Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет82/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   205
Акмеология

158
159
ашылады; тұлғаның акмеологиялық даму үдерісінде «акмеге» 
жету үшін, оның ішкі мотивациясы қалыптасуы мүмкін; тұлғаның 
өзін-өзі жүзеге асыру жəне өзін-өзі ашуға дайындығын дамытуға 
бағытталған тəрбие, білім беру жəне дамытудың əдістері, түрлері мен 
құралдары қолданылады; оқытушылардың, ата-аналардың, достар 
мен қатарластардың жетекшілігімен жəне өз бетімен тұлғаның 
акмеологиялық дамуы барысында, «акмеге» жету мақсатында 
тұлғаның оқу-кəсіби іс-əрекетін арнайы басқару ұйымдастырылады. 
Тұлғаның акмеологиялық даму детерминациясының прин-
циптері жəне интеграциялық жүйенің аталған мақсаты мен мін-
деттері, аталған жүйенің құрылымдық элементтерін анықтауға 
мүмкіндік береді. Оқытудың мазмұнына ғылыми жəне көркем 
əдебиеттер, ойын жағдаяттары, проблемалық тапсырмалар мен 
рөлдік ойындар жатады, олардың аясында жастық шақ кезеңінде 
тұлғаның акмеологиялық дамуы жүзеге асырылады (маманның 
коммуникативті құзыреттілігі қалыптасады). 
Тұлғаның акмеологиялық дамуының əдістеріне, түрлеріне
жəне тəсілдеріне жататындар: оқу ақпаратын құрастыру əдістері, 
проблемалық əдіс, бағдарламалық əдіс, көпшамалы сипаттау əдісі, 
жүйелі құрастыру жəне баяндау əдісі, ақпараттық-ұсыну əдісі, 
студенттер мен оқытушылардың оқу-зерттеу міндеттерін бірлесіп 
шешу əдісі жəне т.б. 
Интеграциялық жүйенің қарастырылған құрылымдық эле-
менттері, осы жүйенің мазмұнды компоненттерін анықтауға 
мүмкіндік береді: педагогикалық, дидактикалық, психологиялық 
жəне əлеуметтік-мəдени. Аталған компоненттер бір-бірімен өзара 
байланысты жəне бір-бірін өзара толықтыратын жүйелер ретінде 
болады. 
Педагогикалық компонент құрылымдық элементтер арқылы 
(мақсатты, ынталандырушы, мазмұнды, əрекеттік, бағалаушы
аналитикалық) жəне функционалды элементтер арқылы беріледі 
(гностикалық, жобалаушы, конструктивті, коммуникативті, ұйым-
дастырушылық). 
Дидактикалық компонент жастық шақ кезеңінде тұлғаның 
акмеологиялық дамуы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың 
принциптерін көрсетеді. Дидактикалық құралдарға материалдық 
құралдар (дидактикалық материал, көрнекі оқу құралдарының 
түрлері, тапсырмалар мен жаттығулар жинағы жəне т.б.), сонымен 
бірге, материалдық емес сипаттағы құралдар (оқыту əдістері мен 
тəсілдері, оқу-танымдық іс-əрекетті ұйымдастыру түрлері) жатады. 
Интеграциялық жүйенің дидактикалық компонентінің құрамдас 
элементтері ретінде, аксиологиялық, мазмұнды жəне технология-
лық компонент алынады. 
Психологиялық компонент акмеологиялық дамыту мақсатында 
тұлғаның дамуын төмендегі бағыттар бойынша қайта жаңғыртуды 
қамтамасыз етеді: даярлық мəселесінің мəнін ашу, өзін-өзі жүзеге 
асыру қажеттілігін қалыптастыру, субъектілікті жаңа құнды құры-
лым ретінде өзгерту, тұлғаның іс-əрекеті мен дамыту бағыттарының 
өзара байланысы. 
Əлеуметтік-мəдени компонент жастық шақ кезеңінде тұлғаның 
акмеологиялық дамуындағы əлеуметтік қоршаған ортаның рөлін 
ескереді: педагогтар, қатарластар, достар жəне осы үдерістің басқа 
субъектілері. Бұдан басқа, тұлға акмеологиялық тұрғыда дами 
отырып, социумның мүшесі ретінде оның мəдениетін меңгеруі 
қажет. Оған өзі өмір сүретін ортасы əсер етеді. Сондықтан бұл 
компонентте келесі элементтер анықталады: өзіндік мəдени, ата-
аналар жəне педагогикалық, орта, референтті-топтық (қатарластар), 
топаралық (əртүрлі жастағы білімгерлер). 
Тұлғаның акмеологиялық дамуының акмеологиялық тұрғыда 
қамтамасыз етілуі, орта жəне жоғары жалпы жəне кəсіби білім 
беру жүйесінің аясында, жастық шақ кезеңінде тұлғаның 
акмеологиялық дамуының технологияларын құрастыру мен жүзеге 
асырудың бірыңғай, біртұтас үдерісін құрайтын, қамтамасыз ететін 
элементтердің субъективті факторлары мен өзара байланысқан, 
өзара негізделген объективті жағдайлардың біртұтас жүйесі ретінде 
болады. Бұл қамтамасыз ету тұлғаның акмеологиялық дамуына 
ықпал ететін жəне тұлғалық қалыптасудың негізі, əрі қарай 
тұлғалық жəне кəсіби өсудің іргетасы болатын психологиялық жəне 
акмеологиялық іс-шаралардың жиынтығы ретінде болады. 
Өзін-өзі дамытушы механизмдер тұлғаның акмеологиялық 
дамуын субъект-субъектілі өзара əрекетте жүзеге асырады, тұлғаның 
жастық шақ кезеңіндегі өзіндік мотивациясын, өзіндік іс-əрекетін, 
өзбетінділігін қалыптастырады, оның жастық шақ кезеңіндегі 
акмеологиялық дамуын тұлғаның психикалық дамуындағы жас 
ерекшеліктерін қалыптастыру есебінен қамтамасыз етеді, мұнда 
жастық шақ кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуының 
компоненттерінің бірыңғай болмауы, біртекті болмауы, əртүрлі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет