Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет159/210
Дата09.11.2023
өлшемі5.34 Mb.
#482770
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   210
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАҢАРУЫ МЕН ЖАҢҒЫРТУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ 31 01 2019

Қалыптастырушы бағалау оқудың бір бӛлігі болып табылады және оқу 
ҥдерісінің ӛн бойында жҥргізіледі. Қалыптастырушы бағалау арқылы мҧғалім:
 оқушының оқуда қаншалықты «ілгерілегенін» айқындай алады, ӛзінің 
оқыту әдіс-тәсілдеріне ӛзгеріс енгізу қажеттілігін талдайды;
 қандай бағалау тәсілдері оқудың жақсы жҥзеге асып жатқанын 
анықтауға мҥмкіндік беретінін шешеді;
 қолданылған бағалау әдістерінің тиімділігін зерттейді және 
салыстырады; 
 оқушылардың оқуы жайында барынша мол ақпарат алады, мысалы, 
ауызша сауалнамалар, оқушылардың топтық әрекеттері, тапсырманы ӛз 
бетінше орындау, тақырыптық зерттеулер, рӛлдік ойындар ҧйымдастыру және 
оны қадағалау арқылы. 
Мҧғалім оқушылар мен ата-аналарға кері байланыс бере отырып
оқушыларға пәнді меңгеру мен тҥсінуде кӛмекші болу арқылы олардың 
оқудағы алға ілгерілеуді қадағалайды, сонымен қатар бағалау критерийлеріне 
сәйкес объективті кӛзқарасты ҧстана отырып, оқушыларды оқуға 
ынталандырады. 
Оқушыны дамытуда қалыптастырушы бағалаудың мәні зор, сондықтан ол 
оқу ҥдерісіне қатысушылардың барлығына тҥсінікті де анық, оқушыны 
жетістіктерге ынталандыратын сипатта болуы тиіс. 


346 
Жиынтық бағалау оқушының жазбаша тапсырманы, емтихан немесе 
жобаны ӛз бетінше орындауын бақылау арқылы жҥзеге асады. Оқушының кез 
келген жиынтық немесе қорытынды жҧмысы ӛзге біреулердің қатысуынсыз 
орындалады және белгіленген оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне 
сәйкес бағаланады [3]. 
Оқушылардың оқудағы жетістіктерін критериалды бағалау тәсілі 
оқушылардың жетістіктерін оқытудың белгілі бір кезеңінде меңгеру қажет 
біліммен салыстыруға мҥмкіндік береді, ӛйткені мҧғалім оқушының қандай оқу 
мақсаттарын меңгергенін, ал қай мақсаттар бойынша жҧмысты жетілдіру қажет 
екендігін бағалауы тиіс. Осы арқылы оқушыны оқытудың дербес бағыт-
бағдары немесе оқушылардың оқу жетістіктері бағаланады. 
Бағалау ҥдерісін зерделеу ӛзектілігінің кӛптеген себептері бар. Зерттеулер 
мҧғалімдер оқушыларды бағалауда басшылыққа алатын нақты, ғылыми 
дәлелденген ережелердің жоқтығын кӛрсетеді. Осылайша оқушыларға баға 
қоюдың жҥйсіздігі байқалады. Бҧл оқушыларды қорғансыз жағдайға қойып
оқушының МЕН-тҧжырымының тӛмендеуіне немесе ӛзіндік бағасын 
жоғарылатуына жол берді (Ананьев Б.Г., 1980). 
Адамның тіршілік әрекеті кӛптеген факторларға тәуелді: білімділік 
(қабылдаутын, ӛңделетін материал кӛлемі), психологиялық (уәж, оқушылардың 
жеке тҧлғалық ерекшеліктері), педагогикалық (әдіс-тәсілдерді таңдау), 
эмоциялық (алаңдаушылық деңгейі), адамгершілік (бірмәнді, нақты, анық, 
қатаң, икемді тәсілдер), т.б. Бағалау ҥдерісінде барлық факторлар бір-бірімен 
байланысты болып, бірін-бірі толықтырады. Білімділік немесе педагогикалық 
факторларды ғана жеке бағалауға болмайды, себебі басқа факторлар да оқу 
нәтижелеріне немесе бағалауға әсер ете алады. Баға оқушылардың білім, білік-
дағдыларын әртҥрлі критерийлер бойынша бағалау нәтижелерінен қҧралады, 
мысалы, зерделенетін материалдың кӛлемі, осы материалды тҥсіну және 
қолдану, материалды пәннің талабына сәйкес рәсімдеу, материал бойынша жазу 
жҧмысына берілген уақытты пайдалана білу, т.б. 
Бағалау ҥдерісін ҧйымдастыру ҥш кезеңнен тҧрады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   210




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет