Жалпы отырысы



Pdf көрінісі
бет8/26
Дата27.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#481765
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
6сентября23-Мажилис-изд

МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ 2023 жылғы 6 қыркүйек 
Стенографиялық есеп 
15 
алу арман болды. Жаз бойы «AMANAT» партиясына шағымданған азаматтардың 
санының есебі жоқ. Оған қоса халықтың жанайқайын әлеуметтік желіден де әбден көрдік. 
Ал сәті түсіп билет тапқан бақытты жандарды вагон ішіндегі нағыз масқара күтіп тұр.
Билеттер тапшылығымен қатар билет бағасының қымбатшылығын көріп отырмыз. 
Олар әртүрлі мобильді қосымшаларда сатып алу кезінде ерекшеленеді.
Ресми беттерде тапшы маршруттарға билеттерді сатып алу кезінде тек жоғарғы 
орындар қолжетімді. Бұл жыл сайынғы теміржол билеттер құнын субсидиялауға қомақты 
қаражаттар бөлінуіне қарамастан орын алып отыр. 
Құрметті Әлихан Асханұлы! Жыл сайын біз азаматтарымыздың ішкі туризмге 
деген 
қызығушылығының 
артып 
келе 
жатқанын 
көріп 
отырмыз. 
Негізгі 
турмаршруттардағы жолаушылар ағынын басқаруға қатысты стратегиялық жоспар қажет. 
Сол себепті депутаттық сауалда көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеп, теміржол 
тасымалы мәселесін түбегейлі шешуді сұраймыз. 
Бұл жай ғана бір депутаттың сауалы емес, бір өңірден екінші өңірге жаз бойы жете 
алмаған мыңдаған азаматтардың аманаты.
Жылына 24 миллиардтан астам тікелей субсидия алатын ұлттық компанияның 
жұмысын ретке келтіретін уақыт жетті». Рақмет. 
ТӨРАҒА. Сөз депутат Берденов Руслан Арысбекұлына беріледі. 
БЕРДЕНОВ Р.А. Рақмет, құрметті Ерлан Жақанұлы. 
Мен әріптесім Елнұр Бейсенбаевтың сауалына қосыламын. Бұл мәселені шешу 
уақыт күттірмейтіні анық. Сол үшін әріптесімнің сауалына қосатын маңызды бір-екі 
мәселеге қысқаша тоқталсам.
«Құрметті Әлихан Асханұлы! Біріншіден, Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің 
ақпаратына сәйкес соңғы бес жылда «Қазақстан темір жолы» және оған бағынышты 
мекемелерінде 136 қылмыстық іс тіркеліп, 52 адам сотталған. Пара алу фактісі 70 пайыз, 
ұрлық 13 пайыз, ал қалғаны қылмыс актіге қол қою, жұмысқа қабылдау, вагондар мен жүк 
тепловоздарын беруге байланысты болған.
Тиімсіз басқару салдарынан саланың әбден тозығы жеткен.
Екінші. Жүк тасымалдау мәселесі қолданыстағы вагондардың жолдан шығу 
оқиғаларының көбейуіне өз әсерін тигізуде. Теміржолда 2022 жылы 1 мың 15 оқиға 
тіркелсе, оның 9-ы қақтығыс пен жолдан шығып кету және адам өліміне алып келген. 
Бүгінгі таңда «Қазақстан темір жолы» тарапынан тауарларды экспортқа және 
импортқа тасымалдау үшін жүк тасымалдау жоспарын түрлі сылтаулармен кешіктіріп 
келісу, кәсіпкерлерден әр вагонды келіскені үшін пара алу үрдіске айналған. Жоспардың 
келісімінсіз ешкім вагонды жүргізе алмайды. Бұл әдейі жасалып отырған жемқорлық 
тетіктері деп білемін. Мысалы, қазіргі таңда Қазақстанның астық өңдеушілер одағы 
қыркүйек айында тәулігіне 765 мың тонна немесе айына 2,3 миллион тонна астық тасу 
жоспарын беріп отыр. Ал «Қазақстан темір жолы» бұл жоспарды орындай алмайды, себебі 
25 жылда теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілеті 1 миллион тонна ғана. Осының 
салдарынан ішкі тасымалдау мәселесі қозғалыссыз тұр. 


МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ 2023 жылғы 6 қыркүйек 
16 
Стенографиялық есеп 
Үшінші. 2020 жылы ұлттық тасымалдаушының жұмысына аудиторлық тексеру 
жүргізілген. Тексеру есебінде бес жылда «Қазақстан темір жолында» шығын үрдісі 
байқалады, яғни бес жылда көрсетілген сомасы 617 миллиард теңге. Яғни, дебеттік 
сальдосы теріс, тек шығын әкеліп отырған бір ұжым болып отыр.
Сондықтан Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көтергендей, «Қазақстан 
темір жолы» компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болуы қажет. 
Бұл құрылымды сапалы жүзеге асыру үшін осы мәселелерге байланысты сізден нақты 
шара қолдануыңызды сұраймын.
Құрметпен «Respublica» партиясы фракциясының мүшесі Р. Берденов». Рақмет. 
ТӨРАҒА. Сөз депутат Дайрабаев Жигули Молдақалықұлына беріледі. 
ДАЙРАБАЕВ Ж.М. Рақмет, құрметті Ерлан Жақанұлы.
Депутаттық сауалымыз Қазақстан Республикасы Премьер-Министріне және 
жаңадан тағайындалған Ұлттық Банк Төрағасына жолданады. 
«Біздің негізгі миссиямыздың бірі – фермер шаруалардың қаржы мәселесін жүйелі 
түрде шешу! Бұл «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасында қазықтай қағылған 
меже. 
Менің алғашқы депутаттық сауалым да осы тақырыпқа арналған еді. Бірақ 
Үкіметтің берген жауабына көңіліміз толмайды. 
Олар агробанк құрылатын болса, ол тиімсіз жұмыс істейді және бюджеттен 
тұрақты түрде ақша бөлінуін талап етеді деп отыр. Сонда «Отбасы банкі», «Қазақстан 
даму банкі» де мемлекеттің қолдауынсыз жұмыс істеп отырғаны ма?
Баспана аламын деген азаматтарға бюджет тарапынан сыйақы беріледі, «Қазақстан 
даму банкінің» жобаларына да мемлекеттен тікелей қаржы бөлінеді. Сонда азық-түлік 
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін аграрлы сала үшін құрылатын агробанктің маңызы 
аталған екеуінен кем болғаны ма?
«Алтын-күміс – тас, арпа-бидай – ас» деген аталы сөз бар екенін ұмытпайық. 
Үкіметтің қай жауабын алсақ та, ауыл шаруашылығын қаржыландыруда «бәрі 
жақсы» деген ұрандатумен келеді. Ал шын мәнінде дүкен сөрелеріндегі жағдай басқа. 
Ауыл шаруашылығындағы жағдай аянышты. 
Біз алған бетімізден қайтпаймыз. Агробанктің ауыл шаруашылығына керек екенін, 
оның тиімді екенін әлі де дәлелдейміз. Бірақ бұл мәселе шешілгенше екінші деңгейдегі 
банктердің де дандайсуын тоқтатуымыз керек. 
Кеше Президентіміз өз Жолдауында экономиканың нақты секторларын қаржымен 
ұзақ мерзімге қамтамасыз ету және ол кәсіпкерлерге қолжетімді болуы үшін бірлескен әрі 
синдикатталған несиелеу тетіктерін белсенді қолдану туралы және банктердің тым көп 
пайда табатынын бекер атап кеткен жоқ. Шынында да, несие сыйақысы 1-1,5 пайыздан 
аспайтын халықаралық банктерді Қазақстанға әкелетін кез келді.
Осы орайда елімізге шақырылатын үш халықаралық қаржы мекемелерінің бірі 
аграрлық бағытта болуы керек деп есептейміз. Бұл қаржы нарығындағы бәсекелестікті 
арттырады және еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігін күшейтуге, ауыл тұрғындарының әл-
ауқатын, тұрмысын жақсартуға мүмкіндік беретін шаралардың бірі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет