Мазмұны Кіріспе. Халықаралық бірліктер жүйесі Бөлім Молекула кинетикалық теория және термодинамика негіздері


Барлық кристалды денелер анизотропты болып келедi



Pdf көрінісі
бет28/114
Дата19.10.2023
өлшемі3.62 Mb.
#481106
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   114
2.Физика-на-казахском-языке-для-1-курса

Барлық кристалды денелер анизотропты болып келедi. 
Анизотропияның бiр себебi - кристалдық тор түйiндерiнiң 
тығыздығы әр түрлi бағытта әр түрлi болған жағдайдағы, 
бөлшектердiң дұрыс ретпен орналасуы. Осы бағыттардағы 
бөлшектердiң өзара әсерi де бiрдей болмайды. Бұдан, әр 
түрлi бағыттардағы кисталдардың механикалық берiктiгi әр түрлi екендiгi шығады.
Көптеген кристалдар жылу мен электр тогын әр бағытта әр-түрлi өткiзедi. Кристаллдың оптикалық 
қасиеттерi де оның бағытына байланысты болуы мүмкiн.
Белгiлi бiр температураға дейiн қыздырғанда (әр 
заттың өз температурасы бар ) зат қатты кристалдық 
күйден сұйық күйге өтедi. Осы процесс балқу деп 
аталады, ал балқуға ұшырататын температура балқу 
температурасы деп аталады.
Монокристалдар мен поликристалдар. Қатты 
денелердiң негiзгi түрiне металдар жатады. Олардың 
да кристалдық структурасы бар. Бiрақ , бiр 
қарағанда, олардың кристалдық құрылымы не сырт 
пiшiнiнен, не физикалық қасиеттерiнен 
байқалмайды. Металдар кәдiмгi күйде 
анизотропияны анықтай алмайды. Себебi металл 
көптеген өзара бiтiсiп кеткен кiшкентай 
кристаликтерден тұрады. Олардың әр қайсысының қасиеттерi бағытына байланысты, бiрақ олар бiр-
бiрiне қарағанда ретсiз бағытталған. Сондықтан, көлемi жекелеген кристаликтердiң көлемiнен 
анағұрлым үлкен металл iшiндегi барлық бағыттар тең және оның қасиеттерi барлық бағытта бiрдей 
болады.
Көптеген кiшкентай кристаликтерден тұратын қатты дене поликристалдық дене деп аталады, ал 
монокристалдар деп аталады.
Аморфтық денелер. Кристалдық структурасы бар денелермен қатар табиғатта аморфтық денелер 
деп аталатын көптеген әртүрлi денелер бар. Олар қатты денелер қатарына жатады, бiрақ оларда 
1-сурет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет