176
177
өткен бірқатар авторларға сүйене отырып, С.П. Крягжде нақты кəсі-
би өзін-өзі анықтау əлі қалыптаспаса, онда жас адамның болашаққа
оны нақтылауды қалдырып, жалпылаушы нұсқаны қолданатынын
атап көрсетеді. Осылайша, автордың пікірі бойынша, əлеуметтік
өзін-өзі анықтау, адамның өзін кəсіптің белгілі шеңберімен шектеуді
білдіреді; бұл кəсіби өзін-өзі анықтаудың сапалы тұрғыда аса тө-
менгі деңгейі болып саналады.
Алайда, мұндай түсініктеме жалпы қабылданбаған. Мысалы,
Ф.Р.Филиппов əлеуметтік бағдарды еңбектің белгілі түрлеріне
бағдарлану ретінде түсіндіріп, осы бағдарланудың өмірлік жоспарды
қалыптастыру үшін өзіндік мəнділігін атап көрсетеді. Мұнда
еңбектің сипатына бағдарлануды ғана емес, сонымен бірге белгілі
орынға кең ауқымды жəне тұлғалық маңызды бағдарлану туралы,
яғни əлеуметтік қатынастар жүйесіндегі деңгейге, белгілі əлеуметтік
мəртебеге бағдарлану туралы айтуға болады.
Өзін-өзі анықтаудың негізгі мəселесі ретінде, тұлғалық өзін-өзі
анықтаудың құндылықты-мағыналық табиғаты туралы ұғымдар
алынады.
Тұлғалық өзін-өзі анықтау мəселесін түсіндіру үшін аса маңыз-
ды жағдайды атап өткен жөн: тұлғаның деңгейі – бұл құндылықты-
мағыналық детерминация деңгейі, мағыналар мен құндылықтар
əлемінде өмір сүру деңгейі.
Сонымен, бірінші сəт – бұл мағыналар əлемінде өмір сүру
өзіндік тұлғалық деңгейде өмір сүруді білдіреді. Мағыналар
мен құндылықтар саласы – бұл тұлға мен қоғамның өзара
əрекеттестігі жүзеге асатын сала; құндылықтар мен мағыналар
осы өзара əрекеттестіктің тілі болып саналады. Екінші сəт –
тұлғаны қалыптастыруға арналған құндылықтардың жетекші рөлі.
Құндылықты тұлға меңгереді, себебі «...біртұтас-құндылықты
күйден басқа, құндылықпен қатынас жасаудың басқа тəсілі жоқ».
Осылайша, құндылықты меңгеру тұлғаның өзін меңгеруімен тең
болады. Үшінші сəт – мағыналық құрылымдардың айқындалатын
функциялары: эталонды құру, болашақтың бейнесі жəне іс-əрекетті
оның адамгершілік, мағыналық жағынан бағалау.
Құндылық бағдарлар – бұл оның бағыттылығының мазмұнды
жағын сипаттайтын тұлғаның құрылымының элементтері.
Құндылықтарды меңгеру нəтижесінде құндылық бағдарлар
формасында, адам үшін аса маңызды құндылықтар тіркеледі.
Құндылық бағдарлар жүйесі өмір сүрудің «ықшамдалған» бағдар-
ламасы болып табылады, тұлғаның белгілі моделін жүзеге
асырудың негізі болады. Əлеуметтік саланың тұлғалық салаға
өтуі жəне тұлғалық саланың əлеуметтік салаға өтуі барысында,
дара құндылық-дүниетанымдық айырмашалықтар қарым-қатынас
арқылы алмасады.
Құндылық тұлға мен қоғамның, тұлға мен мəдениеттің өзара
əрекеттестігінің негізгі механизмдерінің бірі болып табылады.
Құндылықтар – бұл адамдардың тарихи тəжірибені жүзеге асыра-
тын, белгілі дəуірдің, қоғамның, біртұтас адамзаттың мəдениетінің
мəнін шоғырландырып көрсететін, өздерінің мінез-құлқының
мақсаттары мен нормалары туралы жалпылама ұғымдары. Бұл əрбір
адамның санасында болатын бағдарлар, оларды индивидтер жəне
əлеуметтік топтар арақатынаста ұстайды. Осылайша, құндылықтар,
құндылық сана мақсатты болжаудың негізіне алынады. Мақсаттар
адамзат іс-əрекетіне идеалды құндылықтар ретінде əсер етуі мүм-
кін, оларды жүзеге асыру адамның өзіндік қажеттілігі немесе
борышы болып саналады.
Отандық ғалым Б.А. Оспанова студенттердің акме-креативтік
іс-əрекеттерін белсендіруде сын тұрғысынан ойлау қабілетін
арттырудың жəне дидактикалық мүмкіндіктерін жан-жақты терең
қарастырған.
Көріп отырғанымыздай, өзіндік болашақ туралы ұғымдар
құндылықтармен байланысты. Өзінің табиғаты бойынша əлеуметтік-
тарихи бола отырып, құндылықтар индивидтің текке (текті адамзат
қабілеттеріне) баулудың құралы болып табылады, сол құрал арқылы
адамзат өмір сүруінің шексіздігін жеңуге болады. Өз кезегінде
құндылықтар, өмірдің мəні туралы ұғымдармен тығыз байланысты,
олар өз кезегінде бір мезгілде тұлғаны дамытудың негізі жəне оның
нəтижесі болып саналады.
Сонымен, өзін-өзі анықтау мағыналық жүйені қалыптастырудың
қажеттілігімен, құндылықтармен байланысты, онда орталық орынды
өмірдің мəні мəселесі, болашаққа бағдар мəселесі алады. Енді бұл
байланыстарды аса нақты құрастыруға болады. Адамның қоғамда
өзін тұлға ретінде анықтауы – бұл адамның өзін-өзі анықтауы
(өзін-өзі анықтау, белсенді ұстанымда болуы), салыстырмалы
түрде əлеуметтік-мəдени құндылықтарды меңгеру арқылы, адам
өзіндік өмір сүруінің мəнін анықтайды. Адамның тұлға ретінде өзін
анықтауы – тұлғалық өзін-өзі анықтаудың құндылықты-мағыналық
табиғаты болады.
|