Сімдіктер экологиясы


қалыңдығы келіп түскен немесе шашыраған жылу мӛлшері)



Pdf көрінісі
бет16/77
Дата06.12.2023
өлшемі1.9 Mb.
#485658
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   77
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ

қалыңдығы келіп түскен немесе шашыраған жылу мӛлшері). 


26 
Жер ғаламшарында Антарктиканың орталық аймақтарынан 
басқа жерлерде радиациялық баланстың жылдық қосынды ба-
лансы оң (+) типті. Қоңыржай ендікте және биіктік жағдайда те-
ріс (–) айлық радиациялық баланс қыс кезеңдерінде байқалады. 
Радиациялық баланс мӛлшеріне (деңгейіне) аймақтың ылғалды-
лығы, ауадағы бұлт, аэрозоль-шаң, т.б. факторлар кӛп әсер етеді.
9 – сурет. Түнде жер бетінде қалыптасатын жылу мӛлшері
(Р. Рейгер, 1960). Белгілер: 8-суреттегідей.
Биосферадағы келіп түскен сәулелі энергияның трансфор-
мациялануы, ӛзгеруі күрделі процесс және кӛптеген факторлар-
дың үйлесімді әсеріне байланысты. Нәтижесінде әрбір аймақта
зоналар, региондар мен аудандарда, әртүрлі жер бедері (рельефі) 
мен ӛсімдіктер жамылғысының әртүрлі жағдайында, тығызды-
лығында ӛзіндік жылдық, маусымдық, тәуліктік радиациялық 
баланс яғни, жылулық режимі қалыптасады. 


27 
Бұл ӛз кезегінде атмосфераның тӛменгі қабатындағы, жер 
бетіндегі, топырақтағы және судағы температура режимін, мӛл-
шерін анықтайды. Әрбір жылдағы жылулық динамикасын орта 
айлық температуралар (орта тәуліктік температуралар қосын-
дысы) анықтайды және жылулық режим биосферадағы терми-
калық белдеулерде әртүрлі болады (10-сурет). 
Сонымен, қазіргі климатология ғылымының зерттеу нәти-
желері бойынша Жер шарында негізінен 4 жылулық (термика-
лық) белдеу бар (10-сурет): 
1. Тропикалық белдеу – температура +10°С-тан тӛмен 
түспейді. Ең суық айдағы тәуліктік орташа температура +15-
20°С-тан жоғары. Температуралық айырмашылық, ауытқулар аз, 
оның жылдық мӛлшері 5
0
С-тан аспайды. Ӛсімдіктер жыл бойы 
ӛсіп дамиды. 
2. Субтропикалық белдеу. Ең суық айдағы температура 
+4
0
С-тан жоғары, ең жылы айда +20
0
С-тан жоғары. Ең тӛменгі, 
минималды температура кейбір жылдары ғана 0

С-тан тӛмен 
болады. Қыс айларында тұрақты қар қабаты болмайды. Ауыл 
шаруашылығы дақылдары үшін екі вегетациялық маусым бар, 
олар – жаздық және қыстық. 
3. Қоңыржай белдеу. Қыс кезеңі ұзақ, суық, бұл кезде ӛсім-
діктер ӛспейді, тыныштық күйде болады. Жаздық вегетациялық 
маусым бар. Суық болмайтын кезеңнің орташа ұзақтығы 70-
180 күн. Қыс айларында тұрақты қар жамылғысы бар және бұл 
кезең суық. Қайталама суық кӛктемде және күзде болады. 
4. Суық белдеу. Дақылдар ӛсетін вегетациялық кезең 1,5-
2 ай, бірақ осы кезең ішінде қайталама суық (салқын) бола бере-
ді. Қыс айларында қар қалың болып, ауа райы ӛте суық болады.


28 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет