Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет88/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   205
Акмеология

170
171
когнитивті компоненті, «Мен-бейнесі, оның жастық шақ кезеңінде 
қалыптасуы, эмоционалды-бағалаушы құрамдаспен жəне «Мен-
тұжырымдаманың» мінез-құлықтық, реттеуші жағымен тікелей бай-
ланысты. 
«Шынайы Мен» жəне «Идеалды Мен» бейнелерінің ажырауы, 
жастың ғана емес, сонымен бірге интеллектінің қызметі.
Интеллектуалды дамыған жастарда «шынайы Мен» жəне «идеалды 
Меннің» арасындағы айырмашылық, яғни индивидтің өзіне таңатын 
қасиеттері мен оның меңгергісі келетін қасиеттері арасындағы 
айырмашылық біршама көп болады. 
«Мен-тұжырымдамасының» мінез-құлықтың құрамдасының 
маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде, əртүрлі қиындық дəрежесі 
бар тапсырмаларды орындауда жетістіктің немесе сəтсіздіктің 
əсерімен қалаулар деңгейінің динамикасы алынады. 
Жүргізілген зерттеулердің мəліметтері бойынша, жастық шақ 
кезеңіне өтуде қалаулар деңгейінің ерекшеліктерінің үлкен тұлғалық 
кемелдік жағына өзгеруі жүзеге асады. Оның өзін-өзі тануда, мен 
бейнесіне, өзіне қатынасында болатын өзгерістерге кері бағытта 
жүзеге асатынын атап өту маңызды.
Осылайша, жастық шақ кезеңінде өзіндік сананың жаңа 
деңгейінің қалыптасуы аясында, «Мен-тұжырымдамасының», өзі 
туралы салыстырмалы тұрғыдағы тұрақты ұғымдар қалыптасады. 
Жастарда енді қалыптасатын «Мен» бейнесі, ересек адамдарда 
белгілі тұрақты құрылым ретінде қалыптасып болды. Өмірлік 
тəжірибе оған өзін, өзінің жетістіктері мен мүмкіндіктерін шынайы 
бағалауға мүмкіндік береді. Ересек адам өзінің қалауларын 
қажеттіліктермен салыстыра алады, оның санасы заттық сипатта
эгоцентризмнен оқшау, сондықтан оның психологиялық «айнадағы» 
қажеттілігі төмендейді. 
Өзіндік сана жəне өзін-өзі тану қабілеті – адамның құнды 
жетістігі, ол өзіндік санасында өзін сана, қарым-қатынас жəне 
əрекеттің субъектісі ретінде саналы ұғынады, өзіне тікелей қатынас 
білдіреді. Өзін-өзі тану үдерісінің қорытынды нəтижесі ретінде, 
адамның «Мен-тұжырымдама» ұғымымен аталатын, бағалаумен 
байланысты өзі туралы ұғымдарының динамикалық жүйесі алынады. 
«Мен-тұжырымдама» адамда əлеуметтік өзара əрекеттестік 
үдерісінде пайда болады, ол адамның психикалық дамуының 
бірегей өнімі, салыстырмалы түрде тұрақты жəне бір мезгілде ішкі 
өзгерістерге ұшыраған жəне психикалық өнім болып саналады. 
Ол адамның барлық өмірлік көріністеріне балалық кезден бастап, 
кəрілікке дейін баға жетпес таңба салады. 
Саналы «Меннің» пайда болу кезеңі ретінде, оның жеке 
компоненттері бірте-бірте қалыптасқанмен, жасөспірімдік жəне ерте 
жастық шақ кезеңі алынады. Барлық психологтар ерте жастық шақ-
ты өзіндік сананың қалыптасуының қиын кезеңі ретінде көрсетеді, 
өзіндік сананың дамуын өтпелі кезеңнің орталық психикалық үде-
рісі ретінде қарастырады. 
Өзіндік сананың пəні ретінде сана алынады, яғни өзіне қарама-
қарсы қояды. Сонымен бірге, сана өзіндік сананың құрамында кезең 
ретінде сақталады, себебі өзіндік мəніне жетуге бағдарланған. Егер 
сана адамның қоршаған əлемде бағдарлауының субъективті шарты 
болса, онда өзіндік сана адамның өзіндік тұлғасына бағдарлануы
адамның өзі туралы білімі болып саналады. 
Адамның өзіндік санасының дамуы, өзін-өзі тану үдерісімен 
өзіндік сананы адамның басқа адамдармен, мəдениетпен, біртұтас 
қоғаммен байланыстыратын толықтыру үдерісі ретінде ажырамас 
байланысты. Өзін-өзі тану феномендері меңгерілген, субъектінің 
жəне тұлғаның «Менге» айналуы, осы үдерістің нəтижелері өзіндік 
санада қандай формаларға ие болатыны туралы мəселелерге қатысты 
болады. 
Ғылыми ұғым ретінде «Мен-тұжырымдамасы», арнайы 
əдебиеттің қолданысына салыстырмалы түрде жақында енді, 
сондықтан отандық жəне шетелдік əдебиеттерде оның бірыңғай 
түсініктемесі жоқ; оған мағынасы бойынша өзіндік сана ұғымы 
алынады. «Мен-тұжырымдамасы» – аса бейтарап ұғым, ол өзіндік 
сананың бағалаушы аспектісін қамтиды. Бұл адамның өзі туралы 
ұғымдарының динамикалық жүйесі, оған адамның өзінің физикалық, 
интеллектуалды жəне басқа сапаларын өзіндік саналы ұғынуы енеді, 
сонымен бірге, өзіндік бағалау, аталған тұлғаға əсер ететін сыртқы 
факторлардың субъективті қабылдауы енеді. Психология саласында 
танымал ағылшын ғалымдарының бірі Р.Бернс өзіндік сана 
мəселесімен шұғылданды, бұл ұғымды келесі үлгіде анықтайды: 
«Мен-тұжырымдамасы – бұл адамның бағалаумен байланысты 
өзі туралы ұғымдарының жиынтығы. «Мен-тұжырымдаманың» 
сипаттаушы құрамдасын көп жағдайда «Мен-бейнесі» деп атайды. 
Адамның өзіне немесе өзінің жекеленген сапаларына қатынаспен 
байланысты құрамдасты өзіндік бағалау немесе өзін қабылдау деп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет