Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет72/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   205
Акмеология

138
139
адамның сыртқы жəне ішкі белсенділігінің үйлесуімен қамтама-
сыз етіледі. Сыртқы белсенділіктің төмендеуі, өзіндік жетістіктерді 
жағымсыз бағалаудың жинақталуына, өзін-өзі жүзеге асырудың, ішкі 
белсенділіктің артуына деген мотивацияның бірте-бірте төмендеуіне 
алып келеді. Өзін-өзі жүзеге асырудың деңгейімен қанағаттанбауды 
саналы ұғыну жүреді, акме-бағдарланған өзіндік өзгерістерге 
ұмтылыс күшейеді, тұлғаның өзіндік өзгеру үдерістерінің бағытын 
ұсынатын, акмеологиялық мəдениеттің ментальды компонентінің 
қалыптасуы белсендіріледі. Өзін-өзі дамыту интенциясы, моти-
вациялық-мағыналық интенциялардың арасында басты орын алады, 
өзін-өзі жетілдіру мотивациясы артады, акмеологиялық мəдениеттің 
құндылықты компоненті қалыптасады. 
Креативті компоненттің аясында, өзін-өзі жетілдіру психо-
технологиялары белсенді қолданыла бастайды. Акмеологиялық 
мəдениеттің құрылымдық компонентінің дамуы, шығармашылық 
қабілеттерді, рефлексивті практикумдарды дамытудың арнайы 
бағдарламаларын қолдануда аса табысты болады. 
Тұлғалық деңгейде осы өзгерістердің нəтижесі ретінде, 
акмеологиялық мəдениеттің деңгейін арттыру, акменің жаңа 
деңгейіне өту, əрекеттік тұғырда – өзін-өзі жүзеге асырудың 
жылдамдығы мен тиімділігін күшейту алынады. 
Тұлғаның кеңістігіндегі акмеологиялық мəдениетті дамыту 
үдерісінің жүйелілігі, білім беру кеңістігінде осы үдеріске əсер 
етудің жүйелілігімен қамтамасыз етіледі. Білім беру кеңістігінде 
студенттердің акмеологиялық мəдениетін дамытудың интегративті 
жүйесі, дидактикалық, мазмұнды жəне əлеуметтік-психологиялық 
компоненттердің бірлігін көрсетеді. 
Үздіксіз білім беру жүйесінде, студенттердің акмеологиялық 
мəдениетін дамыту үдерісін бағдарламалық-мақсатты қамтамасыз 
ету алгоритмін қолдану келесі əрекеттерді жүзеге асыруға 
мүмкіндік береді: акмеологиялық мəдениетті дамытуда білім 
беру үдерісінің негізгі мақсаттарының бірі ету; студенттердің 
акмеологиялық 
мəдениетін 
дамытуды 
интеграция 
жəне 
дифференциацияның интегралды өлшемдері ретінде қарастырып, 
студенттерге психологиялық білім беру жүйесін интеграциялау 
жəне дифференциациялау үдерісін белсендіру; білім беру үдерісіне 
студенттердің оқу іс-əрекетінің алгоритмін ендіру жəне құрастыру, 
олар өз кезегінде студенттердің акмеологиялық мəдениетін дамыту 
үдерісін оңтайландыруға мүмкіндік береді. 
Тұлғаның акмеологиялық мəдениетін дамытудың механизмдері, 
құрылымдық-жүйелі құрылым, оның деңгейінің өзгерісі ретінде 
акмеологиялық мəдениетті қалыптастыруды қамтамасыз етеді, яғни 
осы тұлғалық жаңа құрылымның өзіндік ұйымдасуы мен өзіндік 
реттеу тəсілдері ретінде болады. 
Егер акмеологиялық мəдениеттің компоненттерінің қалыпта-
суын қамтамасыз ететін акмеологиялық технологияның мазмұнды 
түрде акме-бағдарланған болса, онда акмеологиялық мəдениетті 
дамытудағы жүйелі əсерлер тиімді болады, яғни ынталандырушы 
материалдың, ойындардың, жаттығулардың, тренингтердің мазмұны 
келесі үлгіде болады: білім беру үдерісіне қатысушылардың таным-
дық іс-əрекетін белсендіреді; аксиологиялық тұрғыда толықтырыл-
ған қарым-қатынасты туындатады; өзін-өзі өзектілеу, өзін-өзі 
жетілдіру жəне өзін-өзі жүзеге асыру саласындағы қиындықтардың 
əртүрлі деңгейіндегі мəселелер мен міндеттерді шешуді 
білімгерлерден талап ететін жағдаяттарды құруға ықпал етеді. 
Акме-бағдарланған өзіндік дамыту үдерісінің басты детер-
минанттары ретінде, акмеологиялық мəдениетті дамытудың 
тиімділік факторлары, акмеологиялық мəдениеттің жоғары деңге-
йіне жету алынады.
Тұлғаның акмеологиялық мəдениетін тиімді дамытуды 
қамтамасыз ететін акмеологиялық технологияларды іріктеуде 
жəне құрастыруда, белгілі бір акмеологиялық технологияның 
психологиялық құндылығы, тұлғаны дамытушы əсер ету əдістерінің 
алуан түрлі типтерінің əсерінің заңдылықтары, сонымен бірге 
кез келген қалыптастырушы немесе дамытушы əсерде жүйелі 
əсерлер есепке алынды. Егер технология мазмұнды тұрғыда акме-
бағдарланған болса, онда акмеологиялық мəдениетті дамытудағы 
жүйелі əсерлер қамтамасыз етіледі. 
Осылайша, тұлғаның мүддесі үшін гуманистік бағыттылық 
арқылы жүзеге асырылатын, кез келген психологиялық əсер, 
акмеологиялық болып табылады, сонымен бірге акмеологиялық 
мəдениеттің алуан түрлі компоненттерін дамыту, акмеологиялық 
технологияның мақсаты ретінде болып, оның мазмұны мен 
құрылымын ұсынады. 
Тұлғалық-бағдарланған тренингтер, акмеологиялық мəдениеттің 
эмоционалды компонентін дамыту əдісі ретінде бола алады, оның 
мақсаты белгілі бір басқа тұлғалық құрылымдарды қалыптастыру 
болып саналады. Педагогикалық рефлексияны дамыту технологиясы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет