154
155
ізгілендірудің жалпы үрдісімен жəне акмеологиялық парадигмадағы
басымдылықтардың алмасуымен байланысты. Зерттеуші сипаттағы
қызығушылық кəсіби қауымдастыққа емес, бірінші кезекте адамға
бағытталған. Тұлға кəсіби жəне тұлғалық тұрғыда өз дамуының
субъектісі болып табылады, мұны тұлғаның өзін-өзі жүзеге
асыру, өзін-өзі өзектілеу, өзін-өзі ретту жəне өзін-өзі жетілдіру
үдерістерінсіз көрсету мүмкін емес (С.Л. Рубинштейн, К.А. Абуль-
ханова, А.В.Брушлинский, О.Б.Москаленко, Е.А.Науменко, Е.Б. Се-
лезнева жəне т.б.).
Үшіншіден, жастық шақ кезеңінде тұлғаны дамыту үдерісін
біртұтас заманауи қоғамның əлеуметтік-мəдени жаңа өрісін дамыту
ретінде оңтайландыру болып саналады.
Акмеологиялық бағытта кəсіпқойдың тұлғалық-кəсіби даму
мəселесі, кадрларды кəсібилендіру, мамандардың нəтижелі
модельдерін, алгоритмдерін, дамыту технологияларын жəне
меңгерілген адамзат əлеуетін жүзеге асыруды құру мəселесі жаңа-
ша тұрғыда шешіледі.
Индивидтің акмеологиялық дамуының негіздерін онтогенез
үдерісін құрайтын дербес үдеріс ретінде, іс-əрекетте көпсатылы
деңгейлі өзін-өзі жүзеге асыру үдерісі ретінде айқындайтын
А.А.Деркач, Э.В.Сайттың еңбектері ерекше зейін аудартады, аталған
үдерістің барысында құрылымы, мазмұны, көріну, қамтамасыз ету
дəрежесі бойынша өзгеретін, жаңа деңгейдегі, жаңа іс-əрекеттегі
қажеттіліктің бір мезгілде туындауы жүзеге асады.
Жастық шақ кезеңінде тұлғаның дамуының осындай мəні,
адамды социумға əрекетті субъект ретінде көрсететін, оның
көпжоспарлы, белсенді шығармашылық іс-əрекеттегі субъектілі
қорын, тұлғаның психикалық дамуының нəтижесі ретіндегі
меңгерілетін, жинақталатын адамзат əлеуетін жүзеге асыруды
қамтиды.
Субъектілі тұғыр бойынша, жастық шақ кезеңінде тұлғаның
акмеологиялық дамуы, оның өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігі мен
өзін-өзі ашуға дайындықтың өзара байланысын өзектілеуді білдіреді.
Мұнда тұлға іс-əрекеттің, өмір сүрудің, қарым-қатынас пен өзін-өзі
дамытудың субъектісі болуы керек.
Жүйелі тұғыр бойынша, тұлғаның акмеологиялық дамуы
біріктіруші,
координациялық,
жобалаушы
жəне
реттеуші
функцияларды орындайтын, өзін-өзі дамытушы жəне өзін-өзі
басқарушы жүйені көрсетеді. Біріктіруші функцияның аясында,
жастық шақ кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуы, бір салада
табысты түрде тəжірибеден өткізілген сызбаларды, жаңа міндеттерді
шешуге алмастыруды қамтитын, тұлғаның алдында жастық шақ
кезеңінде туындайтын мəселелерді шешу мақсатында, өзін-өзі
жүзеге асыру қажеттілігі мен өзін-өзі ашуға дайындықтың өзара
əрекеттестігін үйлестіреді.
Жастық шақ кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуының
механизмдері, тұлғаның қалыптасу үдерісін анықтайтын, осы
бағыттан оған əсер ететін, жастық шақ кезеңінде тұлғаның
акмеологиялық даму үрдістері түрінде көрінетін, біртұтас жүйенің
элементтері арасындағы сыртқы жəне ішкі интегративті, объективті,
тұрақты байланыстар ретіндегі жастық шақ кезеңіндегі тұлғаның
акмеологиялық дамуының заңдылықтарын қарастыруға мүмкіндік
береді.
Заңдылықтардың үш тобы анықталған:
– біріншісі – бұл жастық шақ кезеңінде тұлғаны акмеологиялық
дамыту үдерісінің мақсаттарының, мазмұнының, тиімділігінің,
əдістерінің, динамикасы мен басқару үдерісінің заңдылықтары.
Жастық шақ кезеңінде тұлғаны акмеологиялық дамыту үдерісінің
мақсаттары, қоғамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне, оның
дамуының деңгейлері мен жылдамдығына, оқыту тəжірибесі
мен педагогикалық, психологиялық ғылымының дамуы мен
мүмкіндіктерінің деңгейіне тəуелді болады; осы үдерістің мазмұны
мақсаттарға, тұлғаның жас мүмкіндіктеріне, оқытудың теориясы мен
тəжірибесінің даму деңгейіне тəуелді болады. Жастық шақ кезеңінде
тұлғаны акмеологиялық дамыту үдерісінің əдістерін құрастыру жəне
қолдану, əдістерді қолданудағы білімдер мен дағдыларға, аталған
үдерістің мақсаты мен мазмұнының тұлғаның жасына сəйкестігіне,
білімді меңгерудегі тұлғаның қабілеттеріне жəне жастық шақ
кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуына тəуелді болады;
– екіншісі – бұл жастық шақ кезеңінде тұлғаны акмеологиялық
дамыту үдерісін ұйымдастыру заңдылықтары. Жастық шақ кезеңін-
де тұлғаны акмеологиялық дамыту үдерісінің нəтижелері, оқытушы-
ның тəжірибені беруіне, тəжірибені сырттай ұйымдастыруға
тəуелді болады. Аталған үдерістің тиімділігі, оқытушының еңбегін
ұйымдастыру деңгейіне тəуелді болады, оқыту нəтижелері жəне
жастық шақ кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуы, оқытудың
|