5
тіршілік формалары», «Антропогендік факторлардың ӛсімдіктер
тіршілігіне әсері».
Пәннің талаптары мен оқытудағы міндеттері
Ӛсімдіктердің тіршілік қызметіне әсер етуші факторлардың
ерекшеліктері
мен заңдылықтары; факторлардың жеке немесе
топтық әсеріне ӛсімдіктердің реакциясы (жауабы); ӛсімдік және
орта жүйесіндегі негізгі процестер,
қарым-қатынас механизм-
дері мен қызметтік (функционалдық) байланыстары, ӛсімдіктер-
дегі зат алмасу, қоршаған ортамен энергия алмасу ерекшелік-
тері; экологиялық факторлардың
орын ауыстырмайтындығы
мұқият түсіндіріледі.
Студенттер экологиялық морфология, ӛсімдіктер анатомия-
сы және морфофизиологиялық ерекшеліктері жӛніндегі сандық
және сапалық кӛрсеткіштер мен әдістерді зерттеп, іс жүзінде
дұрыс және біліктілікпен
қолдана алуы тиіс, зерттеу материал-
дары бойынша нақтылы,
бағалы қорытындылар жасап, оларды
іс жүзінде пайдалану керек. Курсты оқу процесінде ӛсімдіктер
экологиясы туралы алған білімдерін ӛсімдіктердің жақсы да-
муына мүмкіндік (жағдай) туғызатын экологиялық-практикалық
міндеттерді шешуде пайдаланып, іс жүзіне асыруы тиіс.