Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет85/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   205
Акмеология

164
165
Идеалды-Мен-бағдарлар, олар индивидтің қандай болғысы 
келетінімен байланысты. 
В.В.Столин тұлғаның өзі туралы, «Мен-бейнесі» немесе «Мен-
тұжырымдамасы» туралы ұғымдарын құруда көрінетін өзіндік 
сананың қорытынды нəтижесін талдаудың «Мен» бейнесінің 
түрлерін жəне жіктеулерін іздеу арқылы жүзеге асырылады. 
«Мен» бейнесінің танымал айырмасы ретінде, «Идеалды 
Мен» жəне «Шынайы Мен» бейнелерін айыру алынады,
олар У. Джемс, З.Фрейд, К.Левин, К.Роджерстің жəне басқа 
ғалымдардың еңбектерінде көрініс табады, сонымен бірге У.Джемс 
ұсынған «материалды Мен» жəне «əлеуметтік Мен» арасындағы 
айырмашылық алынады. Бейнелерді аса қызықты жіктеуді Розен-
берг ұсынды: «нағыз Мен», «динамикалық Мен», «деректі Мен», 
«мүмкін боларлық Мен», «идеалданған Мен». 
Жастардың өздерінің санасында құратын «Мен» бейнелері ал-
уан түрлі болады – олар оның өмірінің барлық байлығын көрсетеді. 
Өзін тану, өзінің алуан түрлі сапаларын тану, «Мен-
тұжырымдамасы» компонентін қалыптастыруға əкеледі. 
Жастық шақ кезеңінде екі саты анықталады: біреуі балалық 
шақпен шекаралас – ерте жастық шақ (15-16 жас), екіншісі – 
кемелденумен шекаралас жас – ересек жастық шақ (20-21 жас), оны 
кемелденудің бастапқы буыны ретінде қарастыруға болады. Жас-
тық шақтың бірінші сатысы үшін дербес өмірлік жолға дайындық 
тəн болады (кəсіпті таңдаумен байланысты қажетті білімді, 
біліктерді жинақтау, іздеу, тұлғаның белгілі бір сапаларын меңгеру 
жəне т.б.). Екінші сатыға өндірістік еңбекке қатысу жəне меңгерген 
біліктер мен дағдыларды, білімді қолдану, шеберлікті əрі қарай 
жетілдіруге ұмтылыс, өз тұлғасының адамгершілік сапаларын əрі 
қарай жетілдіруге ұмтылыс тəн болады.
Өзіндік сана – бұл В.С.Мерлин бойынша, біріншіден, өзінің 
ұқсастығын саналы ұғынуды, екіншіден, күрделі психологиялық 
құрылым, белсенді, əрекетті бастау ретінде өзіндік «Менін» саналы 
ұғынуды, үшіншіден, өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын 
саналы ұғынуды, төртіншіден, əлеуметтік-адамгершілік өзіндік 
бағалаудың белгілі жүйесін қамтитын ерекше компоненттер ретінде 
болады. 
Өзінің психикалық қасиеттерін саналы ұғыну, өзіндік бағалаудың 
жасөспірімдік жəне жастық шақ кезеңінде аса үлкен мəні болады. 
Алайда, бұл компоненттердің барлығы өзара байланысты 
болғандықтан, олардың бірін байыту бүкіл жүйенің түрін міндетті 
түрде өзгертеді. 
А.Г.Спиркин өзіндік санаға келесі анықтама береді: «өзіндік сана 
– бұл адамның өз əрекеті мен оның нəтижесін, ойларын, сезімдерін, 
моральды бет-бейнесін жəне қызығушылықтарын, мінез-құлық 
идеалдары мен мотивтерін саналы ұғыну жəне бағалау, өзін жəне 
өзінің өмірдегі орнын біртұтас бағалау. Өзіндік сана – тұлғаның 
қалыптасуымен бірге қалыптасатын анықтаушы белгісі». 
Өзіндік сананың пəні ретінде сана алынады. Сонымен бірге, сана 
өзіндік сананың құрамында кезең ретінде сақталады, сондықтан 
өзіндік мəніне жетуге бағдарланған. Егер сана адамның қоршаған 
əлемде бағдарланудың субъективті шарты болса, онда өзіндік сана 
адамның өзіндік тұлғасында, адамның өзі туралы білімінің бағдары, 
яғни бұл «өзін жəне басқаларды табатын рухани сəуле». 
Өзіндік сананың нəтижесінде, адам өзін табиғаттан жəне 
басқа адамдардан жеке дара шынайылық ретінде саналы ұғынады. 
А.Г.Спиркин бойынша, өзіндік сананың негізгі мəні ретінде, «біздің 
болмыстың қарапайым санасын, өзіндік өмір сүруді, өзін, немесе 
өзіндік «Менді» саналы ұғынуды атау керек. 
Өзіндік сана жоғары психикалық функциялардың дамуының 
шыңы болып табылады, ол адамға сыртқы əлемді көрсетуге 
мүмкіндік беріп қоймайды, сонымен бірге адамның өзін осы əлемде 
айқындап, өзінің ішкі əлемін тануға, оны бастан өткеруге, белгілі 
жағдайда қатынас білдіруге мүмкіндік береді. Бірқатар тұрақты 
объект ретінде өзін саналы ұғыну, ішкі тұтастықты, тұлғаның 
тұрақтылығын қамтиды, олар өз кезегінде өзгеретін жағдайларға 
тəуелсіз өзгеріссіз қалады. 
Алайда, А.Н.Леонтьев өзіндік сана мəселесін «тұлғаның 
психологиясын қамтитын жоғары өмірлік мəн» мəселесі ретінде 
сипаттап, оны «ғылыми-психологиялық талдаудан шеткері, 
шешілмеген» мəселе ретінде бағалайды. 
Өзіндік бағалау салыстырмалы түрде тұрақты құрылым ретінде, 
«Мен-тұжырымдаманың», өзін-өзі танудың компоненті ретінде, 
өзіндік бағалау үдерісі ретінде болады. Өзіндік бағалаудың негізін 
индивидтің тұлғалық мəндер жүйесі, оның қабылдаған құндылықтар 
жүйесі құрайды, ол орталық тұлғалық құрылым жəне «Мен-
тұжырымдаманың» орталық компоненті ретінде қарастырылады. 
А.З.Зактың зерттеулерінде өзіндік бағалау талдау құралы жəне 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет