Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет81/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   205
Акмеология

156
157
ұзақтығына тікелей пропорционалды; дамыту үдерісінің мақсатта-
рын саналы ұғыну, адамның оқу іс-əрекетіне ендіру тəсілі, дамыту-
шы əдістер мен құралдарды қолдану, оқу материалын меңгеруге 
қажет бөліктерге бөлу тəсіліне тəуелді болады; 
– үшіншісі – бұл жастық шақ кезеңінде тұлғаны акмеологиялық 
дамыту үдерісін басқарудың заңдылықтары. Аталған үдерістің 
тиімділігі, кері байланыстың жиілігіне жəне көлеміне тікелей про-
порционалды болатыны анықталған; жастық шақ кезеңінде тұлғаны 
акмеологиялық дамытудың құрылымы жəне сапасы, бақылаудың 
тиімділігіне тəуелді болады; аталған үдерістің сапасы осы үдерісті 
басқарудың сапасына тікелей пропорционалды; басқарудың тиім-
ділігі ақпаратты басқарушының саны мен сапасына, адамның 
күйлері мен мүмкіндіктеріне, басқарушы əсерлерді қабылдаушы 
жəне қайта өңдеушіге тікелей пропорционалды тəуелділікте бола-
ды; егер орындауға қажет əрекет моделі – «қозғалыс бағдарламасы» 
жəне оның нəтижелері – «мақсаттың бағдарламасы» тұлғаның 
іс-əрекетінен озып кететін болса, онда даму үдерісінің тиімділігі 
артады. 
Жастық шақ кезеңінде тұлғаны акмеологиялық дамытудың 
əлеуметтік-мəдени заңдылықтары, аталған үдерістің тұлғаны 
əлеуметтендіруге жəне оны басқа субъектілермен өзара əрекетіне 
тəуелділігін көрсетеді. Жастық шақ кезеңінде тұлғаның акмео-
логиялық дамуының, оқытушы мен басқа субъектілердің бірлескен іс-
əрекетін ұйымдастырудың келесі ережелерге сəйкес болған жағдайда 
позитивті динамикасының болатыны анықталған: əрбір тұлғаға 
іс-əрекетті еркін таңдау мүмкіндігін ұсыну; оған өмір сүру əрекеті 
барысында əлеуметтік ұстанымын алмастыру мүмкіндігін беру; 
тұлғаны басқа адамның орнына қоюға ынталандыру (идентифика-
ция механизмін қолдану). Оқу-тəрбие үдерісін ұйымдастырудың аса 
тиімді түрі ретінде, авторитарлы қатынас түрінен тұлғаның беделіне 
негізделетін қатынасқа, қарым-қатынастың монологты стилінен 
диалогты стильге өтуге мүмкіндік беретін бірлескен іс-əрекет 
алынады; ол индивидтің өзінің «жақын даму аймағын» жүзеге 
асыруды қамтамасыз етеді; референтті тұлға арқылы тұлғаға жəне 
топқа əсер ету механизмдерін əрекетке келтіреді. 
Жастық шақ кезеңінде тұлғаны акмеологиялық дамытудың 
заңдылықтарын зерттеу нəтижесінде, тұлғаның акмеологиялық 
дамуының психологиялық-педагогикалық, тұлғалық жəне əлеу-
меттік-мəдени заңдылықтарын анықтауға болады. Жастық шақ 
кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуының заңдылықтары 
акмеологиялық болып саналады, себебі тұлғаны дамыту эта-
лондарына, атап айтсақ, тұлғаны дамытуға жəне нəтижелі оқу-
кəсіби іс-əрекетке деген қозғалыстың үрдістері мен қатынастардың 
тұрақты байланыстарын көрсетеді. 
Осылайша, жастық шақ кезеңінде тұлғаны акмеологиялық 
дамытудың айқындалған механизмдері мен заңдылықтары, бір 
жағынан зерттелетін үдерісті оңтайландыруға, ал екінші жағынан 
оларды тұлғаның акмеологиялық дамуында есепке алуға мүмкіндік 
береді. 
Мұнда оқу-кəсіби іс-əрекетті жастық шақ кезеңінде субъектінің 
акмеологиялық дамуының негізі ретінде ескеру маңызды, се-
бебі өзін-өзі жүзеге асыру қабілеті мен индивидтің субъектілі 
ұстанымының қалыптасуы жүретін, ерте жастық шақ кезеңіндегі 
қажеттіліктің кез келген көріну дəрежесінде, əлеуметтендіру, 
дараландыру жəне теңестіруді жүзеге асырудың деңгейлері жəне 
құрылымы арасында тығыз жəне шынайы байланыс болады. 
Сонымен бірге, жастық шақ кезеңінде тұлғаның акмеологиялық 
дамуына əлеуметтік-мəдени жəне білім беру-тəрбиелік ортамен 
тиімді өзара əрекеттестік маңызды үлес қосады. Мұның бəрі кешен-
ді түрде тұлғаның өзін-өзі дамытуына жəне өзін-өзі жетілдіруіне 
ықпал етеді. 
Интеграциялық жүйе тəрбие, білім беру жəне даму жүйесі 
ретінде, мақсаттар мен міндеттерден басқа, тəрбие, білім беру 
жəне дамытудың мазмұнын, əдістерін, түрлері мен құралдарын 
анықтайтын негізгі қағидаларды қамтуы қажет. Жүйенің маңызды 
компоненті ретінде, жастық шақ кезеңіндегі тұлғаның өзі жəне атал-
ған үдерістің басқа субъектілері алынады: оқытушылар, ата-аналар, 
достар жəне қатарластар. Бұл субъектілерді тең құқылы серіктес 
ынтымақтастықтың субъектілері ретінде, жастық шақ кезеңіндегі 
тұлғаның іс-əрекетінің фасилитаторлары ретінде қарастыруға 
болады. Бұлар тұлғаға өзбетінділіктің барынша ауқымын ұсынып
тұлғаның акмеологиялық дамуына жағдай жасайды. Тұлғаның 
акмеологиялық дамуының басқа субъектілерінің негізгі міндеті 
ретінде, бірқатар психологиялық-педагогикалық жағдайларды құру 
алынады: тұлға толыққанды дəрежеде белсенді тұлғалық ұстанымды 
ұстауға қабілетті, оқу-кəсіби іс-əрекеттің субъектісі ретінде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет