Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет79/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   205
Акмеология

152
153
қазіргі жағдайдағы болашақ кəсіби маманның тұлғасын дамытудың 
маңызды шарты болып табылады. 
Акмеологиялық тұғырдың аясында, қарастырылатын үдеріс, 
аталған мəселені кешенді зерттеуде байқалады, бұл үдеріс 
проблемалық-интегративті, біртұтас, субъектілі-акмеологиялық 
жəне рефлексивті-акмеологиялық тұрғыда тұлғаның жастық шақ 
кезеңінде дамудың бағытын анықтайды, қойылған мақсаттарға 
сəйкес тұлғаның дамуының бағыттылығын, оның ішінде ілгері 
тұлғалық дамуға бағдарын, оның даралығына көтерілуді анықтайды. 
Жастық шақ кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуы барысында, 
оның мазмұны жəне тұлғаны дамыту бағыттары, аталған үдерістің 
басқа субъектілерінің даму бағыттары өзгереді. 
Жастық шақ кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуы, 
студенттер мен оқытушылардың өзара əрекеттестігі үдерісінде, 
осы үдерістің басқа субъектілерінің өзара əрекеті үдерісінде жүзеге 
асырылады. Жастық шақ кезеңінде тұлғаны дамытудың мəні, тұлға-
ның психикалық дамуының нəтижесі, адамды социумға əрекетті 
субъект ретінде көрсететін, тұлғаның көпжоспарлы белсенді 
шығармашылық іс-əрекеттегі субъектілі қорын, интеграциялық 
түрде өзін-өзі жүзеге асыру үдерісі болатын, жинақталатын, 
меңгеретін адамзат əлеуетін жүзеге асыруды қамтиды. Бұл тұрғыда 
өзін-өзі жүзеге асыру, жастық шақ кезеңінде тұлғаның мəнді 
сипаттамасын білдіреді, оның ашық шекарасы бар құндылықты 
дамыту-өзін-өзі дамыту ретінде, белгілі тұтастықты жүйелі орындау 
ретінде анықтайды, мұнда өзін-өзі дамыту полюсі көрінудің əртүрлі 
дəрежесіндегі өзін-өзі жүзеге асыру полюсімен үнемі «теңестіріледі». 
Мұнда өзін-өзі жүзеге асыру аясында тұлғаның өзіндік бейнесін 
дамыту-өзіндік дамыту үдерістері жүзеге асады, өзін-өзі жүзеге 
асыру акмеологиялық дамудың орталық жаңа құрылымы ретінде 
болады. 
Акмеология тұрғысында жастық шақ кезеңінде тұлғаның 
акмеологиялық дамуы, онтогенез үдерісін құрайтын дербес ерекше 
үдеріс болып табылады, сонымен бірге тұлғаның оқу-кəсіби іс-
əрекетте көп сатылы, деңгейлі түрде жүзеге асыруы барысында, 
бір мезгілде жаңа өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігі туындайды 
(құрылымы, мазмұны, айқындалу жəне қамтамасыз ету дəрежесі 
бойынша өзгеретін), бұл өз кезегінде жаңа құрылымның – тұлғаның 
өзіндік «Менін» өзіндік саналы ұғыну ретіндегі өзін-өзі ашуға 
дайындықтың пайда болуына əкеледі (өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау, 
өзін-өзі бағалау, өзін-өзі қабылдау, өзіндік қатынас). 
Жастық шақ кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуы 
барысында, оның құрылымы қалыптасады, яғни компоненттердің 
жиынтығы қалыптасады, онда кез келген компонент басқалармен 
үйлесімді түрде өзара байланысты, адамның даралыққа қозғалысы 
ретінде тұлғалық дамуын негіздейді, болашақ кəсіби іс-əрекеттің 
сценарийін қалыптастырады. Жастық шақ кезеңінде тұлғаның 
акмеологиялық дамуының құрылымында, келесі компоненттер 
айқындалған: тұлғаның өзін-өзі ашуға дайындығы жəне өзін-өзі 
жүзеге асыру қажеттілігі. 
Жастық шақ кезеңі – өмірдің мəнін жəне оның мақсаттарын 
саналы ұғынуды қамтитын, тұлғаны қалыптастырудың жауапты 
кезеңдерінің бірі (Г.С.Абрамова, В.А.Алексеев, Е.Л.Волкова, 
И.В.Дубровина, Н.С.Кон, И.Ю.Кулагина, А.В.Мудрик, B.C.Мухина, 
A.M.Прихожан, А.Л.Савенков, Д.Л.Фельдшгейн жəне т.б.). Көптеген 
зерттеушілердің пікірлері бойынша, жастық шақ кезеңі, өзіндік 
сенімдерді жəне өзінің өмірлік жолын дербес құру шеберлігін 
қалыптастырудың басты кезеңі болып табылады. 
Tұлғаның қалыптасуындағы субъектілік мəселелерін отандық 
ғалымдар Ж.Ы. Намазбаева, А.Р. Ерментаева. 
A.Р. Ерментаева тұлғаны оқыту, тəрбиелеу, дамыту мəселелерін 
жоғарыдан кейінгі білім беру саласы жағдайында қарастырудың 
маңыздылығын сөз етеді. Осыған байланысты ол «өзіндік даму», 
«өзіндік жетілу», «дербестік», «белсенділік» сияқты тұлғаның 
субъектілігін сипаттайтын ұғымдарды қолдану қажеттілігін айтады. 
Акмеология жəне психологияның ресурстарын тұлғаны 
қалыптастыру жəне дамыту үдерістерінде, жастық шақ кезеңінде 
тұлғаны дамытудың жағымсыз сценарийлерінің алдын алуда, 
жастардың субмəдениетінің асоциалды түрлерінің құндылықтарын 
алдын алуда, олардың жастарға жағымсыз əсерін азайтуда, жастар-
дың əртүрлі субмəдениетті таратушылардың қызығушылықтарын 
үйлестіруде тиімді қолдану қажет. 
Əлем дамуының қазіргі кезеңі, əлеуметтік-экономикалық 
өзгермелі жағдайларда өзін-өзі жетістікпен жүзеге асыруға қабілетті 
кəсіби ұтқыр мамандарға деген қажеттіліктің артуымен сипатталады. 
Əртүрлі бейіндегі жəне жастағы мамандардың тұлғалық-кəсіби 
даму мəселесі, акмеология саласындағы зерттеушілердің назарын 
қызықтырып келеді (А. А. Деркач, В.Г.Зазыкин, Н.В.Кузьмина, 
А.К.Маркова, И.Н.Семенов жəне т.б.). Бұл адам туралы ғылымдарды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет