Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет83/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   205
Акмеология

160
161
жылдамдығы есепке алынады. Аталған үдерістің жас ерекшеліктерін 
ескеру, бір жағынан, жас кезеңінің əртүрлі сатысында, тұлғаның 
акмеологиялық дамуының болжанатын динамикасына əкеледі. 
Жастық шақ кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуының 
аксиологиялық жəне коммуникативті əлеуетпен байланысты 
болатыны анықталған, себебі тұлғаның акмеологиялық дамуы 
құндылықтардың алмасуы ретінде болатын қарым-қатынас 
барысында жүзеге асырылады. Тұлғаның коммуникативті жəне 
аксиологиялық əлеуеттерін дамыту, оның əлеуетті құндылық 
мүмкіндіктері жүзеге асырылған жағдайда сəтті болады. Бұдан 
басқа, тұлғаның өмірдің, мəдениеттің, өнердің құндылықтарына 
деген қажеттілігін арттыруға ықпал ететін аксиологиялық ой-
пікірлер беріледі. Тұлғаның өзін-өзі маңызды етуге жəне өзін-
өзі дамытуға тұрақты бағдарын қалыптастыратын жағдаяттың 
құрылғаны маңызды. 
Жастық шақ кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуының 
негізгі компоненттері ретінде, тұлғаның өзін-өзі ашуға дайындығы 
мен өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігі алынады. Жастық шақ кезеңін-
де тұлғаның акмеологиялық дамуының келесі мəнді белгілері 
болады: субъектілік жаңа құндылық құрылым ретінде болады, ол 
жастық шақ кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуы үдерісінде, 
өзін-өзі жүзеге асырудың негізі жəне шарты болады, мұнда өзін-өзі 
маңызды етуге, өзін-өзі жүзеге асыруға ерекше рөл беріледі; олар 
ерте жастық шақта тұлғаның даму орталығына шығады жəне ерекше 
мəнге ие болады, ең алдымен, адамның аталған жас кезеңінде өзін-
өзі жүзеге асыруында «акме» контексінде ерекше мəнге ие болады. 
Тұлғаның акмеологиялық дамуы психологиялық-акмеологиялық 
жағдайлар мен факторларды ескеру арқылы жүзеге асады. Тұлғаның 
акмеологиялық дамуын оңтайландыру, жастық шақ кезеңінде 
тұлғаның акмеологиялық дамуының психологиялық-педагогикалық, 
акмеологиялық технологиялар жүйесін ендірудің табысты болуына 
тəуелді болады. 
Кəсіби 
өзін-өзі 
анықтаудың 
маңызды 
психологиялық 
алғышарттары ретінде, қалыптасқан интеллектуалды əлеует, 
адекватты өзіндік бағалау, эмоционалды кемелдену жəне тұлғаның 
өзін-өзі реттеуі алынады. 
Ішкі детерминация екі полисферадан тұрады: мотивациялық-
тұлғалық жəне «Мен-полисферасы». Мотивациялық-тұлғалық 
полисфера субъектінің əрекетінің ішкі мотивациялық нұсқадағы 
бағыттылығын анықтайды, үнемі өзін-өзі өзгертуге жағдай жасай-
ды. Ол келесі салалар арқылы көрінеді: дүниетанымдық бағдарлау-
шы, онда адамның əлемге көзқарасы, оған деген қатынасы 
бағытталады, құндылық бағдарлар жүйесі анықталады: жалпы-
тұлғалық сала, ол адамгершілік-этикалық жəне дара-типологиялық 
қабаттардан тұрады; эмоционалды-ерікті сала, ол объектіге белгілі 
қатынасты құрайды, адамның барлық ішкі ресурстарын субъектінің 
қойған мақсаттарына жетуге жұмылдырады. 
«Мен-полисферасы» көптеген тұлғалық таңбаларды кез келген 
үдеріске жəне өнімге салады. Ол «Мен-өзін саналы ұғынушы» 
жəне «Мен-үлес қосушы» түрінде болады. «Мен-үлес қосушы» – 
бұл адамның үлестің бастамашыл тəсілдеріне іштей жəне үлесті 
өндіруге деген мотивациялық-тұлғалық бейімділігі, сонымен бірге, 
басқаларға əсер ету жəне басқалардан əсер алу қабілеті. 
«Мен-өзін саналы ұғынушы» үш қырдың бірлігінде болады: 
өзін-өзі тану, өзіндік қатынас, өзін-өзі реттеу-өзін-өзі басқару. Ол 
адамның өзімен үнемі арақатынасында қалыптасады: өткендегі
жəне қазіргі кездегі өзімен арақатынаста (Мен-шынайы), аталған 
уақытта 
басқалармен 
арақатынаста 
(Мен-айнадағы, 
Мен-
басқалардың көзімен), болашақтағы өзімен арақатынаста (Мен-
идеалды, яғни Мен қандай болғым келеді), сонымен бірге «Мен-
кəсіби» арақатынасы енгізіледі (Е.А.Климов).
Кəсіби өзін-өзі дамыту мəселесінің негізгі идеясы – бұл тұлға-
ның дамуының іс-əрекетпен детерминациялау идеясы, сондықтан 
адам өзінің кəсіпке сəйкестігі жəне іс-əрекеттегі жетістігі 
тұрғысында зерттеледі. Кəсіпқойдың қалыптасуы, кəсібилікті 
дамыту мен тұлғалық дамудың бірлігі нəтижесінде мүмкін болады. 
Адамды өзінің өмір жолында зерттеу, білім берудің жəне ондағы іс-
əрекеттің белсенді субъектісінің сапасының көрінуі, осы іс-əрекеттің 
жалғасатынын көрсетеді. 
Акмеологиялық адамзаттың бүкіл тарихында, білім беруде, 
мəдениетте, əлеуметтік дамуда көрініс береді. Акмеологиялық 
тұғырдың аясында, өзін-өзі дамыту келесі ұстанымдар тұрғысында 
қарастырылады: жоғары жетістіктерге жету жолында, іс-əрекет 
барысында шығармашылық əлеуетті өзіндік жүзеге асыру; шыңдар-
ға жетуге ықпал ететін жəне кедергі келтіретін объективті жəне 
субъективті факторлар; іс-əрекеттегі кəсібиліктің жəне оқытудың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет