П 15 Пікір жазғандар


Эпикалық шығарма ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет21/65
Дата27.11.2023
өлшемі0.97 Mb.
#484557
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65
әдебиет теориясы

3.2.
Эпикалық шығарма ерекшеліктері
Қазақ әдебиетінде тек негізінен 3-ке бөлінеді: эпос, лирика, драма. Әрқайсысына
жеке-жеке тоқталсақ:
Эпос (грекше баяндау, әңгімелеу, тарихтап айту) – көркем әдебиеттің байырғы,
негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мейлінше мол қамтып кең
суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі
жанр.
Осындай теориялық анықтамаға келмес бұрын профессор Л.И.Тимофеев эпосты
термин ретінде екі түрге бөліп алады да, алдымен «әдеби-тарихтық мағынада эпос – халық
поэмалары мен ертегілері (орыстың халық эпос, көне дүние эпосы) – деп түсіндіреді.
Мұнда да үлкен логика бар: әдебиет теориясында эпос жанр атанғанмен, әдебиет
тарихында халық дастандары, айталық, «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар
батыр» сияқты батырлар жыры екені рас. Әйтсе де, мәселеге историзм принципінен
қарасақ, бұлайша бұтарлай бермей-ақ, бәрін бір жүйеде тексеруге әбден болады. Өйткені
эпос деген терминнің әдебиет тарихындағы мағынасы әдебиет теориясындағы
мағынасымен сабақтас; сондықтан біз бұл жанрдың байыбына дәл осы тұрғыдан барған
дұрыс деп білеміз.
Эпостың туу, қалыптасу тарихы тым әріге, адам санасының алғашқы ояну
дәуірлеріне тамыр тартып жатыр. Қай халықтың болсын, баяғы бабалар заманынан бермен
қарай ауыздан-ауызға таратып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ғып қалдырып келе жатқан әдеби
туындыларының дені – эпостық шығармалар. Олай болса, эпос – көркем творчесвоның ең
бір егде, етене, кең тынысты, кәмілеттті түрі. Бұл тарихты шолу түрінде болса да ойға
орнықтырмай тұрып, эпостың жанрлық сыр-сипатын түсіну қиын.
Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр үш
түрге бөлінеді:
1) шағын көлемді эпикалық түр;
2) орта көлемді эпикалық түр;
3) кең көлемді эпикалық түр
Қандай эпостық шығарма болсын, бәрібір осынау үш түрдің біріне жатады. Эпостың
ендігі ерекшеліктерін неғұрлым ұтымты аңғарту үшін осы айтылған жанрлық түрлердің
әрқайсысын жеке-жеке сипаттауға көшеміз.
Шағын эпикалық түрге жататын әдеби туындыларды, негізінен, өмір шындығы бір
немесе бірер жинақы оқиға көлемінде ғана көрсетіледі. Оқиғаға қатысатын қаһармандар
санаулы, олардың басынан өтетін құбылыстардың бәрі емес, кейбір үзіктері ғана
суреттелетін болғандықтан, мұндай шығарманың көлемі де шағын, ықшам. Адам мінезі
мұнда көбіне қалыптасқан, дайын қалпында көрінеді. Кейіпкер өмірінің көп бұралаңы –
шығарма сыртында – баяндаудан да, суреттеуден де тыс; авторлық материал – нағыз
қажеттті детальдар мен штрихтар ғана. Шығарманың сюжеттік арқауы ұзақ желілі, арналы
даму үстінде емес, қысқа қайырылған келте суреттер түрінде тізбектеледі; композициясы
да – жинақы, үйірімді, ширақ.


Шағын эпикалық шығармалар әдебиеттің әр кезеңінде әр сипатта болған. Мәселен,
ежелгі көне дүниедегі бұл тектес көркем туынды – миф, одан кейінгі әр тұстартағы
үлгілері – аңыз,ертегі, мысал, новелла т.б.
Миф – табиғат құпияларын, адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял-ғажайып
оқиғаға айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян.
Мифологиялық эпос – жалпы эпос атауының басы. Бұл эпостың идеялық-
тақырыптық негізі – адам баласының табиғат пен қоғам туралы ғылым тумай тұрғандағы
сонау алғашқы қауымға тән идеологиялық синкетизм тұсында етек алған аңқау әрі аңғырт
ұғым нанымдары.
Эпостың көне түрлерінің бірі – аңыз. Бұл да миф секілді әсіре қиял аралас
фантастикалық хикая. Бірақ мифтен өзгешілігі – аңыздың негізінде шындыққа жанасымды,
көбіне тіпті өмірде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жатады. Әр
халықтың тарихындағы әлдебір абзал адамдар – аса көрнекті қайраткерлер хақында да
талай аңыздар туған.
Шағын көлемді эпикаға тән жанрлық түрлерінің бірі – ертегі. Бұл да миф пен аңызға
ұқсас, адам өмірінде, не хайуанат дүниесінде болуға лайық, әр алуан қызық, кейде тіпті
ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін көркем баян, әсерлі хикая.
Ертегілердің тақырыбы ғана емес, табиғаты да әр алуан.
Осынау ертегілердее, оның ішінде хайуанат жайындағы ертегілерден туындап
шығып, шағын эпостың өзгеше бір түріне айналған нәрсе – мысал (басня).
Мысал – эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі.
Көркем дамудың жаңа кезеңдерінде эпикалық шығармалардың да бұрынғы түрлері
өзгере, жаңғыра тұра, тіпті тың түрлері туып лотыратыны сөзсіз. Федализм мен
капитализм тұсындағы шағын эпоста сондай жаңадан туған түрдің бірі – новелла
(италянша – жаңалық, соны сөз) – «бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген тамаша оқиға
туралы шындыққа сыйымды әңгіме» (Гете).
Әңгіме новелладан кейін туғанымен, екеуінің табиғаты бір екені даусыз. Оның
үстіне, әңгіме – шағын көлемді эпикалық түрдің соңғы жүз жыл ішіндегі аса бір әсем
үлгісі.
Әңгіме деген не? Бұл сұраққа жауап беру қиын, әңгіменің сыр-сипаты біржола кесіп-
пішуге көнбейді, бірыңғай анықтама шеңберіне сыймады. Дегенмен «Әңгіме, - дейді
Сомерсет Моэм, - ұзын-қысқалығына қарай он минуттан бір сағатқа дейін оқып бітіруге
болатын, әбден аршылып алынған бір-ақ нәрсе, бір ғана оқиға немесе бірігіп кеткен
бірнеше оқиғалар тізбегі туралы жазылған шағын шығарма. Әңгімені еш нәрсе қосуға да,
алуға да болмайтынетіп жазу керек». Бұл арада Моэм әңгіменің жанрлық сипатын анықтай
отырып, оны жазудың екі түрлі ерекшелігінғ шебер жазылуы қажеттігін ескертеді.
Әңгіме – бес жүз бет роман емес, көлемі бес-ақ бет болуы мүмкін. Әңгіме – қиын
жанр. Алдымен, көлемі шағын. Ол – жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді.
Сондан соң оқырманды бірден үйіріп әкету үшін, сол шағын көлемдегі өмір эпизодның өзі
соншалық тартымды, сюжет желісі қызғылықты болуға тиіс. Сюжетке ене бастаған бетте-
ақ оқырманның көз алдына іші-сыртын, мінез-құлқын, іс-әрекетін аттаған сайын аңғартып,
адам келе бастауы керек. Ол адам өзіне тән ең бір елеулі өзгешелігімен шұғыл қоршаған
айналасы айқын көзге түсуі, сол рқылы белгілі бір әлеуметтік топ, қоғамдық орта танылуы
шарт. Әлгі адам- соның өкілі, типтік тұлға болуы қажет. Осының бәрі жазушыдан өмірді
терең білумен қатар, шұрайлы сөз байлығын, жіті байқағыштықты, асқан талғампаздықты,
тілдегі тамаша суреттілікті, бір сөзбен айтқанда, қалам тиген жерді өмірдің өзіне
айналдырар нағыз шеберлікті, соған қоса кемел идеяға апарар терең білім мен биік
мәдениетті талап етеді. Мұның бәрі – күрделі, қиын жұмыс; сондықтан болуға тиіс,
қаламгер қауым әңгіме жазуды шеберлік шыңдау деп ұғады.
Шағын көлемді эпостың әңгімеге жақын түрі – очерк. Бұл да қысқа көлемді көркем
шығарма. Мұнда да үлкен шындықтың кішкене бір бөлегі, адам өмірінің аздаған эпизоды
нәрлі тілмен, әрлі суреттер арқылы шебер, тартымды бейнелеуге тиіс.


Эпостың шағын түріне жататын очерк секілді аралық жанрдық бірі – фельетон
(французша – парақ); бұл да әрі әдеби жанр, әрі газет жанры. Өлеңмен де, қара сөзбен де
жазыла береді. Мұның әдеби қасиеті мол жақсы үлгілерінде кәдімгідей көркем бейнелер,
қызық мінездер, сатиралық типтер жасалған.
Ал ұзақ әңгіме, яки повесть – орта көлемді эпикалық түрдің үлгісі. Орта көлемді
эпостың повестен кейінгі басқа түрі – поэма (грекше – туынды) - өлеңді повесть, өмірде
болған, не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адам
тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық сипаттағы
өлеңмен суреттеу.
Зерттеліп отырған жанрдың үшінші саласы – кең көлемді эпикалық түр. Эпостың
бұл түріне роман жатады. Дүниежүзілік әдебиеттегі кең көлемді эпикалық түрдің соңғы
жүз жыл ішіндегі дамуына тән тағы бір тамаша сипат – эпопеяның кмелденуі болса, қазіргі
қазақ романы бұл сипатқа еркін ие болып отыр. «Роман-эпопеяның басты ерекшелігі – деп
жазды профессор Т.Нұртазин, - онда бір романның кемерінде бірнеше роман иіндесе
сыйысады. Қазақтың эпопеялық романдарының ішінде мұндай ерекшеліктер «Абай
жолында» бар». Сонда эпопея – эпостың шыңы екенін, оның негізгі қаһарманы – халық,
суреттер шындығы – халық басынан өткен кезеңді құбылыстар екенін ғана еске аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет