166
167
субъектінің міндеттерді шешудің өзіндік тəсілдерін саналы ұғыну
ретінде көрінеді, аталған міндеттерде əрекеттің ішкі жоспары,
тұлғаның іс-əрекетінің жалпылама сызбасы құрылады.
Т.Шибутани өзіндік бағалау туралы былай дейді: «Егер тұлға –
бұл құндылықтардың ұйымдасуы болса, онда мұндай функционал-
ды бірліктің өзегі ретінде өзіндік бағалау алынады».
Өзіндік сана мəселелерін зерттеу аясында, өзіндік бағалауға
жетекші рөл беріледі: ол осы үдерістің тірегі ретінде, оның дамуы-
ның дара деңгейінің көрсеткіші ретінде, өзіндік сана үдерісіне
үйлесімді енгізілген оның тұлғалық аспектісі ретінде сипатталады.
Өзіндік бағалаумен тұлғаның өзіне деген эмоционалды-құндылықты
қатынасты, оның өзін тану өзгешелігін қамтитын, өзін-өзі танудың
бағалаушы функциялары байланысты болады.
Б.Г.Ананьев өзіндік бағалаудың өзіндік сананың аса күрделі
жəне көпқырлы компоненті болатынын айтты (тұлғаның дамуына
қатысатын басқа адамдардың бағалауының тікелей көрінісі болып
табылатын, өзіндік «Мен» ұғымы, ситуативті бейнелердің біртұтас
құрылымға интеграциясы арқылы қозғалыспен байланысқан, уақыт
бойынша кеңейтілген, өзін танудың күрделі үдерісі). Өзіндік сана
біртұтас субъектіге байланысты, өзіндік іс-əрекетті ұйымдастыру
үшін, оның қоршаған адамдармен өзара қатынасы мен қарым-
қатынасы үшін қызмет атқарады.
Өзін-өзі тану – уақыт бойынша дара кеңейтілген күрделі
көпдеңгейлі үдеріс. Шартты түрде оның екі сатысын анықтауға
болады: басқа адамның ерекшеліктерін тану арқылы өзінің
ерекшеліктерін тану, біріктіру жəне саралау; сатыда психоанализ
қосылады. «Мен-бейне» немесе «Мен-тұжырымдама» өзін-өзі
танудың қорытынды өнімі, яғни индивидтің бағалаумен байланысты
өзі туралы ұғымдарының жиынтығы (Р.Бернс).
Өзіндік бағалау – «Мен-тұжырымдамасының» аспектілерінің
бірі (өзі туралы немесе өз бейнесі туралы өзіндік ұғымдар, яғни
адамның өзінің денсаулығы, сырт бейнесі, мінезі, қоршаған
адамдарға əсері, қабілеттері мен кемшіліктері туралы пікірлердің
жиынтығы; себебі ол өзіндік пікірге негізделген, ол əрдайым
шындыққа сəйкес келмейді). Жоғары өзіндік бағалауы бар адам өзін
позитивті түрде қабылдайды, ал төменгі өзіндік бағалауда «Мен-
тұжырымдамасының» жағымсыз сипаты болады.
И.Ю.Кулагина, В.Н.Колюцкий бойынша, «Мен-тұжырым-
дамасының» қалыптасуы – өзіндік сананың дамуындағы маңызды
кезең. Өзіндік бағалауды өзіндік құрметпен, өзіндік симпатиямен,
өзіндік қабылдаумен қатар, өзіндік қатынастың элементі ретінде
қарастырады. И.С. Кон индивидтің өзін қабылдау немесе қабыл-
дамау шамасын көрсететін, «Меннің» қорытынды өлшемі ретінде
анықтай отырып, өзіндік құрмет туралы айтады. А.Н.Леонтьев өзін-
дік бағалауды «пəндік сипаты бар, эмоцияны өзгеше жалпылаудың
нəтижесі болып саналатын», тұрақты эмоционалды қатынас ретінде
«сезім» категориясы арқылы саналы мағыналауды ұсынады.
Өзіндік бағалау – өзін-өзі реттеудің жəне ішкі мотивацияның
негізі ретінде (М.И.Ковель). Өзіндік бағалау ішкі мотивацияның
негізі болып саналады, таным үдерісімен тығыз байланысты.
Білімгерлер қоғамдық маңызды іс-əрекетке ішкі мотивация болған
жағдайда, осы іс-əрекеттің барысындағы өзін-өзі реттеуде енеді
(оқу, өзіндік білім алу).
Өзіндік бағалаудың құрылымы екі компонент арқылы
көрсетілген – когнитивті жəне эмоционалды. Біріншісі адамның өзі
туралы білімдерін, екіншісі – оның қанағаттану шамасы ретіндегі
өзіне деген қатынасты білдіреді. Өзіндік бағалау əрекетінде бұл
компоненттер ажырамас бірлікте қызмет атқарады: таза түрінде екі
компонент те көрсетілмейді (И.И.Чеснокова).
Əлеуметтік контексте субъектінің меңгеретін өзі туралы білімі,
міндетті түрде эмоцияларға толы болады, олардың күші мен қысымы
тұлға үшін бағаланатын мазмұнның маңызымен анықталады.
Өзіндік бағалаудың когнитивті компонентінің мазмұнын, өзін
басқа адамдармен салыстыру əрекеті, өзінің сапаларын өңделген
эталондармен салыстыру, осы шамалардың тіркелуі құрайды
(Л.И.Корнеева, Э.И.Суверова).
Сонымен, өзіндік бағалау құралдарының қызметіне 2 тип жа-
тады: когнитивті (Мен-тұжырымдама немесе оның жекеленген
қырлары) жəне аффектілі (құндылықтар, идеалдар, қалаулар деңгейі,
талаптар). Осы тармақты қорытындылай отырып, адам болмысының
кез келген феномені (оның ішінде, өзіндік бағалау) бағалана ала-
тынын, яғни өзіндік бағалаудың мазмұны өрісінің шексіз екендігін
айтуға болады.
Өзіндік бағалауда келесі операциялар анықталады: «Мен-
шынайы» бейнесін құру ретіндегі өзін-өзі тану, бағаланатын
сапаны стандартпен салыстыру, салыстыру нəтижесінің каузальды
|