Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет77/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   205
Акмеология

148
149
2.3 Жастық шақ кезеңінде тұлғаны акмеологиялық 
дамытудың мəні, мазмұны жəне құрылымы
Тақырыптың негізгі ұғымдары: акмеологиялық дамыту, өзін-
өзі ұйымдастыру, өзіндік білім алу, өзіндік бақылау, «Кəсіби идеалды 
Мен», «Кəсіби шынайы Мен», «Мен тұжырымдамасы», өзін-өзі 
тану, өзіндік қатынас, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі басқару, өзіндік сана, 
өзіндік дамыту. 
Қазіргі қоғамда болып жатқан əлеуметтік-экономикалық жəне 
саяси өзгерістер, барлық əлеуметтік топтарға, соның ішінде жастар 
қауымына да əсер етеді. Жастардың мінез-құлқы аталған топқа тəн 
мінез-құлық сапаларымен, сонымен бірге олардың қоғамда алатын 
орнымен негізделген: психикалық жылдамдық, интеллектуалды 
ұтқырлық, эмоциялардың ақыл-ойдан басымдылығы. Жастардың 
тұлғалық жəне əлеуметтік нормаларын қалыптастыру мен меңгеру, 
олардың мінез-құлқын əлеуметтік-психологиялық реттеу мəселесі-
нің ерекше мəні болады, себебі жастар қоғамның жарқын болашағын 
білдіреді, оның мүмкіндіктері мен мəселелерін айқын көрсетеді. 
Қазіргі кезде акмеологияның, психология жəне педагогика 
ғылымдарының алдына, білім берудің əлемдік жүйесінің уақытынан 
бастап, алғаш рет жастық шақ кезеңінде тұлғаны оңтайлы дамыту, 
болашақ мамандарды орта білім беру мекемесінде (мектеп), орта 
кəсіби білім беру мекемесінде (колледж) жəне жоғары кəсіби білім 
беру мекемесінде (ЖОО) оқыту кезеңінде тұлғалық жəне əлеуметтік-
кəсіби құзыреттіліктер кешенін жетілдіру міндеттері толыққанды 
түрде қойылып отыр. 
Акмеологияда нақты адамның кəсібиліктің шыңдарына жетудің 
тиімді факторы, оның кəсіби нəтижелі іс-əрекетінің міндетті 
элементі ретінде, шығармашылық əлеуетті дамыту қабілеті мен 
өзін-өзі жетілдірумен белсенді жəне нəтижелі шұғылдану қабілеті 
қарастырылады. Іс-əрекеттің кез келген саласында тұлғаны кəсіби 
өзін-өзі жетілдіру, көп жағдайда оның кəсіби құзыреттілігінің 
деңгейін анықтайды. 
Жастық шақ кезеңінде тұлғаны акмеологиялық дамытудың 
қажеттілігі, бірқатар себептермен негізделеді, ең алдымен: қазіргі 
жағдайда акмеологиялық дамудың рөлі мен мəнінің артуымен; 
психологиялық жəне əлеуметтік сипаттағы мəселелерді шешуде 
акмеологияның құбылыстарының кең таралуымен; жастық шақ ке-
зеңінде тұлғаның іс-əрекетінің нəтижелілігін арттыру қажеттілігі-
мен; жастар мен педагогтардың тұлғалық-кəсіби сапаларын 
жан-жақты дамыту жəне өзіндік жетілдіру, өзін-өзі тану, өзін-өзі 
көрсетудің құралы ретінде, олардың тұлғасын акмеологиялық 
дамуын оңтайландырудың қажеттілігіне негізделеді. 
Өзін-өзі ұйымдастыру, өзіндік білім алу, өзін-өзі бақылау, 
білімгерлер үшін маңызды қарама-қайшылықты шешудің құралы 
болып табылады: білімгерлердің санасында қалыптасқан «Кəсіби 
идеалды Мен» жəне «Кəсіби шынайы Мен» бейнелерінің арасын-
дағы, олардың кəсіби өзін-өзі жетілдірудің құралдары ретінде 
болады. Кəсібиліктің аса жоғары деңгейіне олар шығармашылық 
əлеуетті жүзеге асыру арқылы, инновацияға деген қабілет арқылы 
жетеді. 
Болашақ мамандардың объективті өзін-өзі бақылау қабілетінің 
маңыздылығын атап өткен жөн. Оның даму деңгейіне, өз 
еңбегінің шынайы жəне əлеуетті нəтижелері туралы ұғымдардың 
адекваттылығына, кəсіби өзін-өзі дамытудың тиімділігі, оның кəсіби 
іс-əрекетінің тиімділігі байланысты болады. 
Адамның тұлғалық əлеуетін белсендірудің басты психоло-
гиялық-акмеологиялық шарттарының бірі ретінде, оның ауто-
психологиялық құзыреттілігі алынады, ол өз кезегінде адамның өзі 
туралы білім жүйесін, сонымен бірге, өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі 
жетілдірудің ішкі резерві ретінде, өзін-өзі тану, өзін-өзі реттеу жəне 
өзін-өзі жүзеге асыру деңгейін арттырудағы біліктер мен дағдылар 
жүйесін, тұлғаның өзіндік психикалық ресурстарын дамыту жəне 
қолдану қабілетін, іс-əрекет үшін өзінің ішкі күйін өзгерту арқылы 
қолайлы жағдай құруды, күтпеген жағдайлар туындағанда қайта 
құруды, маңызды нəтижелерге жетуге деген ерікті бағдарды құруды 
қамтиды. Аутопсихологиялық құзыреттілік тұтас алғанда, өмірді 
жəне кəсіби іс-əрекетті өзіндік ұйымдастырудың оңтайлылығын 
қамтамасыз етеді. 
«Мен-тұжырымдамасы» – бұл «өзіндік» үдерістердің заң-
дылықтарын түсінудің ішкі шарты: өзіндік бағалау, өзін-өзі анықтау, 
өзін-өзі реттеу, өзін-өзі жүзеге асыру, өзіндік іс-əрекет ету, өзін-өзі 
ұйымдастыру жəне өзін-өзі теңестіру.
Субъектінің «Мен-тұжырымдамасының» қалыптасу жəне даму 
үдерісі, көпжүйелі үдеріс ретінде болады. Жүйелілік принципі 
тұрғысында, субъектінің «Мен-тұжырымдамасының» қалыптасуы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет