Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет89/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   205
Акмеология

172
173
атайды. Мəні бойынша, «Мен-тұжырымдамасы» индивидтің өзі 
туралы ойлайтынын, өзінің əрекетті бастауына қалай қарайтынын, 
болашақтағы дамуының мүмкіндіктерін анықтайды». 
Өзінің пайда болу сəтінен бастап, «Мен-тұжырымдамасы» үш 
функционалды-рөлдік аспектіде болатын белсенді бастау ретінде 
болады: 
1. «Мен-тұжырымдамасы» ішкі келісімді қамтамасыз ету 
құралы ретінде. Тұлға теориясы бойынша бірқатар зерттеулер
адамның əрдайым барынша ішкі келісімге жету жолымен жүретін 
тұжырымдамаға негізделеді. Ұғымдар, сезімдер немесе идеялар 
басқа ұғымдармен, сезімдермен, адамның идеяларымен қарама-
қайшы келіп, тұлғаның үйлесімсіздігіне, психологиялық дискомфорт 
жағдайына алып келеді. Ішкі келісімді қалпына келтірудің мəнді 
факторы ретінде адамның өзі туралы не ойлайтыны алынады. 
2. «Мен-тұжырымдамасы» тəжірибенің интерпретациясы ретін-
де. «Мен-тұжырымдаманың» дара интерпретациясының сипатын 
анықтайды, себебі адамда өзі туралы өзіндік ұғымдардың негізінде 
өзінің мінез-құлқын құруға жəне өзі тəжірибесін интерпретациялауға 
тұрақты үрдіс болады. 
3. «Мен-тұжырымдамасы» үміттердің жиынтығы ретінде. 
«Мен-тұжырымдамасы» адамның үміттерін анықтайды. Əрбір 
адамға белгілі бір үміттер тəн болады, олар көп жағдайда оның іс-
əрекетінің сипатын анықтайды. Өзіндік мəнділігіне сенімді адам-
дар басқа адамдардың өздеріне сондай қатынас білдіретінін күтеді; 
ешкімге қажет емес деп санайтын адамдар, қоршаған адамдардың 
жауап қайтаруын интерпретациялайды. Көптеген зерттеушілер бұл 
функцияны орталық функция ретінде қарастырады, олар «Мен-
тұжырымдаманы» үміттердің жиынтығы ретінде жəне мінез-
құлықтың əртүрлі салаларына жататын бағалаудың жиынтығы 
ретінде қарастырады. 
Осылайша, «Мен-тұжырымдамасы» адамның өзі туралы ұғым-
дарының жиынтығын білдіреді, адамның сенімдерін, бағалауын
мінез-құлық үрдістерін қамтиды. Оны əрбір адамға тəн, адамның 
өзіне бағытталған бағдарлардың жиынтығы ретінде қарастыруға 
болады. «Мен-тұжырымдамасы» адамның өзіндік санасының 
маңызды компонентін құрайды, ол тұлғаның өзін-өзі реттеу
өзін-өзі ұйымдастыру үдерістеріне қатысады, себебі тəжірибені 
интерпретациялауды анықтайды, адамның үміттерінің бастау көзі 
болады. 
Психологиядағы тұлғалық тұғырдың артуы, бұрын психология-
лық талдаудың шеңберінен тыс қалған тұлғаның даму сферасының 
аспектілерін көрсететін ұғымдармен оның тілін байытуға алып кел-
ді. Мұндай ұғымдарға алдында қарастырылған «Мен-тұжырым-
дама» ұғымынан басқа, «тұлғаның өзін-өзі анықтауы» немесе 
«тұлғалық өзіндік анықталу» ұғымын жатқызуға болады, ол ұғым 
қазіргі кезде психологиялық жəне педагогикалық əдебиеттерде кең 
тараған. 
«Өзін-өзі анықтау» ұғымы əдебиеттерде əртүрлі мағынада 
қолданылады. Бұл ұғым туралы тұлғаның əлеуметтік, өмірлік, 
кəсіби, адамгершілік, отбасылық, діни өзін-өзі анықтауы ретінде 
айтады. Мұнда бірдей ұғымдар ретінде, көп жағдайда əртүрлі 
мазмұн аталады. Ұғымға дəл əрі нақты анықтама беру үшін өзін-
өзі анықтауға байланысты екі тұғырдың шекарасын ажырату қажет: 
əлеуметтанушы жəне психологиялық. Бұл өте маңызды, себебі көп 
жағдайда осы тұғырлардың араласуы жəне өзгеше əлеуметтанушы 
тұғырдың 
психологиялық 
зерттеуге 
енуі 
жүзеге 
асады 
(психологиялық теория), бұл өз кезегінде өзіндік психологиялық 
мазмұнның жоғалуына алып келеді. 
Өзін-өзі анықтаудағы əлеуметтанушы тұғыр, біртұтас алғанда 
ұрпақтарға қатысты, ол əлеуметтік құрылымға, өмірдің салаларына 
енумен сипатталады. Өзін-өзі анықтаудағы психологиялық тұғыр-
дың əдіснамалық негіздерін С.Л. Рубинштейн қалаған болатын. Өзін-
өзі анықтау мəселесін ғалым детерминация мəселесі контексінде, өзі 
ұсынған принциптің аясында қарастырды. 
Осылайша, нақты психологиялық теория деңгейінде өзін-өзі 
анықтау мəселесі келесі үлгіде болады. Адам үшін «сыртқы себептер, 
сыртқы детерминация» – бұл əлеуметтік жағдайлар жəне əлеуметтік 
детерминация. Өзін-өзі анықтау мəселесі, индивид пен қоғамның 
өзара əрекеттестігінің түйінді мəселесі болып саналады. Əртүрлі 
деңгейде бұл өзара əрекеттестіктің өзіндік өзгеше сипаттамасы 
болады, олар өз кезегінде өзін-өзі анықтау мəселесі бойынша əртүрлі 
психологиялық теорияларда көрініс тапты. 
Əртүрлі авторлардың өзін-өзі анықтаудың психологиялық 
механизмдеріне көзқарасы қызығушылық тудырады. 
А.В. Мудриктің өзін-өзі анықтау ұғымына берген нақты 
анықтамасы болмаса да, оның өзін-өзі анықтаудың қарастырған 
механизмдері қызығушылық тудырады (идентификация – теңдес-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет