ΔY
s
t
= δ × K
t
= δ I
t-1
.
Осы t жыл мерзімінде игіліктерге сұраныстың өсімі мульти-
пликатор əсеріне негізделеді:
ΔY
d
t
= ΔI / S
Y
,
мұндағы, S
Y
– жинақтауға деген шекті бейімділік.
Теңгерімді өсу теңдеуі – бұл сұраныс өсімі мен ұсыныс
өсімінің теңесуі:
ΔY
d
t
= ΔY
s
t
Сонымен, үлгінің аталған алғышарттарына сəйкес, игіліктер
нарығындағы тепе-теңдікті жəне толық жұмысбастылықты ұстап
тұру үшін инвестиция көлемін тұрақты түрде берілген қарқынмен
арттырып отыру қажет. Олай болса, Домар үлгісін, оған мынадай
анықтама беру арқылы қорытындылаймыз.
Евсей Домардың экономикалық өсу үлгісі – уақыт тала-
бына сай жиынтық сұраныстың ұлғаюындағы жəне жиынтық
ұсыныстың өндірістік қуатын арттырудағы инвестицияның екі-
жақты рөлін зерттейтін жəне ұзақ мерзімде толық жұмыс бас-
тылыққа жетуді қарастыратын қарапайым неокейнстік үлгі.
Харрод үлгісі экономикадағы функционалдық байланыстар-
ды сипаттайтын теңдеулерден құралады жəне кəсіпкерлер дің
психологиялық мінез-құлықтарын талдауға негізделеді. Мұн да
акселератор ұстанымы ескеріледі. Бұл модель 1939 жылы жа-
салып, экономикалық өсудің жалпы теориялық негіздерін қа-
лыптастыруға негіделген.
Үлгіде тек игіліктер нарығы ғана қарастырылады жəне ол мы-
надай алғышарттарға негізделеді:
− модельде инвестиция эндогендік функция ретінде қарас-
тырылады;
− капитал сиымдылығы шамасы (K/Y) тұрақты;
− кəсіпкерлердің мінез-құлқы тауарлар мен қызметтерге деген
сұранысқа байланысты күтімдеріне негізделеді.
|