№8 практикалық сабақ тақырыбы: Троп түрлері
Сабақ мақсаты: Әдебиетті көріктеу, ажарлау тәсілдерінің түрлеріне тоқтала отырып,
негізгі қызметін айқындау, поэзиядағы орнын белгілеу.
Сабақтың жоспары: 1.Тіл көркемдігі мен сұлулығы
2.Троп және оның түрлері.
Глоссарий: Синоним (грекше – мәндес сөздер) сөздер дегеніміз, тілдегі айтылуы, түрі басқа
болса да, мағынасы бір-біріне жақын сөздер.
Омоним сөздер – дыбыстары бірі болса да, мағыналары басқа сөздер.
Көнерген (архаизм – грек тілінде – мәңгі, ескі) сөздер – бұрын қолданылып қазірде
ескірген, қолданудан шыққан сөздер.
Диалектизм (жергілікті сөз). Бір елдің өз ішінде жеке облыс, аудандарда ғана
қолданылатын, басқа облыс, аудандардың адамдары түсінбейтін сөздер болады.
Әдеби тілдегі ең басты құбылтулардың бірі – ауыстыру, яки метафора (грекше
metaphora – көшіру) – сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не
құбылысты айқындай, ажарландыра түсу үшін олады өздеріне ұқсас өзге затқа не
құбылысқа балау; сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу,
мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту.
Метонимия – бір нәрсемен екінші нәрсені алмастырып айтудың өте ұғымды тәсілі.
Әскери адамның қарулығын, күш көрсете алатынын, қорғаушы бола алатынын осылай
айту арқылы бірден-ақ аңғартып тұр.
Символ (symbolon – шартты белгі) – бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей,
бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып,бүкпелей
бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру.
Мегзеу – алмастырудың бір түрі – бүтіннің орнына бөлшекті немесе керісінше,
жалпының орнына жалқыны немесе керісінше қолдану.
Гипербола (грекше hyperbole – үлкейтілген, қомақты); тағы бір түрі – кішірейту, яки
литота ( грекше litotes – қарапайым,қораш).