18 сорғы 12 кӛмегімен түтік
арқылы жіңішке тазалау сүзгісіне одан ары карбюраторға беріледі.
1-мойын; 2-қақпақ; 3-датчик; 4-кӛрсеткіш; 5,10,11,15- отын ӛткізгіш; 6-ауа сүзгіш; 7-
карбюратор; 8,9,14,17-газ ӛткізгіш; 12-сорғы; 13-отын сүзгі; 16-ӛшіргіш; 18-отын
сыйымдылығы.
Сурет18- Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесінің схемасы
Қоректендіру
жүйесінде бу тығынын пайда болдырмау үшін,
карбюраторға келтірілген отынның біраз бӛлігі түтікпен 5 кері отын
сиымдылығына қайтарылады. Отынның
циркуляциясының жоғарылауы,
оның темперасын тӛмендетеді.
Отын сиымдылығында құю мойны 1, қақпақ, сонымен қатар
сиымдылықтағы отын деңгейін кӛрсеткіші 4 бар датчик 3 болады.
Карбюраторда кіргізу
құбырымен цилиндрге берілетін, талапқа сай отын
ауалы қоспа жасалады. Қоспаны дайындау үдерісі,
қоспа цилиндрге
жылжығанға дейін жалғасады.
Карбюратор жүйенің орталық элементі, ол жұмыс істеп
біткен газдардың
рұқсат етілген шамасында қозғалтқыш жұмысының барлық режимінде
қажетті экономикалық және қуаттық кӛрсеткіштерді қамтамасыздандырады.
Оған келесі талаптар қойылады: