Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Практика сабағының жоспары



Pdf көрінісі
бет110/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   309
Макроэкономика

Практика сабағының жоспары:
Практика сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған, 
тақырыптың негізгі теориялық сұрақтарын пікірталас, ауызша жауап 
беру, дискуссия, сұрақ-жауап жəне т.б. ұйымдастыру əдістері арқылы 
жүргізілуі тиіс. 
Мақсаты: ақша нарығындағы тепе-теңдікті талдау, ақша агрегат-
тары мен ақшаның массасын қарастыру, ақшаға сұраныс теориялары-
на, соның ішінде Баумоль-Тобин үлгісіне тоқталу, ақша ұсынысының 
үлгісін сипаттау. Бағалы қағаздар нарығын талдау. Осы мақсатқа жету 
үшін семинар сабағында тақырып бойынша мынадай сұрақтардың 
мəнін ашу керек:
1. Ақша: түсінігі, қызметтері, агрегаттары.
2. Ақша деген сұраныс теориялары. (Классикалық, Кейнстік, Бау-
моль-Тобин үлгілері).
3. Ақша ұсынысының үлгісі, ақша мультипликаторы, ақша нары-
ғындағы тепе-теңдік.
4. Бағалы қағаздар нарығы.
СОӨЖ жəне СӨЖ тапсырмалары:
Мақсаты: тақырыптың негізгі мəселелі сұрақтарын ұсынылып 
отырған əдебиет көздеріне көздеріне қарап терең меңгеруге мүмкіндік 
алу жəне төмендегі тапсырмаларды орындау арқылы тақырыпты бекіту.


161
1. Тақырып бойынша э ко н ом и ка л ы қ с ө зд і к (глоссарий) 
жасау.
2. Тақырып бойынша л о г и ка л ы қ схе м а л а р құрастыру.
3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:
- Қазақстандағы ақша нарығы, айналымдағы ақша массасының
құрылымын анықтау жəне негізгі ақша агрегаттарына сипаттама беру;
- ҚР бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары;
- Қор биржалары жəне қор индекстері. Қазақстандағы қор биржа-
лары.
4. Өзіндік жазба жұмыстар (конспект):
- Ақшаға деген сұраныстың монетаристік тұжырымдамасы. 
- Бағалы қағаздар (облигациялар) нарығындағы тепе-теңдік. 
5. Жаттығулар, есептер жəне т.б. тапсырмалар:
1. Келесідей мəліметтер берілген: cr = 20%, rr = 12%, С = 200 000, 
мұнда, cr – халықтағы қолма-қол ақшаның депозит шамасына үйлесімі; 
rr – міндетті резервтер нормасы; С – айналыстағы қолма-қол ақша. Табу 
керек:
а) ақша мультипликаторын;
ə) ақша ұсынысын.
2. Депозиттерді резервтеудің нормасы 0,25-ке тең. Ал депозиттеу 
коэффициенті 0,4-ке тең. Ақша мультипликаторының шамасын анық-
таңыз.
3. Банкте 10 млн. теңгеге депозит сақтаулы. Міндетті резервтер нор-
масы 25%-ды құрайды. Алдымен, 1 банктің, содан соң барлық банктік 
жүйенің ақша ұсынысын ұлғайта алу шамасын анықтаңыздар.
4. Айталық, фирма Алтын деген қызметкеріне ай сайын оның шо-
тына 200 мың теңге аударады. Банкке 1 рет барудың шығындары 60 
теңгеге тең. Ал пайыздық қойылым 20%-ға тең.
Баумоль-Тобин үлгісін қолдана отырып мыналарды анықтаңыз:
а) банкке барудың оңтайлы санын;
ə) 1 айдағы қолма-қол ақшаның орташа шамасын.
5. Ақшаға трансакциондық сұраныстың шамасы 200 млрд. теңгені 
құрайды. Пайыз мөлшерлемесінің 10, 9, 8 деңгейлері кезінде активтер 
тарапынан ақшаға сұраныс (спекулятивтік сұраныс) көлемі сəйкесінше, 
50, 70, 90 млрд. теңгеге тең. Ақша ұсынысы 290 млрд. теңгеге тең 
11–533


162
болғандағы пайыздың тепе-теңдік мөлшерлемесінің қаншаға тең бола-
тындығын анықтаңыз. Жауабыңызды график арқылы түсіндіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет