П 15 Пікір жазғандар


№7 практикалық сабақ тақырыбы



Pdf көрінісі
бет37/65
Дата27.11.2023
өлшемі0.97 Mb.
#484557
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65
әдебиет теориясы

№7 практикалық сабақ тақырыбы: Поэтикалық тіл. Өлең жүйесі мен ұйқас түрлері.
Сабақтың мақсаты: Әдебиеттану ғылымындағы поэтикалық тіл, оның басты
құрылымдары, өлең жүйесінің негіздері, қазақ өлең жүйесінің негіздері тақырыбында
мағлұматтар беру.
Сабақтың жоспары:
1.Көркем тіл. Тілдің көркем шығармадағы рөлі.
2.Тіл байлығының қайнар көздері туралы.
3.Әдеби тілді ажарлау тәсілдері
Бақылау сұрақтары:
1.Поэтикалық дегеніміз не?
2.Ұйқас деген не?
3.Қазіргі күнде қандай ұйқастың түрлерін білесің?
4.Буын және бунақ деген не?
5.Ырғақ және тармақ деген не?
Глоссарий:
Синонимия – айтылуы, естілуі әр түрлі болғанмен, мағынасы бір-біріне жуық, омонимдер
– айтылуы, естілуі бір болғанмен, мән-мағынасы әр түрлі сөздер; антонимдер – бір-біріне
кереғер, қарама-қарсы мағынадағы сөздер
Архаизм – бүгінде ескіріп, әдеттегі қолданудан шығып бара жатқан, әсіресе ауызекі
сөйлесулерде көп қолданыла бермейтін көне сөздер.
Неологизм – жалпы қоғамдық дамумен сабақтас туған жаңа сөздер. Неологизмдердің бір
алуаны – интернационалдық сөздер мен термин сөздер.
идиомалар – әр тілдің айрықша айшығы ғана емес, алтын алқасы, әр тілдің бір алуан
байлығы, інжу-маржаны, көркі.
Аллитерация (лат. ad­littera - дыбыстас) – бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау және
ассонанс (фран. assonanse­ үндес) – бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталау.
Эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз.
Әдеби тілге үстеме мағына беріп, оның көркіне көрік қосатын, сол арқылы әдеби
шығарманың
мазмұнын
құнарландырып, пішінін ажарландыратын көркемдеу
құралдарының бірі – теңеу (орысша сравнение).
Блиц -тест:
1. Қазақ поэзиясында ұйқастың неше түрі бар?
А) 12 Ә) 3 Б) 9 Г) 8
2. Мына шумақ ұйқастың қай түріне құрылған?
Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге,
Мал толтырсам деп едім...
А) қара өлең Ә) кезекті ұйқас Б) шұбыртпалы В) ерікті Г) егіз
3. Абай қолданған ұйқастың жаңаша түрі
В) абаб Ә) абвб Б) абба В) аа Г) абввб
4. Өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануын не деп айтамыз?
А) ассонанс Ә) аллитерация Б) архитектоника В) архетиптер Г) анафора
5. Қазақ өлеңі өлең жүйесінің қайсысына жатады?
А) метрикалық Ә) тоникалық Б) силлабикалық В) силлабо-тоникалық Г) силлабо-
метрикалық
6. Үннің жүйелі,мерзімді,мөлшерлі қайталануы өлеңде қалай аталады?


А) Ырғақ.
В) Бунақ.
С) Тармақ. Д) Өлшем.
Е) Буын.
7. А,а,б,а-ұйқастың қай түрі:
А) Қара өлең ұйқасы
В) Шалыс ұйқас. С) Егіз ұйқас Д) Кезекті ұйқас.
Е)
Аралас ұйқас.
8. Мұнар да мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн,
Буыршын мұзға тайған күн,
Бура атанға шөккен күн,
Бұлықсып жүрген ерлерден
Бұрынғы дәурен өткен күн.
9. Шумақтағы ұйқас түрі қандай?
А) Шұбыртпалы В) Шалыс С) Қайталама ұйқас Д) Егіз ұйқас Е) Жыр ағымы
10. «Ау қызғыш құс,қызғыш құс,
Ел қорыған мен едім,
Мен де айырылдым елімнен.
Көл қорыған сен едің
Сен де айрылдың көліңнен»,-деген өлең шумағындағы қайталау түрі:
А) Еспе қайталау. В) Әдепкі қайталау. С) Жай қайталау. Д) Кезекті қайталау. Е) Аралас
қайталау.
Әдебиеттер:
1.Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, 1992.
2.Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы,1959.
3.Дербісалин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар. Алматы, 1990.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет