Б. Т. Оразалиев «Кӛлік құралдары құрылысының негіздері»



Pdf көрінісі
бет20/23
Дата17.10.2023
өлшемі1.76 Mb.
#480905
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Әдістемелік нұсқау

 
 
Бақылауға арналған сұрақтар 
1. Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесінің құрылысы. 
2. Қоректендіру жүйесінде бу тығынын пайда болдырмау үшін не 
қарастырылған? 
3. Отынауалы қоспа қайда дайындалады? 
4. Қарапайым карбюратордың құрылысы және жұмыс принципі. 
5. Қоспа құрамын ең тиімді дозалау сипаттамасына сәйкес автоматты 
ӛзгертуді 
қамтамасыздандыру 
үшін, 
яғни 
қоспа 
құрамын 
корректирлеуге карбюратор қандай жүйелермен жабдықталған? 
6. Зая 
жүріс 
жүйесі 
қозғалтқыштың 
жұмысын 
қалай 
қамтамасыздандырады? 
7. Еркісіз зая жүріс экономайзері қозғалтқыштың жұмысын қашан және 
қалай қамтамасыздандырады? 
8. Қоспаны 
байыту құрылымы (экономайзер және эконостат) 
қозғалтқыштың жұмысын қалай қамтамасыздандырады? 
9. Үдеткіш 
сорғы 
қозғалтқыштың 
жұмысын 
қалай 
қамтамасыздандырады? 
10. Кӛпкамералы карбюраторлардың қандай ерекшеліктері болады? 
11. Газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштардың артықшылықтары және 
кемшіліктері болады. 
 
 


39 
 
6. Дизельді қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі 
Дизельдің қоректендіру жүйесінің негізгі қажеттіліктерінің бірі 
цилиндрлерге тазаланған ауаны және тозаңдандырылған отынды беруге 
арналған.
Дизельдерде қоспа дайындау ӛте қысқа уақыт аралығында жүзеге асады. 
Жылдам және толық жанатын қоспаны алу үшін, отын мүмкіндігінше майда 
бӛліктерге тозаңданып және әр бӛлшек тӛңірегінде толық жануға қажетті ауа 
мӛлшері болуы тиіс. Бұл үшін отын форсункамен қысу ырғағындағы жану 
камерасындағы ауа қысымнан бірнеше есе үлкен қысыммен бүркіледі. Отын 
толық жанып, дизель қозғалтқышының қуаттық және экономикалық 
кӛрсеткіштері жақсы болуы үшін отын цилиндрге поршень ЖӚН- ге жетпей 
бүркілуі тиіс. Кӛлік дизелінің қоректендіру жүйесінің сұлбасы сурет 25- те 
келтірілген.
Қозғалтқыштың жұмысында отын сыйымдылықтан 9 отынӛткізгіші 
бойынша ірі тазалау сүзгісіне 5 беріліп, онда ірі механикалық бӛгде 
қоспалардан тазартылады. Ірі тазалау сүзгісінен отын помпамен 12 сорылып 
жіңішке тазалау сүзгісі 6 арқылы отынның жоғарғы қысымды сорғысына 14 
қысымдалады. Сорғы жоғарғы қысым отын ӛткізгіштерімен 4 жоғарғы 
қысыммен форсункаға 3 береді, ол тозаңдатылған күйде отынды жану 
камерасына бүркеді. Артық отын сорғыдан ӛткізу түтігі 13 арқылы 
отынӛткізгіштің штуцеріндегі ӛткізу клапаны арқылы помпаның кіргізу 
бӛлігіне алынып кетіледі. 
Сонымен қатар отынның артық мӛлшері (шығынның 0,02%-ға дейінгі 
мӛлшері) форсунканың бӛлшектерінің арасындағы саңылаулар арқылы тӛгу 
түтікшесі 2 арқылы жіңішке тазалау сүзгісіне немесе отын сиымдылығына 
алынып кетіледі. Қозғалтқыштың жұмысының үнемділігін, сенімділігін және 
ұзақмерзімділігін қамтамасыздандыру үшін дизель отыны белгілі талаптарға 
сәйкес болуы тиіс. Оның сапасының басты кӛрсеткіші тазалығы, жоғарғы 
жылу бӛлу мүмкіншілігі, кіші тұтқырлығы, тӛменгі ӛздігінен тұтану 
тепературасы, жоғарғы цетандық саны. Отынның цетандық саны тӛмен 
болған сайын цилиндрге бүрку сәтінен кейін ӛздігінен тұтанудың кешігу 
кезеңі кіші болады да, қозғалтқыш жұмсақ жұмыс істейді.
Жұмыс жағдайына байланысты дизельдерде келесі дизельді отындардың 
маркалары қолданылады: «Л» (жазғы) – қоршаған ауа температурасы 0
0
С 
және одан да жоғарыда; «З» (қысқы) – қоршаған ауа температурасы минус 
20
0
С және одан да жоғарыда (отынның қату температурасы минус 35
0
С- тан 
жоғары болмайды) және аязға тұрақты отын минус 30
0
С температурасында 
және одан да жоғарыда (отынның қату температурасы минус 45
0
С - тан 
жоғары болмайды); «А» (арктикалық) қоршаған ауа температурасы минус 
50
0
С және одан да жоғарыда қолданады. 


40 
1 – гильза; 2 – П-тәрізді канал; 3- отыналып келетін штуцер; 4 – ӛткізу клапаны; 5 – 
штуцер; 6 – қысымдау клапаны; 7 – плунжер; 8 – рейка; 9 – итергіш; 10 – эксцентрик; 11 – 
жұдырықшалы білік; 12 – шлицалы втулка; 13 –орнату фланеці; 14 – тапылжытпайтын 
винт; 15 – тұрық; 16 – айналыс жилігінің реттегіші
Сурет 24- Сорғы бӛлшектері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет