Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет87/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   205
Акмеология

168
169
атрибуциясы; қол жеткізген нəтижеге жауап қайтару (қатынас, 
өзіндік қабылдау). Нəтиженің каузальды атрибуциясы қосымша про-
цедура ретінде қарастырылады, оны салыстыру нəтижесіне, соны-
мен бірге өзіндік қатынас нəтижесіне де қолдануға болады. Өзіндік 
бағалауда тек іргелі операциялардың 2 типі қатысады: салысты-
ру жəне өзіндік қатынас, олар əртүрлі контекске енеді (мысалы, 
салыстыруға «Шынайы Мен» бейнесін «Идеалды Мен» бейнесіне 
жобалау негізделеді) (А.В. Петровский). Өзіндік қатынас өзінің 
негізі ретінде өзіндік қабылдау (Л.В. Бороздина), өзіне қанағаттану 
жəне өзімен қанағаттанбау алады. 
Л.В.Бороздина бойынша, өзіндік бағалау басым болады, оның 
көрінісі ретінде қалаулар деңгейі алынады, яғни қалаулар деңгейі 
тұлғаның əрекетіндегі өзіндік бағалаудың көрінісі болып саналады. 
Қорытынды жасай отырып, келесі тұжырым жасауға болады: 
өзіндік бағалау – өзіндік сананың компоненті, оның рефлексивті 
табиғаты болады, өзінің құрамына «Шынайы-Мен» жəне «Идеал-
ды-Мен» бейнесін, осы бейнелерді салыстыру нəтижесін, салыстыру 
нəтижесіне өзіндік қатынасты енгізеді. Өзіндік бағалау реттеуші 
функцияны атқаратын өзіндік сананың рефлексивті компоненті 
болып табылады. Өзіндік бағалау тұлғаның өзінің шынайы жəне 
идеалды «Мен» бейнелерін салыстыру нəтижелеріне қатынас болып 
саналады. 
Өзіндік бағалау өзіндік іс-əрекеттің нəтижесін бағалау базасын-
да қалыптасады, сонымен бірге өзі туралы адамның шынайы жəне 
идеалды ұғымдарының арақатынасы негізінде қалыптасады. 
Рефлексивті үміттерді құрудың негізінде болатын рефлексивті 
талдаудың сапалы дамуында, келесі жас өзгерістері байқалады: 
жасөспірімдік кезеңнен ерте жастық шақ кезеңіне өтуде, тұлғалық 
рефлексия адамның «Мен» бейнесіне қатынасы бойынша аффектілі 
бояуын жоғалтады жəне аса қалыпты эмоционалды фонда өтеді. 
Жастық шақ кезеңіндегі рефлексияның тереңдігі мен жиілігі, 
көптеген əлеуметтік (əлеуметтік жағдайы жəне орта, білім деңгейі), 
дара-типологиялық (интроверсия-экстраверсия дəрежесі) жəне 
биографиялық (отбасы тəрбиесінің жағдайлары, қатарластармен 
қатынас, оқу сипаты) факторларға тəуелді болады. 
Тұлғалық рефлексияның дамуы, ерте жастық шақ кезеңіндегі 
«Мен-тұжырымдамасының» ерекшеліктерінде көрініс табады. 
Адамның «Мен-тұжырымдамасының» қалыптасуын оның өмір сүру 
барысында психологиялық зерттеу, бірнеше бағыттар бойын-ша 
жүзеге асады. Ең алдымен, «Мен-тұжырымдаманың» мазмұнын-
дағы қозғалыстар мен оның компоненттері – қандай сапалар жақсы 
саналы ұғынылады, жасқа сəйкес өзіндік бағалаудың деңгейі мен 
өлшемі қалай өзгереді, сырт бейнеге қандай мəн беріледі, ақыл-
ой жəне моральды сапаларға қандай мəн берілетіні зерттеледі. Əрі 
қарай оның сенімділігі мен объективтілігінің дəрежесі зерттеледі
«Мен-бейнесінің» құрылымының біртұтас өзгеруі – оның саралану 
дəрежесі (когнитивті күрделілік), ішкі бірізділігі (тұтастығы), 
тұрақтылығы (уақыт бойынша тұрақтылығы), субъективті мəнділігі, 
маңыздылығы, сонымен бірге өзіндік құрмет деңгейі зерттеледі. 
Жастық шақ кезеңінде «Мен-тұжырымдамасының» «пəндік» 
компоненттерінің бірте-бірте алмасуы жүзеге асады, атап айт-
сақ, өзіндік «Меннің» дене жəне моральды-психологиялық ком-
поненттерінің арақатынасы өзгереді. Бірте-бірте бірінші қатарға 
«Меннің» басқа қасиеттері – ақыл-ой қабілеттері, ерікті жəне 
моральды сапалар шығады, оларға іс-əрекеттің жетістігі, қоршаған 
адамдармен қатынас байланысты болады. «Мен» бейнесінің 
тұтастығы, ішкі бірізділік интегративті үрдіске тəуелді болады, жас 
ұлғайған сайын олар күшейеді. 
Адамның қабылдауындағы жас ерекшелік өзгерістері, қол-
данылатын сипаттаушы категориялардың санының артуын, оларды 
қолданудағы икемділік мен анықтаудың өсуін; осы ақпараттың 
таңдамалылық, бірізділік, күрделілік жəне жүйелілік деңгейінің 
артуын; аса нақты бағалаулар мен байланыстарды қолдануды; 
адамның мінез-құлқын талдау жəне түсіндіру қабілетінің артуын; 
материалды дəл баяндау туралы қамқорлықтың пайда болуын 
қамтиды. Дəл осыған ұқсас үрдістер өзіндік сипаттамалардың 
дамуында байқалады, олар жалпыланады, сараланады жəне 
«маңызды адамдардың» көп санымен арақатынаста болады. 
Ерте жастық шақта өзіндік сананың жаңа деңгейінің қалыпта-
суы, Л.С.Выготский айқындаған бағыттар бойынша жүзеге асады. 
Бұл жас кезеңінде адамның өзіне деген бірқатар «объективтік» 
көзқарастың субъективті, динамикалық ұстанымға алмасуы жүзеге 
асады. 
«Мен-тұжырымдаманың» құрамдастары тек шартты түрдегі 
тұжырымдамалы шектеуге беріледі, себебі психологиялық тұрғыда 
олар ажырамас бірлікте жəне өзара байланысты. Өзіндік сананың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет