ІІІ ӘДЕБИЕТТІҢ ТЕГІ МЕН ТҮРЛЕРІ
3.1.
Әдебиетті текке, түрге бөлу принциптері
Әдебиетті текке, түрге бөлу көне грек оқымыстыларынан басталады. Ол
туралы
жүйелі де ғылыми дәйекті пікір білдірген. Аристотель болатын. Сондықтан да оның,
әсіресе, әдебиетті эпос, лирика, драма деп бөлген қағидасы әлі күнге дейін сол мәнінде
қолданылып келе жатыр. Әрине, Аристотельден бұрын да Грецияда Платон, Пифагор,
Сократ айтқан өнер жайлы еңбектер бар болатын. Және олар да теңдесі жоқ озық идеялар
еді. Мәселен, Платонның әсемдік туралы көзқарасы ерекше.
Оның айтуынша идея
жасалмайды, жойылмайды да, әсемдіктің материалдық негізі жоқ, ол да идея сияқты
абсолюттік нәрсе.
Пифагор әсемдікті санмен ғана өлшейді. Ол айтады: әсемдіктің негізі сан, әсемдік
атаулыны жасайтын сандық қарым-қатынастар дейді. Ал Сократ өнерді практикаға
асырумен,
яғни пайдалы, пайдасыздығына байланысты қарастырады. Сократ айтады: не
нәрсе адамға пайдалы болса, сол өнер туындысы дейді.
Міне, осылардың ойын екшелей отыра аристотель тың байламдар жасаған сияқты.
Мысалы ол Платон құсап өмірдің мақсатты идеяға еліктеу деп айтпайды, өнердің
мақсатты идеяға еліктеу деп айтпайды, өнердің мақсаты табиғатқа,
болмысқа еліктеу,
табиғатты қайтадан жасау дейді. Әсіресе Аристотельдің «Поэтика» атты еңбегінің өнер
тарихында, әдебиет саласында мәні аса зор. «Поэзия - әдебиет туралы ғылыми зерттеу,
ғылыми трактат деп айтуға болады. Себебі онда келтірілген пікірлер,
байламдар, ой
қорытындылары сүйексіз, дәлелсіз емес, онда өз заманының шығармашылық тәжірибесіне
сүйене отырып, сол тәжірибенің негізінде туындаған, сол заманғы әдебиетке берілген
объективті баға бар. Әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сынына қатысты өзекті
ойлар мол қамтылған. Аристотель өнер салаларын жіктегенде,
олардың өмір
құбылыстарының қай қырына оңтайлы екендігіне, қандай құралмен бейнелейтіндігіне
байлынысты жіктейді.
Айта кететін бір нәрсе,
бұл жіктеу кейінгі
ғылымның дамуындағы
классификациялардың көбіне негіз болған принцип.
Әдебиет жанрларын: эпос, лирика, драма деп үшке бөлген аристотель олардың
даралық сипаттарын, өзіндік ерекшеліктерін талдап, саралайды. Оның ойынша драмалық
шығармаға қажетті компоненттер мыналар:
1. әрекет
2. Характер
3. Фабула-сюжет
4. Ой
5. Декорация
6. Музыкалық композиция
Б.э.д. ІV ғасырда айтылған Аристотельдің бұл жіктеуі әлі күнге дейін ескірген жоқ.
Театр зерттеушілері спектакль алты түрлі шарт, алты түрлі талаптың ұласуынан шығады
деп қазіргі кезде де бағалап жүр.
«Поэтикада» поэзияның тегі, мазмұны, пішіні, композициясы,
характер, әрекет,
байланыс, шешім, фабула, метафора, гипербола т.б. келелі сөз болады, олар күні бүгінге
дейін маңызын жойған жоқ деп баға берген З.Қабдолов былай дейді:
«Поэтика деген сөз біздің бүгінгі теориялық түсінігімізде көркем творчество немесе
сөз өнері туралы ғылым болса, аристотель поэтиканы сол әдеби творчествоның, яки сөз
өнерінің өзі деп түсінген», - дейді.
Әрине, әдебиеттің бүгінгі талаптарына Аристотель жауап бермейтіні түсінікті. Оның
заманы бөлек. – Тіпті бүгінгі біреу зерттеушілердің өзі Поэтика деген сөзді – поэзия деп
түсініп жүр.
Поэзиялық өнерді түрлі табиғи себептер туғызған сияқты деген Аристотель өнердің
тууына бірінші себепкер нәрсе деп еліктеуді атайды. Адам баласының хайуандардан
ерекшелігі де осы еліктей білуінде деп көрсетеді.
Ақындардың жеке мінез ерекшелігі сияқты поэзия да түрлі сипаттарға бөлінеді деп
Аристотель олардың ішінде Гомерді жоғары қояды. «Гомер ұлы ақын, өйткені ол өлеңді
шебер жазып қана қоймай, бұған қоса драмалық суреттеулер де жасады, ол
сондай-ақ
драмалық суреттеулерде мысқылдан гөрі күлкіге мән беріп, сонысымен де комедияның
негізгі формасын бірінші болып көрсетті» деп бағалады.
Достарыңызбен бөлісу: