Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет74/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   205
Акмеология

142
143
дамытуының тиімділігін, акмеге жетудің дара траекториясының 
оңтайлылығын негіздейтін интегралды тұлғалық жаңа құрылым 
ретінде болады. 
Акмеологиялық мəдениеттің аясындағы функциялар, тұлғалық 
сапалар жəне əрекеттік көріністер өзара байланысты жəне бір-бірін 
толықтырады, өз кезегінде акмеологиялық мəдениетті меңгерген 
адамның өмір сүру модальдықтарының үйлесімін қамтамасыз етеді. 
Акмеологиялық мəдениет тұлғалық маңызды сапалардың 
қажетті құрамдасы ретінде, тұлғаның құрылымына енеді. Осы 
сапалардың құрылымында ол тұлғалық қасиеттермен арақатынаста 
болады, бірқатар тұлғалық біліктердің құрамында көрініс береді. 
Акмеологиялық мəдениет адамның индивид, тұлға жəне іс-
əрекет субъектісі ретінде, көпқырлы интегративті сипаттамасы 
ретінде анықталады, сонымен бірге өзіндік дамытудың тұлғалық 
құндылықтарының қалыптасуының жоғары деңгейін қамтамасыз 
етіп, өмір сүру əрекетінде өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамытуға 
оңтайлы жағдайларды құрып, тұлғалық-маңызды сапалардың 
құрылымының өзегі болып табылады. 
Адамның сыртқы жəне ішкі іс-əрекетінің жүйесін реттей 
отырып, акмеологиялық мəдениет жүйелі-құрылымдық құрылым 
болып саналады. 
Тұлғаның акмеологиялық мəдениетінің теориялық моделінің 
нормативті жəне прогностикалық мəні болады, себебі ол 
акмеологиялық мəдениетті дамыту тұжырымдамасын құрастыруға 
мүмкіндік береді, осы тұлғалық жаңа құрылымды дамыту үдерісін 
оңтайландыруға, өзіндік қайта құрушы іс-əрекеттің тиімділігіне 
ықпал етеді. 
Акмеологиялық мəдениеттің моделі, өзін-өзі дамыту субъектісіне 
өзіндік күштеріне, мүмкіндіктеріне деген сенімсіздікті жеңуге
өзіндік қайта құрушы іс-əрекеттегі енжарлықты жеңуге, рухани-
практикалық іс-əрекеттегі шығармашылық тұғырдың негізінде, өзін-
өзі жетілдіруді модельдеу, алгоритмдеу жəне технологияландыру 
мүмкіндіктерін бағалаудың жеткіліксіздігін жоюға мүмкіндік береді. 
Акмеологиялық мəдениетті дамытудың өлшемдері, осы тұлға-
лық жаңа құрылымның мəнді сипатын көрсетеді, нақты көріністегі 
акмеологиялық мəдениеттің мəнін көрсетудің толыққандылығын, 
шекарасын көрсетеді. Акмеологиялық мəдениетті дамытудың ішкі 
интегралды өлшемі ретінде, оның құрылымдық жəне функционалды 
компоненттерінің қалыптасуы алынады. Акмеологиялық мəдениетті 
дамытудың сыртқы интегралды өлшемі ретінде, акмеге жетудің, 
адамның өзін-өзі жүзеге асыру факторы ретінде, өзін-өзі дамытудың 
тиімділігі айқындалады. Сыртқы интегралды өлшем, арнайы сыртқы 
өлшемдер жүйесі ретінде беріледі, ол акмеологиялық мəдениеттің 
даму деңгейін акмеге жету мен өзін-өзі жүзеге асыру үдерісінің 
мазмұнды жəне динамикалық көрсеткіштері арқылы бағалауға 
мүмкіндік береді. 
Акмеологиялық мəдениеттің даму деңгейі, оның құрылымдық 
жəне функционалды компоненттерінің ішкі жағынан дамумен 
анықталады, ал сыртқы жағынан – арнайы сыртқы өлшемдердің 
көріну дəрежесімен анықталады. 
Акмеологиялық мəдениеттің дамуының əрбір деңгейінде, 
бірқатар тіректі сəттер (бифуркация) болады, олар акмеологиялық 
мəдениеттің 
компоненттері 
арасындағы 
байланыстар 
мен 
тəуелділіктерді бекітеді, нəтижесінде, адамның өзіндік қайта 
құрушы іс-əрекетін белсендіреді жəне оңтайландырады. 
Студенттердің акмеологиялық мəдениетін дамыту, келесі 
компоненттерді сипаттауға мүмкіндік береді: өзара байланысқан 
құрылымдық-функционалды компоненттер жүйесі ретінде акмео-
логиялық мəдениетті дамыту деңгейі; акмеологиялық мəдениеттің 
даму деңгейі мен оның индивид, тұлға жəне іс-əрекет субъектісі 
ретіндегі ерекшеліктері арасындағы өзара тəуелділік; студенттердің 
өзін-өзі дамытудың жəне өзін-өзі жүзеге асырудың сатысы ретінде 
акмеге жетудің мүмкіндіктері. 
Акмеологиялық 
мəдениетті 
дамытудың 
заңдылықтары, 
адамның өзін-өзі өзектілеу, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі жүзеге 
асыру үдерістерінде көрініс табатын психикалық құбылыстар 
арасындағы тұрақты байланыстар мен қатынастарды көрсетеді. 
Мұнда акмеологиялық мəдениетті дамытудың жалпы (өзіндік 
акмеологиялық) заңдылықтары, адамның өзін-өзі дамытудың 
əмбебап жалпы заңдары көрсетіледі, оның ерекше заңдылықтарында 
(жыныстық-жас, əлеуметтік, мəдени жəне т.б.) адамның акмеге 
жетуінің жəне өзін-өзі жүзеге асыруының өзгешелігі байқалады, ал 
бірегей заңдылықтарында – нақты адамның өзін-өзі дамытуының 
ерекшеліктерінде көрініс табады. 
Тұлғаның акмеологиялық мəдениетін дамыту, құрылымдық-
жүйелі құрылым, оның деңгейінің өзгерісі ретінде, яғни осы тұлға-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет