Сімдіктер экологиясы



Pdf көрінісі
бет13/77
Дата06.12.2023
өлшемі1.9 Mb.
#485658
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   77
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ

фотокезеңділік (фотопериодизм) деп аталады. 


21 
6 – сурет. Жер шарының солтүстік бӛлігіндегі әртүрлі ендіктер 
бойынша күн (жарық) ұзақтығының маусымдық ӛзгерістері
(Т.К. Горышина, 1979). 
Фотокезеңдік реакциясы бойынша ӛсімдіктер негізгі үш 
топқа бӛлінеді (7 – сурет): 
1. Фотокезеңі ҧзын кҥнді ӛсімдіктер. Мұндай ӛсімдіктер 
үшін жарық кезеңінің ұзақтығы 12 сағаттан кӛбірек (14-16 сағат) 
болуы керек. Мысалы, бидай, сұлы, қара бидай, т.б. 
2. Фотокезеңі қысқа кҥндік ӛсімдіктер. Бұл ӛсімдіктер-
дің гүлденуі және жеміс беруі 10-12 сағаттық жарық кезеңінде іс 
жүзіне асады. Мысалы, кенепшӛп, мақта, темекі, т.б. 
3. Жарық ҧзақтығына тәуелсіз ӛсімдіктер. Бұлар жарық 
кезеңінің ұзақтығына бейтарап немесе аралық ӛсімдіктер. Мы-
салы, томат, бақ-бақ шӛп, т.б.


22 
7 – сурет. Ӛсімдіктердің фотокезеңділік типтері
(Б.С. Мошков, 1961). Белгілер: А – қысқа күндік (перилла); Б – ұзын 
күндік (шпинат); В – бейтарап (қыша – горчица). 
 
Қазіргі кезеңде селекционерлер ӛсімдіктердің жарық мерзі-
мінің ұзақтығына бейтарап сорттарын шығарды. Мысалы, кү-
ріш, мақта қысқа күндік ӛсімдіктер, ал Орталық Азияда
Қазақстанда, Ресейде, ӛсірілетін күріш, мақта сорттары фотоке-
зеңге бейтарап. 
 
Фотокезеңділік (фотопериодизм) – географиялық құбылыс, 
ӛйткені күн мен түннің ұзақтығы және арақатынасы сол аймақ-
тың енділік бойынша орналасуына байланысты. Сонымен бірге, 
тәуліктегі жарық уақыты – жылыну кезеңі, ал түнгі уақыт – 
салқындану кезеңі болып табылады. Яғни фотокезеңділік – 
термокезеңділікпен (жылыну немесе салқындану кезеңдерімен) 
қатар жүреді. Мұны ғалымдардың зерттеулерінен байқауға бо-
лады. Ұзын күндік ӛсімдіктер тӛмен температуралық жағдайда, 
мысалы, таулы, салқын жерлерде жарық кезеңнің қысқа болған-
ның ӛзінде де қалыпты ӛсіп дамиды. Экваторға жақын таулы 
жерлерде ұзын күндік ӛсімдіктердің кӛптеп ӛсіп дамуы осының 
дәлелі.
Күн сәулесі энергиясы физиологиялық процестерге әсер 
етуі арқылы ӛсімдіктердің формасына, сыртқы пішініне әсер 
етеді. Мысалы, ұзын күндік ӛсімдіктерді жарық кезеңнің ұзақ-
тығы 8-10 сағат жағдайда ӛсіргенде жапырақтары, сабақтары кӛ-
бірек пайда болып ӛседі, бірақ гүлдемейді немесе кеш гүлдейді. 
Ал қысқа күндік ӛсімдіктерді жарық кезеңі ұзын күндік, 14-16 


23 
сағаттық жағдайда ӛсірсе вегетативті мүшелері (жапырақ, сабақ) 
ірі болып ӛседі, бірақ дамуы, генеративті мүшелері, яғни гүлде-
нуі кешеуілдейді. Мысалы, Алматы облысы (14-16 сағат, ұзын 
күндік) жағдайында ӛсірілген қысқа күндік ӛсімдік темекінің 
жапырағы ірі болып ӛсіп, мол вегетативті масса ӛнімін береді.
Сонымен, ұзақ уақыт, миллиондаған жылдар бойы тарихи 
қалыптасқан әрбір фотокезеңдік топтағы ӛсімдіктер жарық ке-
зеңінің белгілі ұзақтығына және спектральдық құрамына бейім-
делуімен қатар, түнгі мезгілдің және салқынданудың ұзақтығын, 
белгілі температуралық қосындысын, жағдайларын талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет