134
135
Эмоционалды компонентті адамның өзіне деген жалпы
эмоционалды қатынасы (өзіндік қатынас) жəне өзіндік бағалаушы
қатынас (өзіндік бағалау) құрайды.
Операционалды
компонентті
акме-бағдарланған
өзін-өзі
дамытудың мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған психо-
технологиялар жүйесі құрайды (өзін-өзі тану, өзіндік талдау, өзіндік
бақылау, өзіндік түзету психотехнологиялары). Функционалды
компоненттер біліктер-құзырлылықтар жүйесі арқылы жүзеге
асырылады.
Акмеологиялық мəдениеттің дамуының ішкі интегралды өлшемі
ретінде, оның құрылымдық жəне функционалды компоненттерінің
қалыптасуы алынады. Ішкі интегралды өлшем сыртқы өлшемдер
жүйесі арқылы байқалады.
Акмеологиялық мəдениеттің дамуының сыртқы интегралды
өлшемі ретінде, адамның өзін-өзі жүзеге асыруы мен акмеге жетуінің
факторы ретіндегі өзін-өзі дамытудың тиімділігі айқындалады.
Аталған өлшем объективті болып саналады, себебі өзін-өзі дамыту
субъектісі ретіндегі адамның шынайы сипаттамасы алынады.
Сыртқы интегралды өлшем, арнайы сыртқы өлшемдер жүйесі
ретінде көрсетіледі, ол акмеологиялық мəдениеттің даму деңгейін
негізделген тұрғыда, өзін-өзі жүзеге асыру жəне акмеге қарай
қозғалыс үдерісінің мазмұнды жəне динамикалық көрсеткіштері
арқылы бағалауға мүмкіндік береді:
– өзін-өзі жүзеге асыруға құндылық бағдар, өзін-өзі дамытудың
қалыптасқан құндылықтары, іс-əрекеттің мазмұны ретіндегі өзін-өзі
дамыту, өзін-өзі жетілдіруге бағыттылық арқылы ашылады;
– адамның өзін-өзі жүзеге асыруының оңтайлылығы жəне көп-
қырлы өмір сүруінің тұтастығы, тұлғалық əлеуетті адекватты өзіндік
бағалау, қалаулар деңгейі, өмірлік жоспарларды жүзеге асырудың
деңгейі, өмір сүрудің əртүрлі саласында өзін-өзі жүзеге асырудың
үйлесімі арқылы көрініс береді;
– өзін-өзі дамыту үдерісіндегі креативтілік іс-əрекеттегі шы-
ғармашылық, өзбетінділік жəне тəуелсіздік, өзін-өзі дамыту мақ-
сатында жағдаятты саналы мағыналау жəне алмастыру қабілеті
арқылы байқалады;
– рефлексивті өзін-өзі реттеу, бақылаудың ішкі локусы арқылы,
белгісіздікке төзімділіктің жоғары деңгейі, өмір сүру əрекетін
ұйымдастырудағы икемділік арқылы ашылады.
Акмеологиялық мəдениеттің күйін оңтайландыру, тұлғаның
жəне білім беру кеңістігінде дамыту үдерісінің жүйелілігімен
байланысты. Білім беру кеңістігінде білімгерлердің акмеологиялық
мəдениетін дамытудың интегративті жүйесінің компоненттерінің
өзара байланысты жəне өзара негізделген бірлігі, тұлғаның
акмеологиялық мəдениетін тиімді дамытудың алгоритмін жүзеге
асырудың тиімділігін қамтамасыз етеді.
Білімгерлердің акмеологиялық мəдениетінің жоғары деңге-
йіне жетуі, бірқатар əлеуметтік, əлеуметтік-психологиялық, педа-
гогикалық жəне дидактикалық шарттармен қамтамасыз етіледі,
олар өз кезегінде акмеологиялық шарттар ретінде қарастырылады,
себебі кешенді түрде олар білім беру кеңістігінде студенттердің
акмеологиялық мəдениетін дамыту үдерісін белсендіруді жəне
оңтайландыруды, оның деңгейін арттыруды, акмеге тиімді жетуді,
өзін-өзі жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Студенттердің акмеологиялық мəдениетін тиімді дамытудың
негізгі макроəлеуметтік шарты ретінде, тұрақты акме-бағдарланған
өзіндік өзгерістерге бағытталған қоғамдағы сұраныс алынады.
Акмеологиялық мəдениетті тиімді дамытудың əлеуметтік-
психологиялық шарты ретінде, коммуникативті өзара əрекеттестікке
тұлғалық бағдарлану, яғни диалогты қарым-қатынас алынады.
Тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігі жəне акмеологиялық
мəдениетті дамыту үдерісін белсендіру, диалог үдерісінде бірлес-
кен когнитивті кеңістікті құру есебінен өзекті боуы мүмкін.
Үздіксіз білім беру үдерісінде студенттердің акмеологиялық
мəдениетін
дамытудың
педагогикалық
шарттары
ретінде
алынатындар:
тұлғалық
бағдарланған
тұғырды
ендіру;
акмеологиялық мəдениетті дамытудың арнайы бағдарламасын
құрастыру; білімгерлердің акме-бағдарланған өзіндік өзгерістерін
акмеологиялық тұрғыда қолдауды ұйымдастыру.
Үздіксіз білім беру жүйесінде студенттердің акмеологиялық
мəдениетін дамыту үдерісін оңтайландырудың дидактикалық шарт-
тары ретінде алынатындар: акмеологиялық мəдениетті сатылы
дамытудың кешенді, дидактикалық, мақсатты бағытталған үдерісін
ұйымдастыру; дидактикалық өзара əрекеттестік ретінде білім беру
кеңістігінде субъект-субъектілі өзара əрекеттестікті жүзеге асыру.
Акмеологиялық мəдениетті дамыту тиімділігінің акмеология-
лық факторларының үш түрі анықталған:
|