Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет69/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   205
Акмеология

132
133
өзі жүзеге асырудағы жаңа қадамдарға мүмкіндіктерді ашатын жаңа 
міндеттерді қояды.
Адамның құндылығы, оны жетілдіру мен қабілеттері туралы 
ғылым ретінде акмеологияның дамуы, адамның өзінің кəсіби іс-
əрекетін жоғары тиімділікпен жүзеге асыруға көмек беріп қоймайды, 
сонымен бірге оған өзін-өзі дамыта жəне жүзеге асыра отырып, 
толыққанды өмір сүруге ықпал етеді. 
Өзін-өзі дамыту арнайы рухани іс-əрекет ретінде, адамның кез 
келген іс-əрекетінің мазмұны жəне оның жеке өмірінің тірегі болуы 
мүмкін. 
Акмеологиялық мəдениеттің жоғары деңгейі, адамға өзін-
өзі дамыту үдерісін өмірлік құндылық ретінде мағыналауға, өмір 
сүру əрекетінің барысында өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі жүзеге 
асыруға жағдай жасауға, өзінің даралығын тануға, өзектілеуге, 
шығармашылықпен көрсетуге мүмкіндік береді. Акмеологиялық 
мəдениетті тұлғалық сапа ретінде дамыту, тұлғаның жаңа өмірлік 
таңдауларына, акмеге жету жəне өзін-өзі жүзеге асыруға жаңа 
қадамдар жасауға мүмкіндіктер туындатады. 
Акмеология гуманитарлы ғылымдардың басқа саласындағы 
зерттеу нəтижелерін біріктіріп жəне қайта мағыналап, «өзін-өзі 
дамыту», «өзін-өзін өзекті ету», «өзін-өзі жетілдіру», «өзін-өзі 
жүзеге асыру» ұғымдарының «акме» жəне «мəдениет» ұғымдарымен 
арақатынаста болатынын көрсетті. Акме нəтиже ретінде, бір мезгілде 
адамның өзін-өзі дамыту үдерісі ретінде, оның мəдениетінде көрініс 
табады. Өз кезегінде мəдениет өзін-өзі дамытудың интегралды 
көрсеткіші, бір мезгілде осы үдерістің тиімділігін қамтамасыз ететін 
тұлғалық сапа ретінде болады. 
«Акмеологиялық мəдениет» термині акмеологиялық зерттеулер 
аясында бұрын қолданыла бастады (В.Ф.Варуков, Н.Э.Вегерчук, 
В.И.Деркач, О.Г.Коломиец, Е.П.Кондратьева П.Н.Кудельникова, 
Е.А.Суслова жəне т.б.).
Нормативті жəне прогностикалық үлгі аясында, тұлғаның 
акмеологиялық мəдениеті құрылым, үдеріс ретінде қарастырылады, 
мұндай құрылымды құруға жетелейтін, яғни құрылымдық жəне 
функционалды компоненттердің жиынтығы ретінде қарастырылады. 
Акмеологиялық мəдениеттің құрылымына ментальды, құндылықты 
жəне креативті компоненттер енеді. 
Ментальды компонентті акмеологиялық ментальдық жəне 
акмеологиялық менталитет құрайды, олар сананың «терең» қабаты 
ретінде рефлексивті актілерді, өзін-өзі дамытуға бағдарланған 
адамның саналы ұғынылған мінез-құлқын анықтайды; өзін-өзі жү-
зеге асырушы адамның рухани жəне интеллектуалды мүмкіндіктері 
ретінде болады. 
Құндылықты компонентті жоғары тұлғалық идеалдар, құнды-
лықтар жəне құндылық бағдарлар құрайды, олар өзекті мақсат 
ретінде емес, өзін-өзі дамытудың негізі, оның тиімділігі мен деңгейін 
бағалаудың өлшемі ретінде болады. 
Креативті компонентті іс-əрекет ретіндегі шығармашылық 
құрайды, ол өмір сүру əрекетінің акме-бағдарлануын, шығар-
машылықтың тиімділігін қамтамасыз ететін тұлғалық сапа ретіндегі 
креативтілікті негіздейді. 
Білім беру мұратына сəйкес педагог мамандарды даярлау 
тəжірибесі Г.Қ.Ахметова, педагогтердің зерттеу мəдениетін 
қалыптастыру, болашақ мамандардың креативтілігін қалыптастыру 
Б.А.Оспанова, А.С.Швайковский, Қ.М.Нағымжанова студенттің 
креативтігін қалыптастыру мақсатында инновациялық тех-
нологияларды 
пайдалану 
Г.Қ.Нұрғалиева, 
жоғары 
мектеп 
дидактикасының дамуы Т.С.Сабыров, Е.Ө.Жұматаева, жоғары 
оқу орнындағы оқыту мəселелерін Болон үдерісі талаптарына сай 
басқару Н.А.Асанов, С.Ə.Əбдіманапов еңбектерінде зерделенген. 
Мұнда шығармашылық ішкі дүниетанымның айқын көрінісі 
ретінде, яғни білімнің нəтижесі оқушының тұлғалық-мəдени 
қалыптасуы тұрғысынан қарастырылады, мұндай оқыту жүйесіне 
Кенжебеков Б.Т., Таубаева Ш.Т. бағыттық білім беру жүйесін 
жатқызуға болады.
Тұлғаның акмеологиялық мəдениетінің когнитивті, моти-
вациялық-мақсатты, эмоционалды жəне операционалды-функ-
ционалды компоненттері анықталған. 
Когнитивті компонентті акмеологиялық өзіндік сана құрайды – 
ол адамның өзін-өзі дамыту субъектісі ретіндегі ұғымдар кешені, 
өзін индивид, тұлға, субъект жəне даралық ретіндегі біртұтас 
бейнесі, өмір сүру əрекетінің субъектісі ретіндегі адамның өзіне 
деген қатынасы мен бағдарлары. 
Мотивациялық-мақсатты компонентті акме-мотивацияның бірік-
тірілген, мазмұнды жəне динамикалық үдерістер құрайды, сонымен 
бірге өзін-өзі дамыту саласындағы мақсатты құрылымдар мен 
мақсатты болжау құрайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет