МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ 2023 жылғы 6 қыркүйек
18
Стенографиялық есеп
бүгінде азаматтар, кәсіпкерлік субъектілері жария кадастрлық
картаны енгізу туралы
ақпаратқа ие емес, оны қалай пайдалану керектігін, жаңа тәртіпке сәйкес жер учаскесін
қалай алу керектігін білмейді.
Бұл мәселелердің халық үшін маңыздылығын ескере отырып, келесіні қажет деп
санаймыз:
барлық автоматтандырылған процестер шеңберінде халықтың мемлекеттік
қызметтерге уақтылы
қол жеткізуін қамтамасыз ету;
қалаларда жер алудың жаңа тәртібі бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын
ұйымдастыру және ол жұмыстарды атқару;
заңның орындалуына жауапты адамдарды қатаң жазалау мәселесін қарастыру. (Бұл
жаңа аталған екі министрлік вице-министрлерінің өз жұмыстарына немқұрайлы қарауына
байланысты).
Құрметпен «AMANAT» партиясы». Рақмет.
ТӨРАҒА. Сөз депутат Перуашев Азат Тұрлыбекұлына беріледі.
ПЕРУАШЕВ А.Т. Рақмет, құрметті Төраға.
«Ақ жол» фракциясының сауалы Премьер-Министрге.
«Құрметті Әлихан Асханұлы! Президент Тоқаевтың биылғы Жолдауы айқын, жан-
жақты әрі нақты болып шықты.
«Ақ жол» демократиялық партиясы үшін Жолдау аясында отандық бизнес
тарапынан жылдар бойы айтылып келген, бірақ бүгінге дейін шешімін таппай жүрген
көптеген тақырыптардың көтерілгені маңызды.
Сонымен Мемлекет басшысы өз Жолдауында «дамудың жаңа сапалық деңгейіне»
көшуді, өндірістің мықты да мызғымас іргетасын қалаумен және өңдеуші секторды
дамытуға сүйенген экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етумен байланыстырды.
Өз кезегінде «Ақ жол» демократиялық партиясы әлеуеті таусылған банктік-
шикізаттық
парадигмадан алыстап, оны жаңа экономикалық модельге ауыстыруға
барынша үлес қосады.
Негізі халық пен Парламент Президенттің жолдауларында тек берген
тапсырмаларын есту ғана емес, сонымен қатар жыл сайын сол бастамалар қаншалықты
орындалып жатқаны туралы да білуге тиіс.
Өткен жылғы Жолдау да жақсы еді, оған дейін де көп орынды сөз айтылып келген.
Енді сол тапсырмалардың қайсылары атқарылды, қайсысы орындалмағанын бүкіл ел
білуге құқықты емес пе? Болмаса, Президент бүкіл
елге жариялап, Үкіметтің алдына
нақты міндеттер қояды, ал олардың қалай іске асқанын неге тек биліктің өзі ғана білуі
керек?
Ақпарат құралдарының айтуынша, жақында ғана Үкімет былтырғы Жолдаудың
орындалуы жөнінде тек билік партиясы алдында есеп берді, ол да дұрыс бастама. Бірақ,
біздің
ойымызша, Үкімет бір партияға емес, бүкіл халыққа қызмет етуге тиіс.
Президенттің өзі бөлек партияға емес, бүкіл елімізге Жолдау жасауда. Сондықтан Үкімет
те оның орындалуы туралы халық сайлаған көппартиялы Парламент алдында есеп беруге
міндетті.