156
Ұлттық банк ақша ұсынысын қысқартқан жағдайда ақша
ұсынысының қисығы солға жылжиды, пайыз мөлшерлемесі өседі
(6.7-сурет).
6.7-сурет. Ақша ұсынысы қисығының жылжуы
Ақша нарығындағы тепе-теңдіктің
ұзақ уақыт сақталуы ба-
ғалы қағаздар нарығы жақсы дамыған жағдайда ғана мүмкін бо-
лады.
Енді бағалы қағаздар нарығына біршама тоқталып өтсек.
Макро экономикада бағалы қағаздар нарығын əдетте, облигация-
лар нарығы деп атайды.
Бағалы қағаздар нарығы – бұл құнды
қағаздар (облигациялар) айналымы арқылы қаржы ресурста-
рына деген ұзақ мерзімдік қажеттіліктерді
қанағаттандыратын
жəне жинақ ақшаларды инвестицияларға айналдыратын қаржы
нарығының құрамдас бір бөлігі.
Бағалы қағаздар – бұл пайыз немесе дивиденд түрінде табыс
көзін төлеуді қарастыратын сол
құнды қағазды шығарушы мен
оның иесі арасындағы қарым-қатынастармен анықталатын қарыз
құралдарын иемденумен байланысты қаржылық құжат. Осын-
дай құжаттардың төңірегінде тұлғалар арасында ақшалай жəне
ақшалай емес құқықтармен алмасу мүмкіндіктері жүріп отырады.
Макроэкономикада бағалы қағаздар нарығы екіге бөлінеді:
1. Бірінші реттік нарық – жаңа құнды қағаздардың эмиссия-
сы жасалатын нарық жəне құнды қағазды шығарушы-эмитенттің
атаулы бағамен сол құнды қағаздарды нарықтағы инвесторларға
сатуын сипаттайтын қатынастар.
2. Қайталама нарық – бұрын шығарылған құнды қағаздарды
157
қайта сату-сатып алу қатынастары орын алатын нарық. Мұндай
нарықта көбінесе облигациялардың нарықтық (курстық) бағасы
анықталады. Облигацияның курстық бағасы мына формуламен
анықталады:
В = а / i
мұнда, В –
облигация курсы; а – облигациялар бойынша
табыстың тіркелген сомасы; і – пайыздың ағымдық қойылымы.
Алайда, макроэкономикада
ақша нарығында тепе-теңдік
орын алғанда біз бағалы қағаздар (облигациялар) нарығындағы
тепе-теңдікті де ұмытпағанымыз жөн. Кейбір отандық əдебиет
көздерінде ақша нарығы мен облигациялар нарығы өзара бір-
бірімен байланысқан «сыбайлас тамыр жүйесі»
секілді деп си-
патталады.
Достарыңызбен бөлісу: