7
1 – кесте
Ӛсімдіктер экологиясы бӛлімдері
Экология
бӛлімдері
Гидрофит-
тер
Гигрофит-
тер
Мезофит-
тер
Ксерофит-
тер
Даралар
экологиясы
(аутэкология)
Жеке организмдер арасындағы қарым-қатынас-
тарды олардың табиғи ортасымен байланыстыра
отырып зерттейді. Ӛсімдіктерге табиғат фактор-
лары қалай әсер етеді, оған организм қалай жауап
береді,
ағзадағы морфологиялық, физиологиялық
ӛзгерістер туралы мәселелер қарастырылады.
Популяциялар
экологиясы
(демэкология)
Ӛсімдіктер популяцияларының қоршаған ортаға
қатынасы ерекшеліктерін,
биологиялық құрылы-
мын, табиғаттағы сан мӛлшерінің реттелуі, ауыл-
шаруашылығындағы маңызы зерттеледі.
Қауымдастықтар
экологиясы
(фитоценология,
экожүйелер)
Бірлестіктер экологиясы (фитоценология) ретінде
әртүрлі түрлерге жататын фитоценоздардың құ-
рылымы мен динамикасын, қалыптасу ерекшелік-
терін және қоршаған ортамен ӛзара қатынасын,
әсерлесуін біртұтас организмдер жиынтығы дең-
гейінде зерттейді.
Адамзат
тіршілігі және
ӛсімдіктер әлемі
(агрофито-
ценология)
Адамзат тіршілігіне қажетті азықтүлік және шикі
заттарды ӛндіру
мәселелері, экожүйелердегі ӛза-
ра байланыстарды ескере отырып, ауылшаруашы-
лығы дақылдары мен табиғи ӛсімдіктердің ӛнім-
ділігін арттыру, ӛсімдіктер әлемінің генетикалық
қорын сақтау, қорғау, байыту мәселелері қарасты-
рылады.
Абиотикалық факторлар тӛмендегіше жіктеледі:
а)
климаттық – жарық, жылу, ауа, оның құрамы, қозғалыс-
тары, ылғал (жауын-шашын, топырақтағы және ауадағы ылғал-
дылық);
б)
эдафикалық (немесе топырақтық) – топырақтың меха-
никалық және химиялық құрамы, физикалық қасиеттері;
в)
топографиялық –
жердің ойлы-қырлылығы, яғни рельефі.
Достарыңызбен бөлісу: